1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Қойдың жыбырлақ ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет119/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131
29.Қойдың жыбырлақ ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) – геморрагиялық энтеритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру.

Тарихи деректер. Бұл ауру Қазақстанда "жыбырлақ" деген атпен ертеден белгілі. Арнайы басылымда "жұмсақ бүйрек" аталып 1910 ж Тасманияда сипатталды. 1926 ж Бейнете Австралияда қозының аш ішегінен қоздырушы микробты бөліп алып, Bacillus ovitoxicus деп атады. 1964 ж. Монғолияда бұл ауру түйеде анықталды. Ауырған түйелерден қоздырушы ретінде Cl.perfringens бөлініп алынды. Зерттеушілердің мәліметіне қарағанда түйенің энтеротоксемиясы Арабия түбегінде және экваюрлық Африкада кездеседі.

Қоздырушысы – Cl. perfringens микробының әр түрлі типтері: негізінен Bac.oritoxicus аталатын Д-типі, Bac.paludis аталатын С-типі. Bac.ovitoxius қойдың энтеротоксемиясының негізгі қоздырушысы болып табылады, сонымен қатар ешкілер мен бұзауларда да энтеротоксемия қоздырады. Bac.paludis қойдың энтеротоксемиясының қоздырушысы болумен қатар, түйенің энтеротоксемиясының негізгі қоздырушысы және ешкілер мен торайларда да ауру қоздырады. Энтеротоксемияның қоздырушылары біршама ірі, жуантық (4-8x1-1,5 мкм) қозғалу қабілеті жоқ, шеті шорт кесілген немесе аздап дөңестеу таяқша.

CL. perfringens, әсіресе оның спорасы сыртқы ортада өте төзімді. Споралары қайнатқанда 15-20 мин. өткенде өледі, топырақ пен суда 20 айға дейін, жүн мен теріде 2 жылға дейін сақталады. Дезинфекция үшін 5 % белсенді хлоры бар әк, 10%-ды 70°С-қа қыздырылған күйдіргіш натрий, 5-10% формальдегид, 15% 70-80°С-қа қыздырылған күкірт-карбол қоспасын пайдаланады.

Жұқпалы энтеротоксемиямен табиғи жағдайда қойдан басқа сиыр, ешкі, түйе, жылқы, шошқа, жабайы аңдар ауырады. Індеттің басты ерекшелігі аурудың бір жерде тұрақтанып орын тебуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет