30
Бақылау құралдары концептуалды үлгі толықтығының шектеулерін
жүзеге асыру үшін қолданылады. Бақылаудың – шектеудің қарапайым
құралдары – концептуалды үлгінің сыртқы шектеулері сияқты, деректер
үлгісінің ішкі шектеулерінде жүзеге асыру үшін қолданылады.
Соңғы
шектеулер ретінде, жеке жағдайда, сәйкес емес типтегі, сәйкес емес сипаттағы
(биттер саны бойынша, өрістер саны бойынша, жазбалар саны бойынша және
т.б.) деректерді енгізуге шектеулер жүзеге асырылды. Бақылаудың (ереженің)
аса күрделі құралдары ДҚ деректерді қосу немесе өзгерту кезінде
операциялардың (аса күрделі) біршама тізбегін орындауды шақыруға мүмкіндік
береді және сонымен арнайы құрастырылымдардың көмегімен сипатталған,
толықтық шектеулерін жүзеге асырады.
Концептуалды жобалаудың бірініші сатысынан
кейін бізде деректер
туралы қолданушылардың жалпыланған ұсыныстары, ережеге сәйкес, ER-
диаграмма түрінде құрастырылды. Келесі сатыда (нақты деректер үлгісі бар
біршама ДҚБЖ таңдалғаннан кейін) таңдалған ДҚБЖ концептуалды сұлбасын
терминдермен және ұғымдармен жазу қажет. Бұл сатыда концептуалды үлгінің
әр түйіні, өрістерден тұратын, жазба ретінде сипатталады. Әр атрибут,
таңдалған ДҚБЖ мүмкін, типтері және сипаттамалары бар өріс ретінде
сипатталады. Концептулды үлгі
байланыстары, таңдалған ДҚБЖ сәйкес,
ұғымдар түрінде сипатталады, қолданушы сұраныстарын жүзеге асыру реті
ДҚБЖ типтік операцияларының көмегімен анықталады және т.б.
Жобалаудың бұл сатының нәтижесі, нақты ДҚБЖ айрықшаланған,
концептуалды үлгі болады.
Бұл ДҚБЖ деректер үлгілерінің алғашқыларының бірі.
Типтік желілік
үлгі CODASYL (Conference of Data System Languages) жүйелік комитетінің
деректер қоры бойынша (Data Base Task Group – DBTG) жұмыс топтарымен
ұсынылды, бір позициясы және бір терминологиясы бар басқару деректерін
өңдеудің белгілі фирмалық жүйесін талдау, осындай жүйелерді ұйымдастыру
тәжірибесін жалпылау және сәйкес жүйелерді құру бойынша ұсыныстарды
жасақтау олардың негізгі қызыметтері болды.
Желілік үлгіде топтық қатынастарды жүзеге
асыру арнайы енгізілген
қосымша өрістерді - көрсеткіштерді (байланыс мекен жайы немесе сілтеме)
қолдану арқылы жүзеге асырылады, олар топтық қатынастардың иесі және
мүшесі арасында байланыс орнатады. Жазба әртүрлі типтердің қатынасынан
тұруы мүмкін (1:1, 1:N, M:N). Егер байланыс орнату нұсқаларының біреуі 1:1
анық болса (өрістері түйін атрибуттарына сәйкес келетін, қатынас иесі
жазбасына қосымша өріс – жазбаға көрсеткіш – қатынас мүшесі қосылады),
онда 1:N және M:N байланыстарын ұсыну мүмкіндігі
дәл осылай қиындау
болады. Сондықтан желілік ДҚБЖ байланыстарды ұйымдастырудың аса
таралған тәсілі қосымша жазба типтерін енгізу болып табылады, көрсеткіштер
олардың өрістері болып табылады.
Мысал ретінде M:N топтық қатынасын қарастырайық. Үлгіге қосымша
топ (қосымша жазбалар түрі) енгізіледі. Бұл жазбаның элементтері екі бастапқы
топқа бөлінген көрсеткіштерден және топтық қатынастың M және (немесе) N
мүшелеріне сәйкес келетін, оларды бір тізбекке байланыстыратын,