50
керек екендігін, ДҚБЖ түсіндіреді. Әрі қарай ДҚБЖ өзі сұраныс мәтінін
талдайды және оны қалай орындау керек екенін анықтайды.
«Клиент – сервер» архитектурасында SQL тілі өте маңызды орынды
алады. Тек өзі, алшақтатылған компьютерде орналасқан, серверлік ДҚБЖ бар
клиенттік бағдарламалық жасақтаманың сұхбаттасу тілі ретінде қолданылады.
Осылай, клиент серверге SQL тілінде сұраныс жібереді, ал сервер оны
саралайды, түсіндіреді, орындалу жоспарын таңдайды, сұранысты орындайды
және клиентке нәтижесін жібереді.
SQL тілінде, түсу мерзімі бойынша студенттерді іріктеу туралы есепті
шешетін, сұраныстың түрі қалай болатынын қарайық.
SELECT Тегі
FROM Студент
WHERE Түсу мерзімі > "01.06.2006"
SQL тілінің пайда болуы жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілдерінің
баламалы таңдауы болып табылады, деген жалған ой қалыптасуы мүмкін. Бұл
ақиқатқа сәйкес келмейді. Сұраныстың SQL құралдарымен орындалуы бәрі бір
жеке жазбалармен жұмысқа алып келеді және одан ешқайда кете алмаймыз.
SQL тілінің пайда болуы, ең көп деген де, екі жаңа мүмкіндікті бергенін түсіну
маңызды:
1)
Қолданушы мен ДҚБЖ арасындағы абстракцияның жаңа деңгейі пайда
болды. Бұл деңгей, жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдеріне қарағанда,
қолданушыға жақындау, бұл қолданушы мамандықтарына талаптарды
төмендетеді.
2)
Деректер қорымен жұмыс жасаған кезеде пайда болатын және бұрында
әр
бағдарламалаушылармен
өзінше
шешіліп
жүрген
(жиі
басқа
бағдарламалаушының әрекеттерін қайталай отырып), көптеген типтік есептер
SQL тілін жүзеге асыру арқылы шешілді. Осылайша, сәйкес тәсілмен ДҚБЖ
шешілген, көптеген мәселелерді өз бетімен шешу қажеттілігі жойылды. SQL
тілі ДҚБЖ осы типтік мүмкіндіктеріне рұқсат үшін құралдарды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: