1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуі



бет16/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуі:

  • алыну әдісіне байланысты;

  • қолданылуы бойынша;

  • ісіну қабілеті бойынша;

  • молекула түріне қарай.

Алыну әдісіне байланысты:
- табиғи жоғары молекулалық қосылыстар - ақ уыздар, ферменттер, жоғары полисахаридтер ;
- синтетикалық және жартылай синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар - целлюлоза туындылары (метилцеллюлоза, натрий метилцеллюлоза, полиэтилен, полистирол және т.б.).
Жоғары молекулалық қосылыстар қолданылуы бойынша:

  • негізгі дәрілік заттар; (негіздер немесе жағар майлар мен суппозиторийлер үшін негіз компоненті)

  • көмекші заттар (эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консерванттар, орамдаушы және тығындаушы материалдар және т.б)

Ісіну қабілеті бойынша: шексіз ісінетін; шекті ісінетін ЖМҚ.
Жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділері нағыз ерітінділер және коллоидты ерітінділер аралығында аралық орын алады.
Нағыз ерітінділерге ұқсас қасиеттері:

  • еріткішпен жанаса отырып, нағыз ерітінділер түзеді

  • термодинамикалық тұрақты.

Коллоидты ерітінділерге ұқсас қасиеттері:

  • молекула мөлшерінің үлкендігінен еру процесі баяу жүреді,

  • диффузия баяу өтеді,

  • ЖМҚ ерітінділері жартылай өткізгіш мембранадан өте алмайды,

  • диализденбейді,

  • ЖМҚ ерітінділерінде осмос қысым өте төмен,

  • сыртқы факторлардың әсеріне сезімтал.

Жоғары молекулалық қосылыстарды молекула түріне қарай екі топқа бөледі:

  • сфералық (ақ уыздар);

  • тізбекті (крахмал, целлюлоза туындылары) құрылысты.

Тізбекті құрылысты ЖМҚ химиялық байланыспен кезектесіп байланысқан, көп мөлшердегі мономерлерден тұрады. Мұндай молекулалар майысқақ болып келеді, олар глобульдер (спираль) түзеді немесе тізбек (фибриллярлы глобульдер) болып созылады. Еріткен кезде өте көп мөлшерде суды сіңіріп, ісініп, жоғары тұтқырлы ерітінді түзеді.
ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлағына байланысты оларды негізінен үлкен саңылаулы материалдардан - дәке, мақта, үлкен саңлаулы шыны фильтрлер арқылы сүзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет