1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Орнитоз ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет101/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   131
11.Орнитоз ауруының патанатомиялық өзгерістері. Орнитоз (Ornithosis, орнитоз) – негізінен жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары мен конъюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру. Қоздырушысы – Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді мөлшері 0,2-1,5 мкм, тіршілік циклы міндетті түрде торша ішінде өтетін микроорганизм.

Аурудың жіті кезеңінде өлген құста мұрын қуысында, трахеяда, бронхтарында кілегейлі-ірімшік тәрізді зат жиналып қалады, кейде ошақты катарльды пневмония да болуы мүмкін. Ауа қапшықтары мөлдір емес, қалыңдаған,. Қарабауыр мен бауыр кейде шафран түсті, ұлғайған, көтеген тары дәнінің көлеміндей некрозды ошақтары бар. Бүйректері ісінген, сұр түсті, ішектің кілегей қабығы катаральды қабынған.

Аурудың ұзақтығы мен клиникалық түріне байланысты болады. Өкпенің шашыранды қабынуы мен көкірек қуысында фибринді экссудат болуы мүмкін. Бауыр мен көкбауыр ұлғайып, түсі өзгереді, өліеттенген ошақтар мен қанталаулар кездеседі. Сірі қабыктарында жабысқақ фибринді экссудат болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет