1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет19/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Суспензиялар - (Suspensіones) - официналды дәрілік түр. ҚР МФ, т.1. «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» жалпы мақаласына енгізілген.
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр.
Гидрофильді заттар гидрофильді-ісінбейтін және гидрофильді-ісінетін болып бөлінеді.
Барлық дәрілік түрлер секілді суспензиялардың да артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:

  • суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік заттарды босатуға болады,

  • әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады, яғни ерітінділерден жоғары ұнтақтардан төмен әсер етеді.

  • Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялар тез терапевтік әсер көрсетеді.

  • Суда ерітілген дәрілік заттардың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етеді.

Кемшіліктері:

  • технологиясы қиын;

  • тұрақсыз;

  • сақтау мерзімі қысқа;

  • дәл дозаланбайды.

Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды босату мүмкіндігі жоқ.
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар:

  • Ірі суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында);

  • майда суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлінеді.

Бұл заттар суда ерімейді, бірақ сумен жеңіл шыланады.
Суспензияларға қойылатын талаптар:

  • бөлшектердің өлшемдері 50-100 мкм болуы;

  • суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрілік заттың жеткілікті дәл дозалауын қамтамасыз етеді.

Суспензиялар концентрациясы 3%дан төмен болса салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады. Дисперстік фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса, суспензиялар салмақтық әдіспен дайындалады. Суспензияларды түссіз құтыда босатады. Ескерту: «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен безендіріледі.
Суспензиялар екі тәсілімен дайындалады: дисперсиялық, конденсациялық. Дисперсиялық тәсілдің мәні механикалық диспергирлеу, ерімейтін ірі заттарды сұйық ортада майдалау процесі. Технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет