1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


Сыртқа қолдануға арналған тамшылар



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар. 
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар көбінесе, құлақ 
және мұрын ауруларын емдеу үшін жазылады. 
Ішуге арналған тамшылар. 
Ішуге арналған тамшылар көбінесе дәрілік заттардың судағы, 
тұндырмадағы, сұйық экстрактыдағы және басқа сұйықтықтардағы ерітінділері болып 
келеді. 
Технологиясы: 
Қосымша ыдысқа тазартылған судан 5 мл өлшеп құйып, онда морфин 
гидрохлоридінің 0,02 г (электронды таразымен өлшенеді) ерітеді. Морфин гидрохлориді 
есірткі зат болғандықтан, оны дәрілердің сапасын бақылайтын фармацевт-технологтан 
алып, ол туралы есеп журналына тіркейді (ҚР ДСӘД 2015 жылғы 28 мамырдағы № 405 
бұйрығына сәйкес). Ерітіп болған соң, ерітіндіні алдын-ала тазартылған сумен жуылған 
фильтр арқылы сыйымдылығы 10 мл қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді. Сол фильтр 
арқылы судың қалған мөлшерін (5 мл) сүзеді. Тығындап, күлгін түсті гофрирленген 
қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргілейді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары 
«Балалардан сақта», «Абайлап қолдан». Рецепті дәріханада қалдырылады, науқасқа 
рецептінің көшірмесі (сигнатура) беріледі. 
Жазылымда 0,05 г-нан аз мөлшерде жазылған улы, күшті әсер ететін заттар белгіленген 
кезде, олардың алдын-ала дайындалған концентрлі ерітінділері қолданылады. 
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар. 
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар көбінесе, 
құлақ және мұрын ауруларын емдеу үшін жазылады. 
Технологиясы: 
Тазартылған судың 5 мл мөлшерінде 0,05 г дикаинды қосымша ыдыста 
ерітіп алып, оны алдын-ала жуылған фильтр арқылы босататын құтыға сүзіп, осы фильтр 
арқылы қалған 5 мл тазартылған суды сүзеді. Ең соңында адреналин гидрохлоридінің 0,1% 
ерітіндісінің 20 тамшысын қосады. Дәрілік түрді тығындап, босатуға безендіреді. Сүргілеп, 
сары түсті 
«Сырт тәнге»деген негізгі этикеткамен, «Абайлап қолдан», «Балалардан сақта» деген 
ескерту этикеткаларымен безендіріледі, науқасқа сигнатура беріледі. Рецепт, есеп үшін, 
дәріханада қалдырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет