1 Деректер қорына кіріспе



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата02.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#112432
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

 
6.1 сурет
 – 
M:N типті байланыс ұсынысы
1:1, 1:M, N:1 байланыстарының ұсынысы M:N типті байланысын жеке 
жағдайы болып табылады және жоғарыда қарастырылғанға ұқсас жүзеге асады. 
Топ бірден де көп топтық қатынастың мүшесі бола алатынын ескерейік. 
Бұл жағдайда бірнеше қосымша топтар – көрсеткіштер енгізіледі, ал 
қатынастар тобы – иесіне бірнеше көрсеткіш – өрістер қосымша топқа 
енгізіледі. Онда жазбалар жиыны (топтар) және олардың арасындағы байланыс 
желілік құрылымды (ортақ түрдегі бағытталған кескін) құрайды. Топтар кескін 
ұштары болып табылады; топтық қатынастың иесінен мүшесіне қарай 
бағытталған, кескін доғасы – топтардың арасындағы байланыс болып 
табылады.
Деректердің желілік үлгісі, тізімдік құрылымдардың әрекеті ретінде 
жүзеге асқан, деректерге жасалатын барлық қажетті операцияларды қолдайды. 
Деректердің желілік үлгісі концептуалды үлгі ұсынысының мүмкіндіктері 
бойынша барынша ортақ болып табылады. Кез келген ER-диаграмма қандайда 
бір өзгеріссіз желілік үлгі құралдарымен ұсынылады. Желілік үлгінің 
кемшіліктеріне әдетте оның негізінде алынатын концептуалды сұлбаның 
күрделілігін және сыртқы қолданушылармен сәйкес сұлбаны түсінудің үлкен 
еңбек сыйымдылығын жатқызуға болады.
Алдыңғы дәрістегі желілік ДҚБЖ терминдермен ER-диаграмма 
(СТУДЕНТ және ФАКУЛЬТЕТ) бөлігі жазбаларының мысалын қарастырайық. 
Мысал ретінде «СТУДЕНТ» түйіні және «ФАКУЛЬТЕТ» түйінінің бірнеше 
даналарын қарастырайық (6.2 сурет). 


32 
6.2 сурет
 – 
Түйіндер даналарының мысалдары 
Иванов, Петров, Мишин студенттері ЕМК факультетінде оқысын, 
Сидоров және Кашин механико-математикалық факультетте оқысын. Онда
ER-диаграмманың сәйкес бөлігінің желілік үлгісі келесі түрде болады (6.3 
сурет). 
 
6.3 сурет
 – 
Концептуалды ұсыныстың желілік үлгісінің мысалы
Қосымша файлда көрсеткіштердің біреуі қажет болған жоқ, себебі 
қарастырылып отырған байланыстың типі M:N емес, ал 1:N, х белгісі әрі қарай 
байланыстың жоқтығын білдіреді.


33 
Желілік үлгінің аса маңызды кемшілігі алынатын концептуалды үлгінің 
«қаттылығы» болып табылады. Байланыстар жазбаларда көрсеткіштер түрінде 
бекітілген. Осы деректерді қолданудың жаңа көрінісінің пайда болуы кезінде 
олардың арасында жаңа байланысты орнату қажеттілігі пайда болуы мүмкін. 
Бұл жазбада жаңа көрсеткіштерді енгізуді талап етеді, яғни ДҚ құрылымы 
өзгереді және демек, барлық деректер қоры қайта құрылады.
Желілік үлгіні қолдайтын, ДҚБЖ IBM 360/370 (ЕС ЭЕМ) сериясындағы 
есептеуіш жүйелерде кеңінен қолданылды. Мұндай жүйелердің мысалы ретінде 
IDMS, UNIBAD (БАНК), және олардың аналогы СЕДАН, СЕТОР көрсетуге 
болады. Дербес компьютерлерде желілік ДҚБЖ кең таралымға ие болған жоқ. 
Дербес компьютерлерге арналған желілік ДҚБЖ db_VISTA III болып 
табылады. db_VISTA жүйесі С тілінде жүзеге асырылған және сондықтан 
төзімді болып табылады. Жүйе IBM PC, SUN, Macintosh типті ДЭЕМ 
пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет