1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет65/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131
17.Маңқа ауруының патогенезі. Маңқа (Malleus, can) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei - түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия.

Маңқа қоздырушысы организмге енгеннен соң сөл жолдарымен қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Дегенмен қоздырушы көбіне өкпеде, кеңсірік қуысында және теріде іркіліп, онда өсіп-өнеді. Қоздырушы өскен орында өзіне тән қабыну басталып, сарысу жиналады. Зақымданған мүшелерде маңқа түйіндері пайда болып, олар өліеттеніп, ыдырауға ұшырайды да, сыртынан дәнекер ұлпалы қауашақпен қоршалады.

Ал төзімділігі төмен малдарда маңқа түйіндерінің қоршалуы әлсіз болып, айналасында инфильтрат, сарысу жиналып, көптеген жаңа түйіндер пайда болады. Ал кеңсірік қуысында түйіндер өліеттеніп, жазылмайтын ойылым жараға, тіпті шеміршектің ыдырауына әкеліп соғады. Зақымданған теріде, көбінесе малдың басында, мойынында, сирақтарында, көптеген түйіндер ыдырап, іріңді ойылымдар пайда болады.

Ауру малдың жалпы жайы оның қанына түскен қоздырушының уыттылығына байланысты. Осыған орай маңқа процесінің өршу деңгейі әр түрлі болады. Жалпы дерттің даму ұзақтығы бірнеше күннен 7 жылға дейін созылады. Аурудың созылмалы түрінде процесс оқтын-оқтын өршіп, артынан басылып отырады. Мұндайда нақты клиникалық белгілері пайда болып, дене қызуы 39-40°С-қа көтеріледі. Рецидив кезінде денеде жаңадан түйіндер пайда болып, ремиссия уақыты бірнеше айға созылуы мүмкін. Малдың күтімі жақсы болса латтентті ауру жылқылар ешбір белгісіз, ұзақ мерзімге сау малдардан айнымайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет