1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


сұрақҚР бастауыш білім беру саласындағы нормативтік құжаттарына талдау жасау



бет67/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

4сұрақҚР бастауыш білім беру саласындағы нормативтік құжаттарына талдау жасау
Мемлекеттік білім беру стандарты
Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады.
Бастауыш білім беру стандарты
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын.
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ - білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге септігін тигізетін, мақсаттар мен міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқыту процесін ұйымдастырудың және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі қағидаттарын, білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік құжат.
Оқу жоспары-Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл — орыс тілі, матема-тика, дүниетіну, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат. Әр сатыдағы білім мазмұны. Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады. Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің негізгі оқу жоспары 1-4 сыныптарга арналған оқу жоспары (1998) Осы жоспар мектептегі оқу-тәрбие процесін реттеп отырады. Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары - негізгі мемлекеттік құжат, мемлекеттік стандарттың қүрамдас бөлігі. Негізгі оқу жоспарына 7 білімдік сала, атап айтсақ, тіл мен әдебиет, жаратылыстану, қоғам тану, адамтану, математика, өнер, технология курстары енгізілген. Осыған байланысты оқу жоспарында инварианттық (мемлекеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктер белгіленген. Мемлекеттік бөліктегі оқу пәндерін білім беретін ұйымдардық барлығы оқытуға міндетті. Мектептік бөлік баланың жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін ескере отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аймақтың әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарап жекелеген курстарды енгізуіне болады. Мектептік бөліктің пәндерін жергілікті жерлер анықтайды.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат. Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.
Оқулық-Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.
Оған қойылатын талаптар:
- қысқа, нақты, деректі материалдардың енгізілуі;
-ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
-балаларға түсініктілігі;
-баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
-оқулықтың өз ғылымының, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
-білімнің әр саласынан хабар беруі;
-оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
-оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек.
-қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
-әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
-эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет