1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Лейкоз ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет112/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131
22.Лейкоз ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Құстың лейкозы (Leucosis avium, лейкоз птиц) – жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетін, қатерлі ісіктің пайда болуымен ерекшеленетін созылмалы жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш рет құстың лейкозы туралы мәліметті Каприни (1896) берді. Аурудың қоздырушысы вирус екенін Эллерман мен Банг (1908) дәлелдеді. 1910 ж. Роус кейін өзінің атымен аталған саркоманың вирусын бөліп алды. Биггс (1963) лейкоз вирустардың антигендік ерекшелікгеріне негізделген классификациясын ұсынып, аурудың этиологиясының ғылыми бағдарын жасады.

Қоздырушысы – Avianleukemia oncovirus жалпы атауына біріккен онкарновирустардың екі тобын қамтиды. Олар лейкоз-саркома кешенінің вирусы (ALV) және ретикулоэндотелиоз вирусы (LEV). Құс лейкозының вирусын ісікті ағзада, қанда, жұмыртқада табуға болады.

Құстың лейкозының вирусы тіршілігін - 40°С-та 21 күн, -70°С-та - 30 күнге дейін сақтайды. 40°С-қа қыздыру 2-6 сағатта өлтіреді.

Лейкозбен тауық жиі ауырады, сонымен қатар бұл ауруға күрке тауық, мысыр тауығы, қаз, үйрек, қырғауыл, тоты, бөдене, тағы басқа құстар шалдығады. Лейкоздың қоздырушысының бастауы – ауру және вирус алып жүруші тауықтар. Вирус организмнен негізінен нәжіспен және жұмыртқа арқылы бөлінеді, мұрыннан аққан сорада, бөтеке безінің секретінде кездеседі. Зарарланған жұмыртқадан шыққан балапанның 80% - дайы өмірінің алғашқы күндері-ақ лейкозбен ауырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет