1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Аусыл ауруы - эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет19/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   131
15.Аусыл ауруы - эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері. Аусыл – Аphtae episooticae – жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Аша тұяқты малдың тері мен кілегей қабықтарына күлдіреуіктер шығарып зақымдайтын, вирустың қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру.Бұл аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол /енеке/, антилопа және т.б. ауырады.

Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары, желін, тұяқ арасы, жұлық, миокард, бұлшық еттің везикулярлы /күлдіреуікті/ зақымдануларымен сипатталады.



Қоздырушысы. Қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустарға тобына, пикорнавирустар тұқымдастықтың, афтовирус туыстығына жатады. 1898 жылы бұл вирусты Леффлер мен Фрош ашқан.

Ауру алғаш басталған кезде вирустар теріде және кілегей қабықтарға шыққан күлдіреуіктерде болады, ал кейіннен ол ауру малдың қанында, нәжісі мен несебінде болады. Күлдіреуіктегі вирустар бөліп шығарады да, олар малдың қаны арқылы олардың денесіне тарап, организмді уландырады. Вирус жұққаннан кейін 12-14 сағатта қанға тарайды да, малдың дене қызуы кәтеріліп, жалпы жағдайы нашарлайды.

Аусылдың қоздырғыш-вирусы сыртқы ортаның қатерлі әсері төзімді келеді. Мәселен, олар малдын қиында – 165-170 күн, нәжіс етуін несеп араласкан сұйықта 40-60 күн, суда 30-40 күн бойы тіршілік етуін жоймайды. Ауру малдың сүтінде 10-12 сағат бойы сақталады. Аусылдың вирусы биотермиялық әдіспен жиналған қида онша көп өмір сүре алмайды.

Аусылмен аша тұяқты үй малы және жабайы аңдар жиі ауырады. Осылардың ішінде ірі қара мал, әсіресе 2-3 айлық бұзаулар аусылға өте шалдыққыш келеді. Жылқы, ит, құлын, есек аусылмен ауырмайды. Бұл індетпен адамдар, әсіресе жас балалар ауыруы мүмкін.

Аусылдың вирусы малға жемшөппен, сумен, ауамен жұғады. Аусылдың қоздырғыш вирусы мал организміне ауыздың, танаудың кілегейлі қабығы арқылы, кейде кос тұяқтың арасындагы тері жарақаттанғанда еніп, ауруды тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет