1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Маңқа ауруының емі, алдын алу шаралары



бет68/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131
20.Маңқа ауруының емі, алдын алу шаралары. Маңқа (Malleus, can) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei - түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия.

Маңқамен ауырған жануарларды емдеуге тиым салынған, оларды жояды. Аурудың алдын алу үшін мына шараларды іске асыру қажет:



  • Шаруашылыққа бөтен жылқыны әкемейді. Әкелген жылқыны малленизациядан өткізу керек, 30-күн карантинде ұстау қажет.

  • Жылына екі рет, тұрақты түрде көз мелленизациясын өткізу керек.

  • Маңқаға күдіктенген жылқының (клиникалық аурудың белгісі бар) көзін жою керек. Өлігін өртеп жібереді, малды соймайды, терісімен өртеу керек.

  • Тез арада СЭС-қа хабарлап, шаруашылыққа карантин салады.

  • Дизенфекция жасау үшін, хлорлы известтің 3 % ертіндісін, натриидың 4 % ертіндісімен ғана пайдалану қажет.

  • Карантинді соңғы маңқамен ауырған жылқының көзін жойған соң 45-күннен кейін ашады. Карантинді ашар алдында, қорытынды дизенфекция және ферманың мал тұрған жерді тазалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет