1 дәріс Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


сурак . Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі



бет11/15
Дата25.05.2023
өлшемі122,62 Kb.
#97599
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
билет ж

20 сурак
. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі.
ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады. Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, ОрдаБазар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды. 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды.
Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.

21-сурак


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет