1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Тілме ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет73/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131
25.Тілме ауруының патанатомиялық өзгерістері. Шошқаның тілмесі (Erysipelas suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothrix туыстастығына жатады.

Тілме ауруында әртүрлі көкірек асты терісі аурудың жіті кезеңінің септикалық формасында көгереді . Ал крапивницада арқасында және бүйірінде қанық қызыл , қабынған жерлер әртүрлі көлемде байланысады. Лимфа түйіндері үлкейген , бауыры қанға толған , бүйрек ісінген және қызарған, нүктелі және жолақты қабынған. Созылмалы кезеңінде веррукозды эндокардиттің белгілері білінеді немесе клапанда ет өседі, ал буыны қабынғанда фиброзды өскін бөлінеді.

Аурудын жіті түрінде өлекседегі өзгерістер өлітиюге тән болады. Кеуде тұсы, шабының терісі көкшіл тартып, бүйірінде, жонында әр түрлі келген қошқыл-қызғылт дақтар кездеседі. Ішкі қуыстар мен ағзалардың сірлі қабықтарында уақ қан құйылулар, фибрин талшықтары кездеседі. Сөл түйіндері қанға толып, көлемі ұлғаяды. Көкбауыр үлкейіп, бауырда дистрофиялық өзгерістер кездеседі. Бүйрек қабынып, қанталаулар байқалады. Өкпе домбығып, қабыну ошақтары кезігеді. Жүрек еті бозғылт тартып жұмсарады. Қарынның, аш ішектің кілегейлі қабығында қанталаулар болады. Аурудың созылмалы түрінде жүрек қақпақшаларында, буындарында өзгерістер кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет