Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша
жіктеледі:
1. Қолдану тәсілі бойынша:
а) Ішуге қолдануға арналған ұнтақтар
б) Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар
2. Құрамы бойынша:
а) Қарапайым (жәй) ұнтақтар
б) Күрделі ұнтақтар (екі немесе бірнеше ингредиенттерден тұрады)
3. Мөлшерленуі (дозалануы) бойынша:
а) дозаларға бөлінген ұнтақтар
б) Дозаларға бөлінбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар
Сыртқа қолданылатын ұнтақтар
медициналық белгіленуіне қарай
мына түрлерге
бөлінеді:
-
сеппелер (pulveres adspersorіі) - жараларды және терінің, кілегей қабаттың әр түрлі
зақымдануларын емдеу үшін қолданылатын өте майда ұнтақтар;
-
үрлеуге арналған ұнтақтар (pulveres іnsufflatorіі) – дене қуыстарын емдеуге
қолданылады (мұрын, құлақ, жұтқыншақ және т.б.);
-
тісті емдеуге арналған ұнтақтар (pulveres dentіfrіcі);
-
жәндіктермен күресуге арналған ұнтақтар (pulveres іnsectіcіdі) және т.б.
Ұнтақтарға қойылатын талаптар:
Жай көзбен қараған кезде ұнтақтар біркелкі болуы керек. Бөлшектердің өлшемі 0,160 мм-
ден аспауы керек. Ұнтақтар жақсы мөлшерленген, еркін ағынды, дайындау және сақтау
кезінде тұрақты болуы керек. Кейде олар стерильді болуы керек.
Құрамында улы немесе күшті әсер ететін заттары бар рецептілерді қабылдаған кезде,
фармацевт пациенттің жасын ескере отырып, жазылған ингредиенттердің сыйымдылығын,
дозасының дұрыстығын тексеріп, улы заттардың астын қызыл қарындашпен сызуы керек.
Есірткі және естен тандыратын дәрілік заттарға рецептіні мемлекеттік денсаулық сақтау
ұйымдарында жұмыс істейтін дәрігерлерге жазуға рұқсат етіледі.
Улы және есірткі дәрілік заттардың атаулары рецептіде бірінші кезекте, әрі қарай басқа
дәрілер жазылады.
Рецептіге денсаулық сақтау ұйымының басқарушысы немесе оның орынбасары қол қойып,
денсаулық сақтау ұйымының (елтаңба) мөрімен расталады.
Сонымен бірге құрамында улы дәрлік заттары бар рецептіде дәрігердің қолы мен мөрі
және мекеменің «Рецепт үшін» мөрі қойылады.
Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың мөлшері жалпы ұнтақ салмағына
есептегенде 0,05 г кем мөлшерде жазылса, онда олар тритурация түрінде қолданылады.
Тритурация (латын сөзінен trіturatіo – ысқылау) алдын-ала улы немесе күшті әсер ететін
заттардың
Тиритурацияны қолдану улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың дәл дозалануын
қамтамасыз етеді, себебі 0,05 г аз мөлшердегі затты жоғары дәлдікпен қол таразымен
өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар тритурациялар аз мөлшердегі улы және күшті әсер
ететін дәрілік заттардың жалпы ұнтақ массасында біркелкі таралуын қамтамасыз етеді
Улы және кілегей қабықтарды тітіркендіретін заттарды майдалағанда арнайы қабы бар келі
немесе картоннан немесе пластмассадан жасалынған дөңгелек жабуы және келсапқа
арналған қуысы бар кәдімгі келілер қолданылады
Құрамында бояғыш, жағымсыз иіске немесе дәмге ие заттары бар ұнтақтар желатинді
капсулаларда (Capsulae gelatіnosae operculatae) босатылады. Капсулалар ұштары сопақша
болатын серіппелі цилиндр тәріздес мөлдір немесе әртүрлі түске боялған мөлдір емес,
ашылып жабылатын, бір-біріне еркін кіретін, екі бөліктен (корпус және қақпақ) тұратын
құтылар. Құрамына улы зат кіретін ұнтақтар салынған орауыш сүргіленеді. Улы және есірткі
заты бар рецепті, есеп беру үшін дәріханада қалдырылады, науқасқа сигнатура беріледі.
6
Достарыңызбен бөлісу: