1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Жаңа форматты сабақтың тиімділігін айту



бет69/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

7.Жаңа форматты сабақтың тиімділігін айту
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Білім беру үрдісіндегі басты мақсат-оқу дағдысын, жалпы мәдениеттілігін, оқушылардың білімділігін қалыптастыруға, алған білімдерін өз бетімен қоғамда орынды қолдана білуіне және өздігінен білім алуға, өзіне қажетті ақпараттарды тиімді пайдалануға қажет. Оқыту үрдісінде баланың дара ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім оқушының жұмыс жасау қарқынына сай әрекет ете білуі керек. Оқушылардың білім сапасын көтерудегі аса маңызды қажеттіліктің бірі- олардың жаңа материалды үйренуге ынтасын арттыру болып табылады. Осы әрекет – оқу жұмысында үздіксіз жүріп отыратын жүйелі үрдіс. Бұл – оқуға, жазуға, есептеуге, ойлауға сөйлеу мәдениеті дағдысы мен іскерлігін қалыптастыратын бастауыш сыныптарында маңызға ие.
Өзінің барлық сабағын түрлендіру арқылы оқушының қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін оятып, қабілетін арттыру қай мұғалімнің болса да басты міндеті. Бүгінгі таңдағы кез-келген сабаққа қойылатын талап- оқушының ойын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдау болып отыр.Сабақ барысында тек білімнің ғана емес тәлімді тәрбиенің де берілуіне ықпал жасау, үлес қосу.
Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып оқытудың негізгі түрлері- оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.
Мен өз сабағымда жоспар құру барысында ең бірінші алға қоятын принципім – ол оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс- сұрақ жауап, әңгімелесу, диалог. Бұл ретте оқушылар бір-бірімен білім алмасады, бір-бірімен қарым қатынас жасай алады,ойлау деңгейі, сөйлеу дағдысы артады. Ал білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын, АКТ-ні қолданамын. Қабылдау деңгейіне қарай тапсырмалар беремін. Оқушыларға топта жұмыстану барысын үйретуде ең әуелі топтық ережені құру керектігін айтамын және де сол ережеге сүйеніп өз-өзін реттеуін қадағалаймын.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет