1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Бейсу ерітінділерінің технологиясы



бет13/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Бейсу ерітінділерінің технологиясы. Бейсу ерітінділерінің технологиясы:

  • еріту,

  • фильтрлеу,

  • орамдау,

  • безендіру сатыларынан тұрады.

Әр сатының, еріткіштердің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.
Технологиясының ерекшеліктері:
- ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды;
- құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып, басқа еріткішпен араласпайтын дәрілік заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;
- құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті салады. Себебі мойны ылғалданған құтыға затты салу қиын, көп мөлшердегі, көлемді дәрілік заттарды (ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады;
- сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда ғана құрғақ мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді.

10. Тамшылар - дәрілік қалып ретінде. Дәріханалық жағдайда ішуге және сыртқа қолдануға арналған тамшылар технологиясы. Сапасын бақылау.


Тамшылар (Guttae) –тамшымен дозаланатын ішуге және сырт тәнге қолданылатын сұйық дәрілік түр. Тамшы түрінде дәрілік заттардың сулы, майлы, глицеринді және спиртті ерітінділері, сонымен бірге тұндырмалар, сұйық экстрактар және басқа препараттар жазылады. Тамшылар - тамшымен дозаланатын нағыз және коллоидты (кейде майда суспензия түрінде) ерітіндіден тұратын сұйық дәрілік түр. Тамшымен дозалау - осы дәрілік түрдің жалғыз ерекшелігі. Оларды жеке топқа бөлу себебі - құрамындағы дәрілік заттардың реттік дозасы, дәрілік препараттан бірнеше тамшы қолданғанда алынатын концентрациямен белгіленеді.
Тамшылар сұйық дәрілік түрлерге тән барлық артықшылықтармен сипатталады. Тамшылар микстураларға қарағанда ықшамдылығымен, тасымалдауға ыңғайлығымен ерекшеленеді. Тамшылар 5 мл-ден 30 мл-ге дейінгі көлемде жазылады. Тамшылар ex tempore және дәріханаішілік дәрі ретінде дайындалады, себебі, олардың кейбір жазылымдары жиі қолданылады және кейбірі стандартты болып саналады. Тамшылардың көлемі (нағыз ерітінділердің, сулы тамшы ерітінділерінің) олардың технологиясына, оның ішінде фильтрлеу сатысына өзгеріс енгізеді. Жіктелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет