Оғыз мемлекетiнiң тарихы. Қазақстан территориясымен тығыз байланысты. Оғыз мемлекетi Сырдарияның ортасы мен төменгi ағысында IХ-Х ғасырда өмiр сүрдi. Араб және қытай деректерінде Сырдария Кангар деп аталады. Оғыздардың құрамында Сырдарияның түрiк тұқымдас тайпалары, сол сияқты Жетiсу, Сібірдiң көшпелi, жартылай көшпелi тайпалары болды. IХ ғасырдағы ұзаққа созылған қақтығыстан соң оғыз көсемдерi Арал маңына, Батыс Қазақстан территориясына үстем болды. Осы жерге орналасқан түрiк тайпасы печенектерге соққы бердi.
Оғыздар мемлекетінің ең ертедегі хабарлардың бірі Әл-Якубидің (ІХғ) шығармаларында кездеседі. Бұл мағлұматтар оғыз мемлекеті, оның көршілес түркі тайпалары-қарлұқтар, тоғыз-ғұздар кимектермен жүргізген соғыстары жайлы.ІХ-Х ғ оғыз тайпалары туралы мәлімет Ибн әл-Факихтің (Хғ) географиялық еңбегінде кездеседі, онда оғыздар-кимектермен және тоғыз оғыздармен бірге «патшалар (малик) болып табылады және түріктер арасында өзгелерден гөрі көбірек құрметтеледі» деп хабарланады.
Мемлекет басында жоғарғы әкім-ябгу (жабғу). Жабғудың билігі ресми түрде патшалыққа сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мұраға қалып отырды. Олардың орынбасары күл еркіндер деп аталды. Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезінде халық жиналыстарының қайталанған түрі іспеттес кеңестерге сайланды. Алайда халық жиналыстары өте сирек шақырылды, ал күнделікті өмірде басты рөлді шонжарлар кеңесі (қанқаш) атқарған. «Оғыз билеушілері» хан тұқымдарынан сайланған, (інілеріне қарағанда ағасына артықшылық жасалынды). Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған, бала кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (сюбашы) маңызды орын атқарған. Оғыз мемлекетi өзiнiң сипаты жағынан ежелгi феодалдық мемлекет болды. үкiмет салық системасын енгiзiп арнаулы салық жинаушылар байланыстар жасады. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князi Святаславпен хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Соның нәтижесiнде хазар қағанаты күйредi. Х ғасырдың соңында 985 ж. бұл екi мемлекет бiрлесе отырып Едiл бұлғарларына соққы бердi. Алайда ұзақ жылдарға созылған соғыс, соғыс үшiн алынған алым-салықтар Оғыз тайпаларының наразылығын тудырады. Осындай iшкi қайшылықтардың салдарынан Әли ханның басқару кезiнде оғыз мемлекетiнiң жағдайы нашарлайды. Осындай жағдайды пайдаланып салжұқтар Жент қаласын басып алады. Бiрақ қала халқы салжұқтарды көп ұзатпай қаладан қуып шығады. Оғыз мемлекетi Әлиханның мұрагерi Шахмәлiктiң тусында қайта көтерiле бастайды. Ол 1041 жылы Хорезiмдi жаулап алған болатын, бiрақ Шәхмәлiк көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерiлген салжұктардың қолынан Хорезм түбiнде 1043 ж. қаза болды. Оғыз мемлекетi өз iшiндегi талас тартыстардан әлсiрей бастады. Көршi жатқан қыпшақтарда оларға жиi-жиi шабуыл жасап отырған. Салжұқатармен болған көп жылғы қақтығыстар оғыз бірлестігін әлсіретті. Оғыз мемлекеті Қыпшақ тайпаларының соққысынан соң күйреді. Қыпшақтардан ығысып, олардың едәір тобы Шығыс Европа мен Кіші Азия жеріне өтіп кетті де, қалғандары қарахан мен салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал қалдықтары ХІ ғасырдың ортасында түркі тілдес Дешті Қыпшақ тайпаларының арасына тарады. Оғыздардың этнонимі қазақ руларының, Кіші және Орта жүз тайпаларының аттарында сақталып қалды.
Оғыздардың діні : пұтқа табыну, шовенизм, кейінрек ислам діні.
ХI ғасырдың II жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан бiржолата ығыстырды. Қыпшақтардың қысынына шыдамаған оғыздардың бiр бөлiгi Европаның шығысына, Кiшi Азияға қарай жылжыса, кейбiр бөлiктерi Қарахан әулетiнiң қарамағында қалды, бiраз бөлiгi Хорасан салжүктерiнiң қол астына кiрсе, қалғандары қыпшақтардың қарамағында қалып, олармен сiңiсiп кетедi де Оғыз мемлекетiнiң құлауына әкеп соғады.
5. Қимақтардың мекенi Орталық, Солтүстiк, Шығыс Қазақстан қимақ, қыпшақ тайпалары бiрлестiгiнде феодалдық қатнастар бiртiндеп дамыған. Кимектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде VIIғ батыс түрік ортасында болған оқиғаларға қатысты яньмо тайпасымен байланысты айтылған.