Дәріханада тазартылған суды алу бөлек бөлмеде
арнайы қондырғыларды қолдану арқылы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы No 232 "Дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық
қағидаларын бекіту туралы бұйрығы талаптары бойынша құбырдағы
суды айдау тәсілімен
жүргізіледі. Бұл бөлмеде басқа жұмыстарды жүргізуге болмайды. Дәріханада дистилляцияны
дұрыс жүргізуді, аквадистилляторларды
және оның бөлшектерін өңдеуді, сонымен бірге суды
жинайтын және сақтайтын жауапты қызметкер тағайындалады. Тазартылған
судың сапасына
бастапқы құбырдағы ауыз суының құрамы, дистилляторлардың конструкциясының
ерекшеліктері әсер етеді. Өзен немесе құдық сулары қолданылатын ауылды жерлерде суды
алдын ала тазалаудан өткізеді, себебі, оның құрамында аммиак және тұздар болуы мүмкін.
Тазалау әдісі судағы қоспалардың қасиеттеріне байланысты болады. Механикалық
қоспалардан тазарту тұндыру немесе фильтрлеу арқылы жүргізіледі. Тазартылған суды
алуға
дистиллятор деп аталатын айдау қондырғылары
қолданылады. Әр қондырғы негізгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы,
конденсатор, қабылдағыш.
Достарыңызбен бөлісу: