1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Сақау ауруының клиникалық белгілері



бет57/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131
9.Сақау ауруының клиникалық белгілері. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – жіті өтетін, мал денесінің ыстығы көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып және жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж Шютц анықтады. Қоздырушысы – Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Мұнымен әдетте 5 айдан 1,5 жасқа дейінгі құлындар ауырады.

Аурудын айқын белгілері – қоздырғыш микро құлынға жұққаннан кейін 5-15 күн аралығында біліне бастайды.

Алғашқы кезенде ауру құлынның дене қызуы кенеттен 40-41 градусқа дейін көтеріліп, бір апта бойына төмендемейді. Құлын аяқ астынан селқоз болып, енесін емуден және жемшөп жеуден қалады. Су ішкен кезде қиналып ішетін болады. Танауынан алғашқы кезде аздап сілекей араласқан сұйық су ағады, кейіннен ол қоюланып, кілегейге ұқсас ірің ағады.

Құлынның жұтқыншағы мен өнешін қолмен басып көргенде, ол қатты ауырсынады, басын алып қашып, қолға ұстатпайтын болады. Малдың алқымының астында орналасқан бездер шошынып көлемі ұлғайып, жай қолға бірден байқалады. Қолмен сипап көргенде, ол алақанға қатты, ыстық болып білінеді. Кейіннен аурудың беті қайтып, жазылайын дегенде, ол жұмсарып жарылады, сарғылттау түстес қоймалжың ірің ағады.

Ол ісік-жара жарылғаннан кейін ауру құлынның дене қызуы төмендеп 37,5-38 градусқа тең болады. Осыдан бастап малдың жалпы күйі жақсарып жемшөпке суға деген тәбеті ашылып оңала бастайды. Ал егер сақау шыққан құлынға тиісті күтім жасалмаса емдеу жүргізілмесе ол өлім-жітімге ұшырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет