1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ауески ауруының клиникалық белгілері



бет78/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
30.Ауески ауруының клиникалық белгілері. Ауески ауруы – жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Suid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн, кейде 3 аптаға дейін созылады. Ауру жіті өтеді.

Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланысты. Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады, кейде құсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошқалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда аталған белгілерімен қоса мұрынынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жұтқыншағы мен көмейі салдану байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді.

Бордақыдағы үлкейген торайларда, егер тұмаудың вирусы, салмонеллалар мен пастереллалар қабаттасса, өкпесі қабыну жиі байқалады. Мегежіндердің сүті қайтып, жаппай іш тастайды, не өлі туады. Ауру еметін және енесінен бөлінген торайларда өте зілді өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет