1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Сұйық дәрілік түрлердің құрамы бойынша жіктелуі



бет11/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Сұйық дәрілік түрлердің құрамы бойынша жіктелуі
- қарапайым сұйық дәрілік түрлер;
- күрделі сұйық дәрілік түрлер.
Сұйық дәрілік түрлердің еріткіштің табиғаты бойынша жіктелуі
- сулы сұйық дәрілік түрлер;
- бейсу сұйық дәрілік түрлер.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындауға қолданылатын еріткіштер белгілі бір ТАЛАПТАРҒА сай болуы керек, соның ішінде:
- еріткіштердің еріткіштік қасиетінің жоғары болуы ;
- еріткіштер химиялық және фармакологиялық индифферентті болуы. Химиялық индифференттілік - бұл еріткіш пен дәрілік зат арасында химиялық әрекеттесудің болмауы.
Фармакологиялық индифференттік – еріткіштің ағзаға жағымсыз әсерінің болмауы;
- еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы;
- жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы;
- еріткіштер арзан және қол жетерлік болуы тиіс.
Еріткіштер: сулы – тазартылған су; бейсу – ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштер болып бөлінеді. Ұшқыш еріткіштерге этил спирті (этанол), эфир, хлороформ жатады; Ұшқыш емес еріткіштерге өсімдік майлары, глицерин, этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады.
Егер рецептіде еріткіш көрсетілмесе, онда тазартылған су қолданылады. Микробиологиялық тұрақсыз, сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспайды. Тазартылған суға қатаң талаптар қойылады:
- ол мөлдір, түссіз сұйықтық;
- суда көмір ангидриді, нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар және ауыр металдар болмауы керек;
- құрғақ қалдығы 0,001%-дан аспауы керек;
- аммиак қоспасы болуы мүмкін, оның мөлшері 0,0002%-дан аспауы керек.
Дәріханада тазартылған суды алу бөлек бөлмеде арнайы қондырғыларды қолдану арқылы ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 бұйрығы талаптары бойынша құбырдағы суды айдау тәсілімен жүргізіледі. Бұл бөлмеде басқа жұмыстарды жүргізуге болмайды. Дәріханада дистилляцияны дұрыс жүргізуді, аквадистилляторларды және оның бөлшектерін өңдеуді, сонымен бірге суды жинайтын және сақтайтын жауапты 150 қызметкер тағайындалады. Тазалау әдісі судағы қоспалардың қасиеттеріне байланысты болады. Механикалық қоспалардан тазарту тұндыру немесе фильтрлеу арқылы жүргізіледі.
Аквадистилляторларда қақтың түзілуін болдырмау үшін суды дистилляциялау алдында өңдейді. Суды алдын ала өңдеу оның сапасын жоғарылатады, дистилляциялық аппараттардың пайдалану мерзімін ұзартады. Тазартылған суды алуға дистиллятор деп аталатын айдау қондырғылары қолданылады. Әр қондырғы негізгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы, конденсатор, қабылдағыш. Кейінгі кезде дистилденген судың орнына минералсыздандырылған суды қолдануға көңіл аударылып отыр.
Аз мөлшерде суды химиялық тұрақты шыныдан жасалған баллондарда сақтайды. Осы баллондарда суды шаңнан және микробтардан сақтау үшін, екі тесігі бар резенке тығынмен немесе полимерлі қақпақпен тығыз жабады, ал тесіктерге шыны түтіктерді кіргізеді: біреуі дистилденген судың келіп түсуіне арналған; ішіне стерильді мақта тампоны салынған екінші түтік сыртқы қысыммен қатысуын қамтамасыз етеді. Осы баллондарды аквадистилляторға шыны түтіктер көмегімен қосады. Тазартылған су асептикалық жағдайда 3 тәулік бойы 19.04.15 жылы шыққан ҚР Ұлттық экономика министрінің № 232 бұйрығы талаптарына сәйкес сақтлады. Судың әр сериясы НҚ талаптарына сай тексеріледі. Тазартылған су химиялық және бактериологиялық бақылаудан өтеді. Күнделікті әр баллондағы су хлоридтердің, сульфаттардың және кальций тұздарының жоқтығына сапалық талдаудан өтеді. Тоқсанына бір рет су бақылау лабораториясында толық химиялық талдаудан, тоқсанына екі рет бактериологиялық талдаудан өтеді.

6. Еріткіштер. Жіктелуі. Сипаттамасы. Дәрілік заттардың еруіне әсер ететін факторлар. Еру процесін интенсификациялау жолдары. Сүзу - ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту тәсілі ретінде. Құрал-жабдықтар


Сұйық дәрілік түрлерді дайындауға қолданылатын еріткіштер белгілі бір талаптарға сай болуы керек, соның ішінде:


- еріткіштердің еріткіштік қасиетінің жоғары болуы ;
- еріткіштер химиялық және фармакологиялық индифферентті болуы. Химиялық индифференттілік - бұл еріткіш пен дәрілік зат арасында химиялық әрекеттесудің болмауы. Фармакологиялық индифференттік – еріткіштің ағзаға жағымсыз әсерінің болмауы;
- еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы;
- жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы;
- еріткіштер арзан және қол жетерлік болуы тиіс. Еріткіштер: сулы – тазартылған су; бейсу – ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштер болып бөлінеді. Ұшқыш еріткіштерге этил спирті (этанол), эфир, хлороформ жатады; Ұшқыш емес еріткіштерге өсімдік майлары, глицерин, этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады. Егер рецептіде еріткіш көрсетілмесе, онда тазартылған су қолданылады.
Еріту – ерітінді дайындаудың негізгі сатысы. Ерітілетін заттардың және еріткіштің қасиеттерін білу, бұл сатыны тез жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық заттардың физика-химиялық қасиеттерінің ішінде ең маңыздысы – олардың судағы немесе басқа еріткіштердегі еру қабілеті. Ол заттардың ерігіштігімен сипатталады. Ерігіштік берілген жағдайда қаныққан ерітіндінің концентрациясымен анықталады. Жиі ерігіштік 200С температурада 100 мл еріткіште еритін, граммен берілген еріген заттың мөлшерімен белгіленеді. Заттың ерігіштігі, 100 г еріткіште еритін заттың граммен берілген мөлшері.
Затты еріткенде жылудың сіңірілуі немесе бөлінуі жүреді. Жылудың сіңірілуі энергияның жұмсалуын көрсетеді.
Ерітіндіні дайындап болған соң, міндетті түрде көзге көрінетін бөлшектерден фильтрлеу немесе сүзу арқылы тазартады. Фильтрлеу үшін фильтр қағазы, асбест, шыны фильтр, ал сүзу үшін бос борпылдақ (мақта, дәке, мата) материалдар қолданылады. Фильтрлеу – сұйық фазаны көзге көрінетін барлық бөлшектерден тазарту.
Фильтрлеу мына факторларға байланысты:

  • фильтрлеу жылдамдығы процесс жүрген кездегі қысымға;

  • фильтрлеуші материалдардың саңылауының өлшемдеріне;

  • сұйықтықтың тұтқырлығына.

Тұтқыр сұйықтықтарды фильтрлеу кезінде фильтрлеу жылдамдығы төмен. Дәріхана жағдайында фильтрлеуді атмосфералық немесе төмен қысымда (вакуум) жүргізеді. Төмен қысымда фильтрлеу көбінесе инъекциялық және көзге арналған ерітінділерді тазартқанда қолданылады. Фильтрленетін сұйықтықтың қасиеті мен мөлшеріне байланысты әртүрлі материалдар қолданылады. Фильтрлерге қойылатын талаптар:
- фильтр материалдары белгілі мөлшерде берік болуы керек;
- жоғары өткізгіштік;
- ерітіндіге талшықтар мен бөлшектерді бөліп шығармауы қажет;
- дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек;
- термиялық стерильдеуге төзімді болуы қажет;
- қысымға, кернеуге төзімді болуы керек;
- биологиялық индифферентті болуы керек. Фильтрлеуші материалдардың кемшіліктері: ісінеді; жеткілікті берік емес; теріс зарядталып, суда диссоциацияға ұшыраған кейбір заттардың иондарын адсорбциялауы мүмкін.

7. Концентрлі ерітінділер. Оларды дайындау шарттары, есептері және тәсілдері, сапасын бақылау. Концентрацияланған ерітінділерді пайдалана отырып, сұйық дәрілік түрін дайындау ережесі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет