1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Туберкулез ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы



бет39/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131
33.Туберкулез ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Әдетте аурудың толық диагнозы эпизоотологиялық, аллергиялық және лабораториялық зерттеу нәтижесінде, сондай-ақ өлекседегі өзгеріске қарап қойылады.

Жануарларға тірі кезінде диагноз коюдың негізгі әдісі – аллергиялық зерттеу. Малды туберкулинмен ауруға тексеру екі айлық жасынан басталады. Туберкулиннің үш түрі болады: альттуберкулин, сүт коректілерге арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/, құсқа арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/. Туберкулинді тері арасына және көз коньюнктивасына жібереді.

Шошқаға құлағының түбіне тақау сырт жағынан жібереді. Қой, ешкі, ит, маймыл, терісі бағалы аңдарға (күзенен басқа) санының ішкі бетіне, күзенге жоғарғы қабағына интрапальпевральдік әдіспен, түйеге құрсақ қабырғасының шонданай бұдырының тұсындағы терісіне, тауықтың сырғалығына, күрке тауыққа жағының астыңғы қалтасына, үйрек пен қазға жағының астыңғы тері қатпарына жібереді.

Туберкулезді балау үшін әр түрлі серологиялық реакциялар байқаудан өтті. Солардың ішінде айтарлықтай нәтиже бергені – конглютиндеуші кешенді байланыстыру реакциясы (ККБР).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет