1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт, анықтамасы, маңызы, құрылымы


Асептика, түсінік. Асептикалық жағдайларда дайындалатын дәрілік түрлер. Дәрілік препараттың микробтық тазалғының маңызы және микробтық контоминация көздері



бет12/13
Дата13.04.2023
өлшемі48,61 Kb.
#82390
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1. Ä?ð³ë³ê ïðåïàðàòòàð ?íä³ð³ñ³í ìåìëåêåòò³ê íîðìàëàóäû? íåã³çã³

18. Асептика, түсінік. Асептикалық жағдайларда дайындалатын дәрілік түрлер. Дәрілік препараттың микробтық тазалғының маңызы және микробтық контоминация көздері. Асептика дегеніміз- микроорганизмдердің пациенттің организміне енуін алдын алуға арналған шаралар. Асептикалық жағдайларда дайындалатын дәрілік түрлерге: Микроорганизмдер жоқ жерлерге қолданылатын ирригация ерітінділері;

  • -Көз мүшесіне қооданылатын дәрілік түр

  • -Шаншу кезінде қолданалатын дәрілер

  • -Жарақаттар алған жағдайда , кілегейлі қабықтардың емделуі кезінде қолданылатын дәрілік заттар

  • -Құрамдарында антибиотиктер жататын дәрілік заттарды жатқыза аламыз.

Қазіргі таңда дәріхананың рецептураларында стерильді дәрілік препараттар өсуі, ассортиментңі көбеюуі қарқынды жүріп жатыр. Бұлар дәрілік түрлердің құрамдарында микроорганизмдердің өте аз мөлшерде болуы дәлел. Осы дәрілік түрлерді асептика жағдайында дайындау және де стерильдеу маңыздылығына келер болсақ: 1. Егерде құрамынлда микроорганизмдер болатын дәрілік түрлерді бірден қанға енгізетін болсақ, организм зақымдалынады. 2. Қоспасында антибиотиктері болатын дәрілік препараттарды асептикалық түрде дайындаудың қажеттігі, дәрілік препаратқа енген микроорганизмнің ферменті және оның бұзылуларына байланысты, эффектілігі жойылады. Ерітінділерді дайындаған кезде түрлі микробтармен ластануы мүмкін, сол үшін асептика ережелерін қатаң сақтап, өнімдердің микробпен ластануларын болдырмау жағдайларын дайындауға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Асептикалық жағдайларды қамтамасыз ету үшін микробтардың контимациялың көздерін ескеру қажетпіз. Біз оларға: ауадларды, бөлмелерді, дәрілік заттарды, қосымша және орамдау материалдарын, жұмысшылардың материал және еріткішті жатқызамыз. Асептика жағдайын дайындау бір-бірлерін толықтырып отыратын міндетті шаралардың берік тізбегі саналады. Асептика жағдайы термиялық стерильдеулерге төзімсіз дәрілік заттарды дайындауда өте маңызды сатысы болып табылады. ҚР МФ І басылымының жалпы мақалары: «Парентеральдік қолданылатын дәрі-дәрмектер», «Көзге арналған дәрі-дәрмектер», «Стерильді өнімдер дайындау әдістері», «Стерильділік», «Дәрі-дәрмектерді стерильдікке сынау», «Микробиологиялық тазалығын тексеру», «Пирогендер» деп көрсетілген. ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 бұйрығында осы санитарлық эпидемиологиялық жағдайдағы қағидалар көрсетілген. Асептикалық жағдайда дайындалатын барлық дәрілік түрлер үшін негізгі және жалпы талап дайын өнімнің стерильдігі, яғни сапалы және қауіпсіз өндіріліп шығуы тиіс. Стерилдеу, дезинфекция, персоналға қойылатын талаптар және арнайы бөлменің жабдықталуы барлығы да МФ бойынша қағидаларда көрсетілген.
19. Антибиотиктердің жалпы сипаттамасы. Олардың дәрілік қалыптардын технологиясына әсер ететін ерекшеліктері. Дәрілік қалыптардын дайындау үшін дәріханада жиі қолданылатын антибиотиктердің номенклатурасы. Көптеген дәрілік құралдардың ішінде антибиотиктер бактериялық инфекцияларды емдеу кезінде қолданылатын негізгі құралдар болып саналады.Антибиотиктерді микроорганизмдерден және табиғи шикізаттардан, олардың синтетикалық аналогтарынан немесе туындыларынан алынатын, ауру адамның ағзасындағы қоздырғыштарын басатын не тоқтататын қабілеттері бар төмен молекулалық химиотерапевтикалық заттар болып табылады. Антибиотиктер микроорганизмдермен түзілген және олардың микробқа қарсы әсері бар (антибиотик сөзі грек тілінен аударғанда анти – қарсы және биос – өмір дегенді білдіреді). Қазіргі кезде 3000 астам антибиотиктер бөлініп алынған және сипатталған, олардың көбінің химиялық құрылымы белгіленген. 70 астамы практикада қолданылады, дәріхананың экстемпоралды рецептурасында пенициллин, тетрациклин, гризеофульвин, эритромицин, канамицин және тағы басқалар қолданылады. Инфекциялық ауруларды антибиотиктермен емдеу олардың, макроорганизмнің жасушаларына токсикалық әсер етпей, патогенді микроорганизмдердің көбеюін таңдап жою қабілетіне негізделген. Антибиотиктер, басқа дәрілік заттардан айырмашылығы, физика- химиялық қасиеттерінің ерекшіліктерінде: сақтау мерзімі қысқа, қышқыл әсеріне сезімтал (әсіресе пенициллин), жартылай ыдырау периоды қысқа, көптеген қосымша заттармен әрекеттеседі, суда қиын ериді (кейбір антибиотиктердің сулы ерітінділері толық тұрақты емес), термолабильді (оларды термиялық стерильдеуге болмайды). Көрсетілген қасиеттер құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің технологиясына елеулі әсер етеді. Сондықтан антибиотиктердің физика- химиялық және фармакологиялық қасиеттерін және олар өзінің белсенділігін сақтайтын жағдайларды білу керек. Қазіргі медициналық іс-тәжірибеде қолданылатын антибиотиктердің арсеналы кең. Олардың көбісі өндірісте лиофилизацияланған ұнтақ түрінде металл қалпақпен жабылған флакондарда шығарылады. Осы ұнтақтар дәріханада дәрілік түр дайындау үшін қолданылады. Антибиотиктер рецептіде ерітінділер (көзге және мұрынға арналған), жағар майлар, суппозиторийлер және басқа дәрілік түрлер ретінде жазылуы мүмкін. Құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер технологиясы, сол дәрілік түрлер басқа дәрілік заттармен дайындалатын технологиялық тәсіл бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлерді дайындау кезінде төмендегі жағдайларды ескеру керек:

    • антибиотиктер ферменттердің әсерінен (мысалы, пенициллиндер пенициллиназаның әсерінен), өзінің белсенділігін жоғалтады. Сондықтан құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер асептикалық жағдайда дайындалады;

    • негізінен антибиотиктер суда ериді. Олардың сулы ерітінділері жеткілікті тұрақты емес. Сондықтан дәрілік препараттардың құрамына суспензия түрінде енгізу дұрыс;

    • көптеген антибиотиктер қышқылдар және сілтілер әсерінен гидролизге ұшырайды, сондықтан антибиотиктердің дәрілік препараттағы тұрақтылығы ортаның рН мәніне байланысты болады. Антибиотиктердің инактивациясы сонымен қатар этанолдың, глицериннің, ауыр металлдар тұздарының қатысында да жүреді;

    • антибиотиктер көптеген дәрілік және көмекші заттармен әрекеттеседі,сондықтан күрделі жазылымдарда компонентерінің сыйымдылығын аса мұқият тексеруді қажет етеді;

    • көптеген антибиотиктер термолабильді, сондықтан термиялық стерильдеуге төзімсіз;

    • құрамында антибиотиктері бар дәрілік препараттар, антибиотиктердің қасиетіне және олардың тазарту дәрежесінің төмендігіне байланысты, сақтаған кезде тұрақсыз.

Антибиотиктер рецептілерде көбінесе әсер ету бірлігімен (ӘБ) беріледі. Антибиотик ұнтағының салмағын анықтау үшін, антибиотик белсенділігі мен оның салмағының арасындағы, әсер ету бірлігімен белгіленетін, байланысқа негізделген есептеу бойынша жүргізіледі .Антибиотиктерді таңдау дерттің барысының клиникалық ерекшеліктеріне және оның ауырлығына байланысты жүреді.Кез келген дәрілік препаратты, әсіресе егер компоненті антибиотик болса, дәрілік түрді ғылыми негізделген әдіспен дайындаудың үлкен маңызы бар.Дайындау әдісі дәрінің химиялық құрамының, физикалық күйінің және фармакологиялық әсерінің өзгермеуін дайындау процесі кезінде, сонымен қатар сақтау және қолдану кездерінде қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет