1 дәріс Аналитикалық химия: пәннің мақсаты мен міндеттері. Аналитикалық химияның негізгі түсініктері. Заттардың аналитикалық белгілері және аналитикалық реакциялар. Аналитикалық реакциялар мен реактивтердің түрлері


Сапалық талдау әдістерінің жіктелінуі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.11.2023
өлшемі273,64 Kb.
#123088
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 1

Сапалық талдау әдістерінің жіктелінуі 
Сапалық талдау әдістері химиялық, физикалық, физика-химиялық және 
биологиялық деп бөлінеді. 
Химиялық әдістер
- химиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі, ал 
аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды. Химиялық реакциялардың 
орындалу тәсілдеріне байланысты а) құрғақ түрінде анализдеу және б) ерітінді 
түрінде анализдеу деп ажыратады
Физикалық әдістерде
– анализ химиялық реакцияларсыз жүреді, бұл әдіс 
заттардың физикалық қасиеттеріне негізделеді. Мысалы, спектралды, 
рентгеноструктуралық, масспектрометрия әдістері. 
Физика-химиялық әдістерде
– анализ химиялық немесе электрохимиялық 
реакциялардың көмегімен жүреді, ал олардың нәтижесінде жүйенің 
физикалық қасиеттері өзгереді. Осы өзгерістерді түрлі аспаптармен өлшейді. 
Физика-химиялық әдістерге потенциометрия, фотометрия, амперометрия, 
полярография т.б. әдістер жатады. 
Биологиялық әдістер 
– микроорганизмдердің өмір сүру уақытына 
негізделеді. Биологиялық әдістер дәрі-дәрмектің, түрлі препараттардың 
биологиялық активтілігін анықтау үшін қолданылады. 
Химиялық әдістерге тоқтайық. Құрғақ түрінде анализдеу тек алғаш 
мәлімет алу ұшін қолданылады. Бұл әдістің пирохимиялық түрінде 
зерттелетін заттың кристалдарын немесе ерітіндісіне малынған платина 
немесе нихром сымын жалында қыздырғанда, қосылыстардың ыдырауы, 
балқуы, айдалуы, булануы нәтижесінде жалын түсі өзгереді. Мысалы, натрий 
жалынның түссіз бөлігін сары түске бояйды, барий тұздары – жасыл түске, 
калий тқздары – күлгін түске бояйды. Құрғақ талдаудың екінші түрі – ұнтақтау 
әдісі. Зерттелетін затты анықтаушы реагентпен көліге салып ұнтақтайды. 
Реакция нәтижесінде түсті қосылыс түзіледі, түсіне байланысты қорытынды 
жасалады. 


Ерітінді түрінде анализдеу сантиграмм-әдісімен кіші пробиркаларда 
жүргізіледі де аналитикалық сигнал байқалады. Тамшылық әдіспен талдауды 
фарфор шыныда немесе сүзгіш қағазда орындайды. Зерттелетін ерітіндінің бір 
тамшысын сүзгіш қағазына тамызып, оның үстіне анықтаушы реагент қосады 
да өзгерісті көзбен шолып байқайды. Микрокристаллоскопиялық әдісінде 
реакция нәтижесінде түзілген химиялық қосылыстың өзіне тән пішіні мен 
түсіне қарап қорытынды жасайды. Ол үшін шыны пластинкаға талданатын 
ерітіндінің 1-2 тамшысының қасына 1-2 тамшы реагент тамызып, шыны 
таяқшамен екеуін абайлап қосады және жалында ұстап буландыру аркылы 
концентрлейді. Содан соң тамшылардың түйіскен жерінде түзілген 
кристаллдарды микроскоппен қарастырады. 
Анализге алынған заттың мөлшеріне байланысты да аналитикалық 
әдістерді келесі түрлерге бөлуге болады: 
грамм-әдіс 
макроанализ 
1-10 г; 
сантиграмм-әдіс 
жартылай микроанализ 0,05-0,5 г; 
миллиграмм-әдіс микроанализ 
10
-6
-10
-3
г; 
микрограмм-әдіс ультрамикроанализ 
10
-9
-10
-6
г; 
нанограмм-әдіс 
субмикроанализ 
10
-12
-10
-9
г. 
Әдістің түріне байланысты әртүрлі химиялық ыдыс және аспаптар 
қолданылады (СӨЖ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет