1.Эпизоотологиялық – аусылдың эпизоотологиясының ерекшелігі қоздырушының биологиялық қасиеттеріне байланысты. Бұл ауру өте жұқпалы контагиозды /жұғымтал/ түрде өтеді, ал инкубациялық кезеңі қысқа болады, індеттің экологиясы вирустың мал организмінде ұзақ уақыт болуымен байланысты. Аусыл вирусының ең кең таралған А, О, С түрлері, ал SАТ1, SАТ2, SАТ3 түрлері тек Африка мемлекеттерінде кездеседі. Азия 1 түрі Азия мемлекеттерінде ғана болады.