1-деңгей Сөздерді дыбыс санына қарай бағандарға топтап жаз


Кестені тиісті сөздермен толтыр



бет12/12
Дата31.01.2022
өлшемі180,57 Kb.
#24616
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кестені тиісті сөздермен толтыр.




Жалқы есім

Жалпы есім

Көпше түрдегі

зат есімдер



Жекеше түрдегі

зат есімдер














          


Сөз таптары

 1-деңгей





  1. Етістікті тап

Орманшы, жас, отырды, көл, бүркіт, қызыл, жуды, ұшты, ғарышкер.

 


  1. Етістікке сұрақ қой:

Аспан,ту, пісірді, қар, жазды, ұшты, білгір, сауысқан, бірінші.

               

 2- деңгей


  1. Дара етістікті тап:

Ұйықтап жатыр, жайды, ойланып қалды, таба алмады.


  1. Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:

        

Бірлігі жоқ ел тозады,

        

Бірлігі күшті ел озады.

 

 

 3- деңгей



 

  1. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз

Барды, алды, ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр.







  Дара етістік               Күрделі етістік

                             

      

 


  1. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жаз.

 Орманда биік ағаштар........

 Әсет қолын сабынмен .........

 Үсен ағасын мерекемен........

 Дәурен дойбыдан жарысқа........



Етістік
1-деңгей


  1. Өлеңді көшіріп, етістікті тауып астын сыз.

Қар еріді, су ақты,

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.


  1. Көшіріп жазып, болымсыз етістік жасаушы жұрнақтардың астын сыз.

Екі ойлы болма,

Екі ұшты сөйлеме.

Өтірікшінің қасында тұрма.

Ескі доспен ұстаспа.

2-деңгей___Сөздерге_тиісті_жұрнақтар_жалғап,_туынды_етістік_жасап_жаз.'>2-деңгей


  1. Сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап, туынды етістік жасап жаз.


Сап, гүл, жыр, арқа, бас, сурет, өр.


  1. «Сөз ойла, тез ойла» Берілген әріптерден сөздер құрап жаз.

Шарты: Құраған сөздер етістік болуы керек.

А, с,т, қ, ш, р, б, д.

3-деңгей

  1. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз. Етістіктерді тауып астын сыз.

Айжан, бара, жатты, Мәрия, мен, фермаға.

Олардың, ұша, жөнелді, бір, үйрек, алдынан.

Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.

Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа.

Олар, жұмыртқаны, алмады.

  1. «Жасырынған сөзді тап». Бірінші жолдан бастап әр екінші әріпті сызып таста, сонда керекті сөзді оқисың.


Қ т ы с з н ы м л п к о ө ш й ж л ұ е б к
Е і к т і р г қ ү ф л
Т ы а б з н а ғ б ш ұ п л з а дқ

Сын есім

1-деңгей

  1. Қарсы мәндес сын есімдер жаз.

Қарт - жеңіл –

Алғыр - тәртіпті –



  1. Өлеңді көшіріп жазып, сын есімдерді тап.

Кең жайлауда гүл терем,

Бағатыным қошақан.

Асау құлын үйретем.

Өсіремін ботақан.



2-деңгей

  1. Берілген сөздерден туынды сын есім құрап жаз.

Талап, білім, әдеп, ажар, сән, көңіл.

  1. «Сөзжасам» берілген әріптерден сын есімдер құрастыр.

Қ, ы, а, т с, п, й, ы, ү, л, е, н, к, і, ш, ғ, р

3-деңгей

  1. Өзің қалаған жеміс, көкөніс туралы жұмбақ құрастыр.

Ол үшін белгілерін ( түсі, түрі, дәмі) пайдалан.

  1. Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады?


гі

ғы

дай

дей



  1. Әріптерді орнына қойып, сөз тіркестерін құрастыр. Оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Ы Л С А ЕЖӘ ______________________

ЗҮТУЗЫСЫҚ ______________________

ҚУЫСҮНК ______________________

Сан есім

1-деңгей


  1. Жаңылтпашты жазып, сан есім мен зат есімнің байланысын сызбамен көрсет.

Қаусатып


Құс атып

Үш жыл,


Түсірдім жүз шіл.

  1. Есептік сан есімді бір бөлек, есептік сан есімді бір бөлек топтап жаз.

Екі, үш, бесінші, жетінші, он, жиырма бір, отыз, тоғызыншы, алпыс, алтыншы.


2-деңгей


  1. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз.

... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

... теңгең болғанша, ... досың болсын.

Білекті ... бірді жығады, білімді ... жығады.

... кісінің түсін білгенше, ... атын біл.




  1. Сөйлемдердегі сандарды реттік сан есімге айналдырып жаз.

Мен 3 сыныпта оқимын. Атам 25 вагонға отырды. Ермек қазір 6 үйде тұрады.

3-деңгей


  1. Жеті атаның ретін цифрмен көрсет.

Әке, шөпшек, немере, туажат, шөбере, бала, немене.



Код кестесі

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17


Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29


Х

һ

Ц

Ч

Ш

ъ

Ы

І

ь

Э

Ю

Я

30

31

32

33

34


36

37

38

39

40

41

42


Код кестесі

арқылы жасырын сөзді жаз:

1,24,25,1,18,1____________________________

17,8,17,16,8,14,8,25_______________________

20,13,37,18,34,13,15______________________

14,38,25,1,22____________________________

Алғы сөз

Оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.

Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақ тілі оқулығы 3-сынып

  2. «Логика әлемі» Ерешова К, Әденова Г,Сәлімқанова Г

  3. Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 2 (17) 2014 ж

  4. Қазақ тілі диктанттар жинағы 3-сынып

  5. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі

  6. Интернет сайттары

  7. К.Ерешева, Ұ. Ботабаева, Р. Муханова «Қазақ тілінен сын жұмыстары», Алматы, «Өлке» баспасы, 2010


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет