Байланысты: 1. Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері-emirsaba.org (1)
А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында каротин түрінде болады. Каротин 2 молекулаға бөлінгенде А1 витамині болады. Балықтың майында, етінде А2 витамині түрінде кездеседі. А1 және А2 – А витаминының түрлері.
А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында « соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың , жатырдың, ішектің, өкпенің кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауыруларға төзімділігі төмнгднйді. Бұлар құрамында А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.
В1витамині (тиамин). Асқорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т.б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не қажеттіліксіз болса адам «бери-бери» (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш Индокитайда, Филипин аралдарында және Жапонияда осындай науқанстар байқалған. Бұл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген тағамды жегенде оның болмайтыны белгілі болады. В1 витамині бидайдың қабығында , бұрыштарда, бауыр, бүйрек, жүрек етәнде көп болады.
Тиамин денеде өндірілмейді және қорға жиналып, сақталмайды. Тағаммен келген тиаминнің артық мөлшерінің біразы сыртқа шығарылады, ал біразы тиаминаза ферментінің әсерінен ыдырап пирамин, пирамидин және тиазол деп аталатын заттарға айналады.
Ішек қабырғасынан тиамин қанға өтіп, ұлпаларда фосфоферилаза ферментінің көмегімен фосфарландыру жолымен өзгеріп, декарбоксилаза коферментіне айналып, катализаторлық қызмет атқарады.
В2витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай тез ыдырайды да, люмифлавин және лиюмихромға айналып, витаминдік қасиеттерінен айырылады.
Ал пісіргенде оның ішіндегі рибофлавин бұзылмайды.
Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.
Рибофлабин жауарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.