15 сурак
Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Х ғасырдың орта кезінде Жетісу территориясында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде феодалдық құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын қабылдаған Қарахандықтар мемлекеті пайда болды. Орталығы—алғашқыда Баласағұн қаласында болған.
Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезінің саяси тарихында қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен, Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бограхан (915-955) Қарлұқ қағаны Білге Қазар ханның немересі. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталады. Қарахан сөзі Х ғасырдың аяғынан бастап, қарахандықтардың Орта Азияны жаулап ала бастаған кезінен мұсылман деректерінде пайда бола бастайды. Ал, Қарахан мемлекеті деген атау Х-ХI ғасырларда тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде қабылданған.
Қарахан мемлекетінің этникалық құрамы шігіл(чигил), жағма(яғма), қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілес тайпалардан тұрған. Шігіл және жағма тайпалары негізгі роль атқарған.
Жоғарғы өкімет билігі қағанның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Билік үлестігі жерлер арқылы жүрген. Үлестік жерлер ірі және кіші болып бөлінген. Ортағасырлық деректердегі “мүлік әл-хақан”, “әл-и-афрасиаб”, “тамғалы”, “алып-таңға” атақтарына ие болғандар да мемлекеттік басқаруға қатысқан. Қағанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құраған тұрақты ұйымы – талүқшылар болды. Кеңесші, көмекші уәзірлері де болған.
Қарахан мемлекетіндегі уәзірлер қарлұқ қағанының “кол еркіндеріне” ұқсас болған. М. Қашғаридың жазуына қарағанда, “кол еркінің” мәні кол-косір, шар-теңіз ақыл ой дегенді білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі—ақыл ойдың кені.
Қағанның мемлекеттік саяси әкімшілік іс жүргізетін орны Орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Қағандар мемлекетке салық жиналатын жерлерді оздерінің туыстарына және жақын адамдарына тартуға, сыйға берген. Мүндай тартулар парсы тілінде “иқта”, ал иеленушілер “иқтадар” деп аталынса, арабша иеленушілер “мүқта” деп те аталған. Иқтасы бар мүқта оны жаудан қорғауға тиісті болған. Бір ескеретін жәйт иқта мүқтаға заңды түрде берілмеген. Ал, берудің бірнеше жолы болған. Ол мүқтаның қоғамдағы орнына байланысты:
-егер мүқта қаған әулетінен болса, ірі жер үлестері берілген;
-бектерге орташа үлестік жерлер берілген;
-кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген.
Қарахандардағы жер иеленудің және бір түрі --әскери үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген.
Сатұқ Боғрахан өлгеннен соң (955) билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағандықтың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Сойтіп, Қазақстандағы патриархал-феодал мемлекеттердің ішіндегі мұсылман дінін ресми түрде алғаш қабылдаған Қарахан мемлекеті ( 960 ж.) болды. Сондықтан да Ислам дінінің өкілдеріне де вақфтық жерлер бөлініп отырған. Ескеретін бір нәрсе, бұл жерлерден салық алынбаған. Мұса билік құрған кезде мемлекет астанасы Қашқар қаласында болған.
Х ғасырдың 70-80 жылдарында Қарахандықтар мемлекеті Шығыс Түркістаннің барлық аймақтарын бағындырған еді. 990 жылы Саманилердің әлсіреуін пайдаланған Хасан(Харүн) Богра-хан Испиджабты басып алды. Екі жыл өткен соң Қарахандар Саманилердің астанасы Бұхараны алды. Алайда көп кешікпей Хасан Боғра-хан Бұхараны, сондай-ақ өзі алған Самарқандты тастап Жетісуға кетуге мәжбүр болған.
Мауараннахрға жасалған сәтсіз жорық Қарахандардың басқыншылдық желікпесін баса қоймады. 996 жылы Әли Арсланның баласы Насыр (Насыр ибн Әли) Саманилерге жаңа жорық жасады. 999 жылы Насыр ибн Әли Мауараннахрға бет алды. 1005 жылы Мауараннахр Қарахандар қолына түпкілікті көшті.
Сөйтіп, ХI ғасырдың басында Жетісу, Шығыс Түркістан және Мауараннахрды біріктірген ірі әскери феодалдық мемлекет қалыптасты. Бірақ бұл мемлекет ХI ғасырдың 30 жылдарында екі дербес мемлекетке: Шығыс Қарахан және Батыс Қарахан мемлекеттеріне бөлініп кетті. Шығыс Қарахан мемлекетінің астанасы Қашқар қаласында , ал Батыс Қараханның астанасы Бұхара қаласында болған. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жайылым жерлерге мұқтаж болған мал өсірұшілер тым шалғай жерлерге көшіп-қонып жүруге мәжбүр болған. Ибн ал-Асир былай деп атап көрсетті: “Жетісу түріктерінің кейбір топтары жаз Бұлғар(Волгада) өлкесін жайлап, қысты Баласағұн өлкесін қыстайды”.
Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Олар отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара мал өсірді. Сиыр малы негізінен жартылай отырықшы және отырықшы мал өсірушілерде болды.
Аң аулау жартылай отырықшы және жартылай көшпелі халық топтары үшін тіршілік ету көздерінің бірі болды. Құлан, киік, бұғы, архар мен қабан, қасқыр,түлкі, аю ауланды. Халықтың жоқ-жітік кедей топтарының шаруашылық тұрмысында, әсіресе Іле, Шу, Талас өңірлерінде, Сырдарияның орта бойында балық аулау айтарлықтай роль атқарды.
ХI-ХII ғасырларда түрік тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа бастады. Отырықшыланғандардың көпшілігі қала халқын толықтырды.
Осы кезде Испиджаб пен Баласағұн аралығындағы өңірлерде, Махмуд Қашғаридың хабарлағанындай, әдетте қалаларда тұратын соғдылықтардың түріктену процесі күрт күшейді.
Отырықшылық дамыған аудандарда мардымсыз болса да, шаруалардың өз жерлері болған. Ал көшпелі аудандарда жерді қауым болып пайдаланған. Жері жоқ шаруаларды қанаудың түрі оларға үлестік жер беру, араб-парсы дерек-терінде үлескерлер (шаруалар) “мұзарлар” немесе “барзигар” деп аталған. Олар мемлекеттік немесе мүрагерлік жер иелерінен кейде вақфтық жерлерді үлеске алып, өңдеп, түскен өнімнің көбін жер иелеріне төлеп отырған. Қанаудың екінші түрі – коммендация. Оның мәні үсақ жер иелері немесе орта шаруалардың отбасының азын- аулақ мал-мүлкі мен байлығы күштілердің талан- таражына түсуінен, зорлық-зомбылығынан сақтану үшін күштілердің қорғауына (патронатына) берілуі. Ол үшін өздерінің “қорғаушыларына” тиісті алым-салық төлеген. Дәл осындай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда да болған.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жағдайлар, Қарахан мемлекетінің өзінен бұрынғы феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы екендігін корсетеді. Олай болса бұл кез (Х-ХII ғғ.) Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс аудандарында феодалдық қатынастардың қалыптасып болғандығына толық дәлел.
16 сурак
Ұлы Жібек жолы – елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан , түрлі мәдинеттерді бір – бірімен жақындатқан , Шығыс пен Батыс елдерінің қалаларының арасында байланыс орнатып , қалаларға үлкен ықпалын тигізген сауда жолы болған. Ұлы Жібек жолының ұзындығы 7 мың шақырымнан 12 мың шақырымға дейінгі жолға созылды. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Керуен жолы Қытай жерінен бастап , Жерорта теңізіне дейін созылған. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Осы екі торап арқылы Ұлы Жібек жолы Жетісу өңірі арқылы Шығысқа шығады , ал Оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы Батысқа шығады.
Шығыс пен Батысты байланыстырған бұл Ұлы Жібек жолы түркі жері үшін үлкен рөлді ойнайды. Ұлы Жібек жолының қажеттілігі мен пайдалану шарттары қаншалықты өзгеріп отырса да , оның қызметін қайта қалпына келтіріп , ұдайы қолданыста болуын қамтамасыз еткендер - ең алдымен түркі халықтары , олар құрған мемлекеттер мен империялар болатын. Қысқартып айтқанда , әлем тарихы мен өркениеті үшін Ұлы Жібек жолының маңызы қаншалықты үлкен болса , түркі халықтары да оның осы күнге дейін келіп жетуінде , жұмысын жалғастыруында соншалықты үлкен рөл атқарған.
Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды:
VI-XIII ғасырдың басындағы түрік қағанаттарының бақылауындағы кезең;
ХІІІ ғасырдың басы мен ХІV ғасырда Шыңғысхан империясының бақылауындағы кезең;
ХІV ғасырдың екінші жартысы мен ХV ғасырдың басындағы Әмір Темір империясының бақылауындағы кезең.;
Ұлы Жібек жолының басты тауары жібек матасы саналды. Жібек матасы жұқа , жұмсақ , жеңіл мата. Ал жібектен жасалған киімдер әдемі , ыңғайлы және сәнді еді. Сондықтан түркі ақсүйектері тек жібек матадан тігілген киімдерді киген. Мысалы , Тон – Жабғу қағанның жасыл жібек шапан кигені белгілі. Араб географы әл – Идриси мәліметтері бойынша , дәулетті қиматтар түрлі түсті жібек киімдер киген. Ұлы Жібек жолының Еуропадан Қазақстан жеріне әйнек және теңгелер , айна , шыны ыдыстар , түймелер мен қапсырмалар жүргізілді. Ал Қазақ жерінен тері мен жүн , жылқы , қой тасылған.
Ұлы Жібек жолы бойында өнер туындыларымен алмасумен қатар, артефактыларды жергілікті жерде жасап шығаруға деген ұмтылыс та пайда болды. VІІ-ІХ ғасырлада жібек маталарын тоқу өндірісі Соғдыда да жоғары деңгейге көтерілді. Онда жібек маталарына соғдылық ізгілік рәмізі бұғының суретін салу кең тарады және бұл заттар әлемнің көптеген аймақтарынан табылып отыр. Неше түрлі самұрық құстар мен арыстандардың, қанатты аттар-пырақтар мен тарантулпардың, грифондар мен аждаһалардың жібеккке салынған бейнелері бұл дәуірдің айшықты белгісіне айналды.
Түрік қағандары Жетісу аумағын басып өтетін сауда керуендерін қол астына қаратып , толық бақылауына алды. Түрік билеушілері мен ауқатты түркілер ағылып келіп жатқан тауарлардың ірі тұтынушысы еді. XIII ғасырда Ұлы Жібек жолын Моңғол империясы тиімді пайдаланып , өз бақылауына алады. Бұл кезеңде керуен жолы біршама гүлденіп , халықаралық сауда мен мәдени байланыстарға өз үлесін қосып тұрды. Моңғолдар сауданың дамуын қолдап , дінге қарсылығын көрсетпеді. Моңғол билеушілерінің ордалары ірі сауда қалаларында орналасты. Жол бойында жаңа қалалар мен керуен сарайлар бой көтерді.
Ортағасырлық зерттеушілердің жазбаларын мен археологиялық қазбаларын зерттеу нәтижесінде Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда ІХ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың басында өзінің ең биік деңгейіне жеткендігін айғақтайды. Испиджаб , Кедер , Отырар , Тараз , Науакент , Баласағұн ірі сауда орталықтары болып қалды. Оларға солтүстік-шығыс Жетісудың Қоялық , Екі – оғыз қалалары қосылды.
Осы кезеңде Шу , Талас және Сырдария өлкелерінде қала орталықтары қалыптасады. Бұл қалалар Арал бойындағы құрғақ шөлейт аймақта өте жақсы сақталды. Олардың күнге қараған сары қабырғалары бүгінге дейін биіктен көрінеді , ал төбелер астында үлкен көне қорымдар сақталған. Тараздың жанында Жамуқат қаласы болған. Оның қалдықтары Талас алқабында жатыр. Бұл орын қазір Қостөбе деп аталады. Жібек жолының бойында бірнеше жаңа қалалар пайда болып, ал бұрынғы қалалар одан әрі дами түсті.
Ұлтаралық төзімділік, көп түрлі діндердің татулығы , бөгде салт-дәстүрге құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі болды. Келе жатқан кез келген жолаушы бұл жерлерде өз халқының мәдениеті мен дәстүрін көрсете алды.
Ұлы Жібек жолының Қазақ жеріндегі бағытындағы сауданың дамуы ақша жүйесінің қалыптасуына алып келді. Жол бойында әр елдердің теңгелерін айырбастау орындары болды. Отырар , Испиджаб , Тараз , Жент , Қойлық қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Теңгелер , мыс пен күміс тиындар , дирхем , алтын динар соғылды.
Жошы ұлысында теңгелер Сарайшық , Сығанақ және т.б. қалаларда шығарылды. Қолөнершілер шаруашылыққа қажетті құрал – саймандар , сәндік бұйымдар жасаумен айналысты.
Ортағасырлық Сырдария қалаларында археологиялық қазбаларды жүргiзген кезде табылған заттар Ұлы Жібек жолын зерттеуде маңызды дерек көздерi болып табылады. Осындай олжалардың қатарына Отырардан табылған күміс көмбе жатады. Көмбенің теңгелер жиынтығы таңғалдырарлық. Онда Түркiстан қалаларының , Кiшi Азия , Еуропа , Еділ бойы қалаларының ақша сарайларының белгілері бар. Қазбалар барысында зергерлiк бұйымдар , тұрмыс заттары , теңгелер табылды , оларды Ұлы Жiбек жолындағы барлық қалалардың өзiндiк «сыр сандығы» деуге болады.
Жібек жолы тек сауда - саттық жолы болып қана қалмай , Еуразия өркениетін тоғыстырып , қоғамның дамуына зор үлес қосты. Осынау Ұлы Жібек жолының жатқан территориясында ислам , иудаизм , христиан , индуизм діндері , үнді - еуропалық , семит , син – тибет тілдері , алуан түрлі көзқарастар , инновациялар , символдар , ғылым салалары өркендеді. Мысалы, грек тілінің құндылықтарын Орталық Азия мен Инд жазығынан естуге болатын. Қазақ тілі құрамындағы араб , парсы , грек , шумер , аккад тілдерінен енген сөздер Ұлы Жібек жолы бойындағы рухани байланыстардың , қарым – қатынастардың нәтижесі , мәдени - экономикалық жаһанданудың жемісі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия , Иран , Орта Азия , Кавказ , Алтай , Сібір , Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан жол Гизгирдқа , Испиджабқа келіп , одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет , Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға , оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде – Шельдяни , Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға , одан әрі Құлан , Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек , Есік , Кеген аудандарында , Подгорныйға , одан әрі Шонжыға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз , Қиялық , Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға , Алтайға , Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып , солтүстік-батыста – Арсубаникент , Арыс , Кедер , Шауғар , Сауран , Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Испиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Құмкент , Аба – Ата , Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір , Жезді , Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді , тіпті , Ресей , Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды , оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар киіз үйді , ат әбзелдерін жасау өнерін , кілем тоқуды , күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды , бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері , Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар , ежелгі Түрік жазба әдебиетінің Орхон ескерткіштері.
Әмір Темір мемлекетінің тарих сахнасына шығуымен XIV ғасырдың соңында Ұлы Жібек жолындағы сауда қатынастары біршама құлдырады. Әмір Темірдің әскери – ұрыс қимылдары мен шапқыншылық жорықтары нәтижесінде қалалар қирады , жерлер тоналды , көрші елдердің экономикасы құлдырады , транзитттік сауда желісі үзілді.
Теңіз жолдарының ашылуы да Ұлы Жібек жолының құлдырауына алып келді.
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен байланысы негізінен , табиғи – географиялық , саяси – экономикалық және мәдени факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қолданушысы , әрі ұйымдастырушысы , яғни серіктесі болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Еуразиямен коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып , бұл жолдың тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында басты орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына септігін тигізсе , ал түркілердің әскери – саяси дарыны Ұлы Жібек жолының кеңейіп , гүлденуіне жол ашқан. Мыңжылдықтардың өркениет жадысы мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да , адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды. Аталмыш жол алыс – жақын елдер арасындағы тек тауар айырбасын ғана емес , сонымен қатар , жаңашыл технология , дін , ғылым және өнер саласында қол жеткізген жетістіктермен өзара алмасуды да қамтамасыз еткен. Тарихы терең осынау сауда – өркениет желісі тек Шығыс – Батыс бағытында ғана емес , сондай-ақ кері бағытта да сауда-саттықты жүзеге асырып , Еуропаның көптеген жаңалықтарын Шығыс елдеріне алып келген. Жалпы алғанда , Ұлы Жібек жолы жаңа дәуірге дейін әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономикалық және мәдени дамуын жүзеге асырып , олардың өзара байланыстарындағы бай тәжірибесі арқылы бүгінгі жаһандану үдерісіне қатысуын негіздейтін тарихи – мәдени процестерді басынан өткерген. Ұлы Жібек жолы Шығысты Батысқа, ал Батысты Шығысқа ішкі мазмұны мен кұрылыс ерекшеліктеріне қарай жан-жақты танытқан. Осыған байланысты, екінші және үшінші мыңжылдықтарды тоғыстырған бүгінгі тарихи кезеңде жаһандану процестерінің аса қажетті амал-әрекеті ретінде Ұлы Жібек жолы идеясын заманауи технологиялық жетістіктер базасында қайта жаңғырту мүмкіншілігі туып отыр. Қазіргі таңда тарихи «Ұлы Жібек жолын» қайта қалпына келтірудің бір үлгісі ретінде «Жаңа жібек жолы» ТРАСЕКА – Еуропа – Кавказ – Азия халықаралық тасымал дәлізі жобасы жүзеге асырылуда.
17 сурак
1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайлды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты моңғол мемлекетін құрды. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулап алынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші
Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді [2; 79 б.]. Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді. Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған. Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІV-XV ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.
18 сурак
Шыңғыс хан ең алдымен найман, керей, жалайыр сияты айпаларды жаулап алып, Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, Моңғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғысхан белсене қатысты.
1207 –1209 ж. үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Осы жылдары Шыңғыс хан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін басып алды. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды.
1211-1215 жылдары аралығында Қытай жерін басып алып, соғыс техникасын қолға түсірді
1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін Моңғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бұйырды. 1218 жылы Күшлік-хан талқандалды да, Моңғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды христиан наймандар мен буддистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды. Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін Моңғол қолбасшысы Жебе-ноян жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету құқығы қайтарылсын деп бұйрық берді. Қашып кеткен Күшлікті моңғолдар Бадахшанда қуып жетіп, басынн алды. Сөйтіп, Шыңғыс иеліктері Хорезмшах мемлекетіне таяп келді. Жошы хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мындық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазақ далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтің пікірінше, Шыңғысхан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның моңғолдармен ашық шайқаска неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі моңғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты.Шыңғысханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Моңғолияға бірінен соң бірін екі елшілік аттандырды. Өз тарапынан Шыңғысхан да елшілік жіберді. 1218 жылдын көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады.
Содан көп кешікпей Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенде моңғол жансыздарын қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қыпшақ Ғайыр-хан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғысхан Қайыр-ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды. Тіпті хорезмшах Ғайыр-ханды Моңғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның мұны жүзеге асыруы екіталай еді. Ан-Нисавидің айтуынша, «ол оған (Шыңғысханға) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердің көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Онын кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның мемлекетінде толық билік жүргізді». Хорезмшахтың мемлекетінде орта ғасырлардағы Қазақстан далаларынан шыққан қыпшақтар осындай ықпалға ие болған. Шыңғысханның хорезмшахпен соғысу үшін жинаған әскерінін дәл саны белгісіз, одақтастарымен - Жетісу қарлуқтарымен және Шығыс Түркістан ұйғырларымен қосып алғанда 150 мың жауынгер деген сан жобаға келеді. Жорық 1219 жылдың қыркүйегінде Ертіс жағалауынан басталды. Деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Шыңғысхан әскерін Ертістен Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап алушылар жүрген жолмен — Жетісу арқылы алып өткен.
Отырарға таянғанда Шыңғысхан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей баскарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына - Жент жөне Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғысханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. Отырардың билеушісі Қайыр-хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды коршау бес айдай уақытқа созылды. Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мындық колымен Моңғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, Моңғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғысханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді.[2]
Шыңғыс хан басып алынған жерлерді өз ұлдарына: қыпшақ даласын Жошыға, Іле, Жетісу, Мауераннахр өлкелерін Шағатайға, Шығыс Түркістан, Алтайды Үгедейге бөліп берді. Батысқа қарайғы жерлерді басып алуды Жошыға тапсырып, өзі 1225 ж. Қарақорымға қайтып оралды. 1226 ж. таңғұттарға қарсы соңғы жорығын жасады. Шыңғыс хан империясы Ляодун түбегінен Кавказға, Байкалдан Тұрпанға дейінгі алып кеңістікті алып жатты. Шыңғыс хан өлерінде балаларына Корея түбегіне дейінгі өлкені жаулап алу мен батысқа қа-райғы шабуылдарды жалғастыра беруді өсиет етті. Әкесінен кейін “ұлы хан” тағына отырған Үгедей Алтын елін біржолата жаулап алды. Мөңке Қытайға қарсы жорыққа аттанды, Төленің тағы бір ұлы Хулагу Иранды бағындырды. 1235 ж. Бату бастаған қол батысқа қарай жорық жасап, Шығыс Еуропаның көпшілік бөлігі мен Русьтің шығысын жаулап алды. Нәтижесінде 1245 – 46 ж. әйгілі Жошы-Қыпшақ (Алтын Орда) державасының негізі қаланды. Бұл держава шығысынан батысына дейінгі аралығы шамамен 6160 км, солтүстігінен оңтүгіне дейінгі аралығы 4400 км алып өлкені қамтыды. Қытайға қарсы аяқталмай қалған жорықты Құбылай одан әрі жалғастырды. Бұл жорық 30 жылға (1260 – 90) созылды.
Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Моңғол империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.
19 сурак
Достарыңызбен бөлісу: |