1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


ҚР Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау жасау. ҚР бастауыш білім беру мазмұнын талдау жасау(ТУП), (ТОЖ)



бет65/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

2.ҚР Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау жасау. ҚР бастауыш білім беру мазмұнын талдау жасау(ТУП), (ТОЖ).
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы.
Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.
Білімнің зайырлылығы.
Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау.
Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы.
Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
Білім беру саласының информатикаландырылуы.
Білім берудің мемлекеттік стандарттар
оқу жоспары
– оқу бағдарламасы
оқулықтар және оқу қуралдар жатады.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін қайталап оқу көзделеді.Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды. Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады.Оқу жоспары Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл — орыс тілі, матема-тика, дүниетіну, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат. Әр сатыдағы білім мазмұны. Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады. Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің негізгі оқу жоспары 1-4 сыныптарга арналған оқу жоспары (1998) Осы жоспар мектептегі оқу-тәрбие процесін реттеп отырады. Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары - негізгі мемлекеттік құжат, мемлекеттік стандарттың қүрамдас бөлігі. Негізгі оқу жоспарына 7 білімдік сала, атап айтсақ, тіл мен әдебиет, жаратылыстану, қогам тану, адамтану, математика, өнер, технология курстары енгізілген. Осыған байланысты оқу жоспарында инварианттық (мемлекеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктер белгіленген. Мемлекеттік бөліктегі оқу пәндерін білім беретін ұйымдардық барлығы оқытуға міндетті. Мектептік бөлік баланың жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін ескере отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасы Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.
Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер. Бағдарламаны оқушының меңгеруі - оқыту процесінің тиімділігінің негізгі өлшемі. Оқу пәнінің бағдарламасы әр түрлі ғалымдардың еңбектерінің жемісі. Нақты ғылым салаларының өкілдері білім, іскерлік, дағдылардың негізгілерін анықтайды, педагогтар мен психологтар оларды балалардың жас мүмкіндіктеріне қарай бөледі, әдіскерлер әдістемелік құралдар жазады.Оқулық Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді. Оған қойылатын талаптар: - қысқа, нақты, деректі материалдардың енгізілуі; - ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы; - балаларға түсініктілігі; - баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет