1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Аусыл ауруының клиникалық белгілері



бет20/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
16.Аусыл ауруының клиникалық белгілері. Аусыл – Аphtae episooticae – жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Аша тұяқты малдың тері мен кілегей қабықтарына күлдіреуіктер шығарып зақымдайтын, вирустың қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – А, О, С типтерге бөлінетін эпитеминотропты вирус.

Ірі қара мен қойда вирус жұққаннан кейін 2-7 күн өтісімен аурудың белгілері байқалады. Жас бұзаулар арасында аусыл жіті немесе созылмалы түрде етеді олардың дене 40,5-41,5 градусқа дейін көтеріліп, жабығады; күйзеледі. Ауру басталған соң 2-3 күн өтісімен тілде, қызыл ұрттың еріннің ішкі бастарында іші мөлдір суға толған күлдіреуіктер шығады. Ауру кенде тіл ауызға сыймай, салақтап шығып тұрады. Ауыздан көпіршіген бырынды сілекей ағады, малдың азыққа деген тәбеті нашарлайды, ол жаңылады.

Кейбір малда күлдіреуіктер түяқ кенерссіне, бақан арасына, май табанына да шығады. Күлдіреуіктер 2-3 күннен кейін жарылып, оның орны жалаңаштанып қызарып тұратын жарага айналады.

Егер ауру зілді болып, күлдіреуіктер туяқтыц төртеуіне шыкса, онда ол мал жүруден қалып, жатып алады. Аусыл кец тараған шаруашылықтарда сиырдың желініне және үрпілеріне күлдіреуіктер шығады. Бұл кезде мал сүт сауғызбайды,- ауырсынып бұзауларын да емізбейді. Ауру асқынған кезде желін тұтастай қабынып іріңдейді.

Қойдың аусылы ірі қараға қарағанда аздап бөлекше өтеді. Аусыл көбінесе койдың тұяғының кенересін, бақайшақтарының арасын зақымдап күлдіреуіктер шығады. Осыған байланысты аусылға шалдыққан қой жүре алмай қалады. Ауру қойдың ауыз қуысына, тіліне, күлдіреуіктс шықпайды, сол себептен де олардың аузынан көпіршіктейгей сілекей ақпайды.

Аусылмен ешкі де ауырады,оларда ауру белгілері қозылардікі сияқты


болып өтеді. Аусылмен шошкалар да ауырады, әсіресе торайлар арасында ауру өте зілді өтеді, әдетте ауруға шалдыққан төл түгелдей дерлік шығынға ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет