1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет58/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131
10.Сақау ауруының патогенезі. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – жіті өтетін, мал денесінің ыстығы көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып және жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж Шютц анықтады. Қоздырушысы – Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Мұнымен әдетте 5 айдан 1,5 жасқа дейінгі құлындар ауырады.

Сақау стрептококтары денеге енген соң олардың токсиндерінің әсерінен танау қуысы мен аңқаның кілегейлі қабықтары катарлы іріңді қабынуға ұшырайды. Аңқаның жіті қабынуынан малдың шөп жеуі мен су ішуі қиындап, ентігу мен жөтел пайда болады. Қабынған алқым сөл түйіндері тез үлкейіп, сипағанда тығыз, ыстық болып, ауырсынады. Ауру басталғаннан 7-10 күн ішінде олар іріңдеп (абсцестеніп) бір жерінен жұмсара, жұқарып барып, жарылады. Егер абсцесса сыртынан жарылса, онда ұзамай қабыну экссудаты тарқап, дене қызуы төмендеп, іріңдеген жері дәнекер ұлпалармен тола бастайды. Мұрыннан аққан ірің тоқтап, 2-3 аптада мал клиникалық (сырттай) жазылады. Егер абсцесса аңқа ішінде жарылса, онда ірің кеңірдекке түсіп, ұзамай сепсис басталады. Мүндай жағдайда әлбетте мал өледі. Кейде ауру мал бірден құлайды да, ұзамай өліп кетеді. Көбінесе кеңірдектің кілегейлі қабығы мен өкпе іріңді-катарлы қабынып, 2-3 күнде ауру мал өледі. Кей жағдайда кеңірдек пен жуан бронхалар да іріңге бітіп қалуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет