1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Сақау ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет59/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131
11.Сақау ауруының патанатомиялық өзгерістері. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – жіті өтетін, мал денесінің ыстығы көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып және жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж Шютц анықтады. Қоздырушысы – Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Мұнымен әдетте 5 айдан 1,5 жасқа дейінгі құлындар ауырады.

Өлген малды сойып көргенде жұтқыншақ пен жоғары тыныс жолдары кілегей қабықтарының іріңдеп қабынғаны байқалады. Зақымданған бездерден, ал сақау асқынған болса, өкпеден және басқа органдардан үлкен-кішілі бітеу жаралар табылады. Ірің жағындысында сақау стрептокогы кездеседі. Жақ асты шықшыт бездері мен ішкі органдарының (сөл бездері, бүйрек, бауыр, өкпе талақ, т. б.) іші қою іріңге толған.

Сақау кәдімгі түрінде өрбісе алқымдағы сөл түйіндерінде іріңді, ал аңқа мен мұрынның кілегейлі қабығында катарлы іріңді қабыну байқалады. Сақаудың метастазалық түрінде іріңді ошақтарды сөл түйіндерінде, ішкі ағзаларда, буындар мен желінде кезіктіруге болады, кейде перитонит немесе плеврит ұшырайды. Егер мал күпті сақаудан өлсе, онда көмейдің, жұтқыншақтың, мұрын қуысының кілегейлі қабығы ісініп, жалқақтанады. Оларда көптеген қанталаған дақтар, өліеттенген, ойылған телімдер кездеседі. Тері астындағы шелде қанталаған орындар, көлемді, сары түсті жалқақтар ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет