1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Құтыру ауруының емі, алдын алу шаралары



бет17/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131
13.Құтыру ауруының емі, алдын алу шаралары. Құтырық (лат. Lуssа, ағыл. rabies) – судан қорқу, гидрофобия адам мен жануарлардың жіті жұқпалы ауруы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын ауру.1903 жылы Ремленже және Риффат – бейвирустың сүзгіден өтетіндігін дәлелдеді. Осы жылы венгр ғалымы А.Негри құтырықтан өлген адам мен жануарлардың ми клеткаларында вирусқа тән қосындылардың болуын хабарлады. Ал бұған дейін, 1887 жылы осы қосындыларды құтырықтың балауында шешуші рөлін анықтаған румын микробиологы Бабеш 1950 жылы Прагада микробиологтардың Халықаралық конгрессінің шешуі бойынша бұл клеткадағы қосындыларды Бабеш-Негри денешіктері деп атады.

Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор. Емдеу жүргізілмейді. Ауырған жануарларды көп ұстау адамдардың ауруына әкеліп соқтыратындықтан, ауырған жануарларды тез арада өлтіреді.

Құтырыққа қарсы тірі және инактивтелген вакциналар бар. Иттерді вакциндеу үшін инактивтелген фенолвакцина қолданылады. Сонымен қатар, ВГНКИ-ың кептірілген этанолмен инактивтелген вакцина, b-пропилактонмен инактивтелген культуралды (ВНК-21) вакцина; SАО штамынан – тірі культуралды антирабикалық вакциналар бар. Құтырыққа қарсы химиялық гендік инженериялық вакциналар да ұсынылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет