1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Орнитоз ауруының емі күресу шаралары



бет104/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131
14.Орнитоз ауруының емі күресу шаралары. Орнитоз (Ornithosis, орнитоз) – негізінен жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары мен конъюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру. Қоздырушысы – Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді мөлшері 0,2-1,5 мкм, тіршілік циклы міндетті түрде торша ішінде өтетін микроорганизм.

Хлортетрациклинмен, террацилинмен, тетрациклинмен тиімді емделеді. Бұл препараттар құс организмінде орнитоздың көбеюін тежейді. Бірақ клиникалық сауыққан құс вирусты алып жүруші болып есептеледі. Сондықтан ауру құсты өлтіреді, еті дәлелдейді.

Экзоотикалық құстарды әсіресе тоты құсты әкелуді бақылау үшін ол әкелінген жердің аурудан сау екенін білу керек және әкелінген соң 3 апта карантинге қойып, міндетті түрде зертханалық зерттеу жасау керек. Орнитозды анықтаған жағдайда құс шаруашылығы аурудан сау емес болып жарияланады. Құсты шаруашылықтан алып шығуды, әкелуді, топтарды бір-бірімен ауыстыруға тыйым салынады ауру және ауруға күдікті құстарды тез арада өлтіреді. Етті қайнату арқылы залалсыздандырады. Жұмыртқаны хлораминмен және сынап-кварц шамымен залалсыздандырады. Ауру құспен бірге тұрған клиникалық сау құстың бәрін өлтіреді. Қанаттарын, қауырсынын өртейді немесе дезинфекциялайды. Қораларды 5% хлорлы әкпен, белсенді хлоры бар және 10% лизол ерітіндісімен дезинфекциялайды. Шектеуді ең соңғы рет құс ауырғаннан кейін 6 аптадан кейін алып тастайды. Құстарды бағып-қағатын жұмысшылар, кәдімгі жұмыс киімінен басқа қорғаныс көзәйнектерімен және мақта дәкелі маскалармен және респираторлармен қамтамасыз етіледі. Олар қолдарын міндетті түрде сабынмен жуып, одан кейін 0,5% хлораминмен дезинфекция жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет