1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Трихофития ауруының клиникалық белгілері



бет127/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

37.Трихофития ауруының клиникалық белгілері. Трихофития (Trichophytia) – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton туыстастығының өкілдері.

Жасырын кезеңі 6-30 күн. Дерт процесінің салмағына байланысты аурудың үстірт, терең (фолликулалық) және өшкін (кәдімгі емес) түрлерін ажыратады.



Үстірт түрі. Алғашқыда теріде жүн ұйпаланған, мөлшері 1-5 см, дөңгелек дақ пайда болады. Сипап көргенде ұсақ бүртіктер сезіледі. Біртіндеп дақ ұлғая бастайды, оның беткі қабаты бастапқыда сыдырылады да, кейіннен асбест тәрізді қабыршақ пайда болады. Қабыршақты сыпырып алғанда, астында жүні сыдырылған терісінің суланған қабаты көрінеді. Дененің зақымданған тұсы қышынады. 5-8 аптадай уақыт өткенде қабыршақ түсіп қалады да, орынында жаңадан жүн шыға бастайды.

Терең түрі кезінде терінің қабынуы күштірек байқалады да, ауру ұзаққа созылады. Әдетте ірің бөлінеді де, қураған экссудат кепкен қамыр тәрізді қалың қабыршақ түзеді. Ауру ұзаққа созылып (2 айдан артық), жазылған жердің орнында тыртық пайда болуы мүмкін. Жас малдар ауырған кезде қатты жүдеп өспей қалады.

Өшкін түрі әдетте жаздың күні сақа жануарларда байқалады. Ауырған малдың басында, кейде денесінің басқа да жерлерінде жүні түсіп, беткі қабаты сыдырылған ошақтар байқалады, бірақ та, айтарлықтай қабыну процесі болмайды. Қабыршақты сыдырып алғанда тегіс, тақыр тері көрінеді. Ол жерде 2 апта өткенде қайтадан жүн шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет