Педагогиканы философия ілімінен чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) ажыратуға болмайтынын дәлелдеді, Ол кісі педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның 1854 жылы Амстердамда шыққан «Ұлы дидактика» кітабы — педагогика саласына арналған тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек болды. Ондағы айтылған пікірлер мен идеялар қазірге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Оның сынып- сабақтық жүйесі болса педагогикалық теорияның негізі болып дамып келеді. Ағылшын философы әрі ағартушысы Джон Локктың (1632 - 1704 ж) Я.А. Коменскийден айырмашылығы ол тәрбие теориясына басты назар аударды. Ол «Тәрбие туралы ойлар» атты еңбегінде білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеуді мақсат етіп қояды. Тапсырмалар. 1.Педагогика алғашында мына ғылым аясында болды В) Философия
2.Педагогикаға қатысты “Ұлы Дидактика” кітабі мына қалада жарық көрді А) Амстердам
3. “Тәрбие туралы ойлар” атты еңбектің авторы А) Я.А. Коменский
4.Дидактика мына ғылым саласына жатады: С) Педагогика
5.Кәсіби қызметке, білікті маманға дайындайтын педагогика саласы: Е) Кәсіби педагогика
Сұрақ 2
V1
Қазақ мемлекеттік университеті республикадағы тұңғыш жоғары оқу орны болды. 1928 жылы шаңырақ көтерген бұл білім ордасында физика-математика, жаратылыстану және лигвистика-педагогикалық бөлімдерден құралған жалғыз факультет болды. Алғашқы кезде мұнда үш факультет: педагогикалық, ауылшаруашылық, медициналық факультеттерін құру жобаланды, олар 1932-1933 оқу жылында дұмыс істеуге кірісуі тиіс болатын. Алайда халыққа білім беруді қарқынды түрде өркендету мақсатымен жаңадан ашылған жоғары оқу орнын дербес педагогикалық институт ретінде қалыптастырып, дамыту қажет болды. Сондықтан 1930 жылы университет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты деп атала бастады да, 1935 жылы оған ұлы ақын Абайдың аты берілді.