1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ауески ауруының емі, алдын алу шаралары



бет82/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131
34.Ауески ауруының емі, алдын алу шаралары. Ауески ауруыжіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Suid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Ауески ауруын емдейтін дәрі-дәрмектердің ішіндегі ең тиімділері, сырқат басталған кезде қолданылатын гипериммундық сарысу мен гаммаглобулин. Емдеу уақытылы, жануар ауыра бастағанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер және симптоматикалық ем үшін витаминдер қолданылады.

Ауылшаруашылық жануарларын иммундеу үшін шошқа, сиыр және қойдың Ауески ауруына қарсы өсіннен алынған құрғақ ВГНКИ вакцинасы қолданылады. Сау емес шаруашылықтарда шошқаны екі рет 20-25 күн аралатып егеді. Иммунитет бірінші еккеннен соң 5-7 күн өткенде қалыптасып, 1,5 жыл бойы сақталады. Шошқаны егу үшін сонымен қатар БУК-628 штаммынан даярланған вирус-вакцина қолданылады. Ол шаруашылықты тез арада сауықтырып, вирус алып жүруді тоқтатады. Терісі бағалы аңдарды, қой мен шошқаны әлсіретілген Ауески ауруына қарсы өсінді вакцинамен егуге болады. Бұл препарат мүлдем зиянсыз, иммунитет аңдарда 6 ай, қой мен шошқада 10 ай сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет