1 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары



бет5/9
Дата14.10.2023
өлшемі47,55 Kb.
#113721
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қошке Кемеңгерұлы өзіне дейінгі кезең мен өзі өмір сүрген уақыттағы әдіскер-ғалымдардың оқулықтарымен танысып, ондағы озық идеялар мен тұжырымдарды назардан тыс қалдырмады. Қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым А.Байтұрсынұлының тілге, әдістемеге қатысты көзқарастары Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінің дереккөздеріне айналды. А.Байтұрсынұлы жалқылау-жалпылау, талдау-жинақтау, салыстыру, дыбыс, ойын, зерттеу, сауаттау т.б. әдістерге түсініктеме берсе, Ж.Аймауытұлы оқытудың талдау (анализ), ұластыру (синтез), жалқылау, жалпылау, әңгімелесу, түсіндіру, көрнекілік, тұтас сөз әдісі, дыбыс әдісі, ойнамалы дыбыс әдісі деген түрлерін сипаттайды.
Қ.Кемеңгерұлы өмір сүрген кезеңдегі қазақ ағартушыларының ішінде оқыту әдістемесіне, ондағы әдіс-тәсілдерге жаңаша көзқарас әкелгендердің бірі – Ж.Аймауытұлы. Ғалымның «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі мен өнер таңдау» сынды еңбектері өз заманында жоғары бағаланған. Ж.Аймауытұлы «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде балаға білімді жүйелі меңгертудің жолдарын сөз етеді. Автор: «Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі – дидактика», – деп оған қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Құдайберген Жұбанов – қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен қазақ тілін оқыту ісінің қалыптасуында өзіндік үлкен орны бар, қазақ лингвистикасындағы тұңғыш профессор. Қазақ тілін бастауыш, орта буындарда және жоғары оқу орындарында оқыту ісіне арналған әдістемелік еңбектерінің бағасы зор. Ғалым және ұстаз ретінде қазақтың көптеген көрнекті ғалымдарын тәрбиелеп, олардың азаматтық тұлғаларын қалыптастыруда үлкен із қалдырды. Қ.Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығы (5-сыныпқа), қазақ тілі бағдарламасының Жобасы, көптеген әдістеме мәселелеріне қатысты мақалалары мен сөйленген сөздерінің маңызы үлкен. Өйткені, қазақ тілінің жағдайын сол кездегі саясатпен байланыстыра қарап, қалай болғанда қазақ тілін биікке қанат қақтыру мақсат болғанын ғалымның әрбір сөзінен тануға болады.
Сәрсен Аманжолов 1931 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында қазақ тілі кафедрасында жұмыс істеп, 1937-1958 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Қазақ тілі синтаксисі, диалектология, әдеби тіл салаларында, әдістеме мәселелері жөнінде көп еңбектеніп, мол мұра қалдырды. С.Аманжоловты қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптасу кезінен бастап, даму дәуіріне дейін жеткізген шебер әдіскер ғалым ретінде таниды. Оны ғалымның төмендегі ойларынан анық байқауға болады: Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары. «Сөйлей білу – ойлай білу» деп жоғарыда айттық. Олай болса дұрыс ойлау, дұрыс жазуға мүмкіндік тудырса керек. Әрбір адам дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеп, әсіресе, дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек. Өйткені бұл күнде көп адам дұрыс ойлауын ойласа да, дұрыс сөйлей, әсіресе дұрыс жаза білмейді. Қазақтың «сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс; Ойлауың дұрыс болғанмен, сөйлеп үйренбейінше, пікіріңді айта алмайсың. Сол сияқты ойлағаныңды жазып үйренбесең, тағы болмайды. Сөйлеуді адам коллектив ішінде жүріп, біреуге еліктеп, біреуден үлгі алып, халықтың бай тілін пайдалана жүріп, үйренгенін өзі сезбей қалатын болса, жазуды ойлай-үйрене алмайды. Мен бұл өмірде жазу дегеннің өзін екіге бөлем:
 қалай болса солай, естіген-естігенінше, айтқан-айтқанынша жазу бар;
 мәдени үлгілі жолмен жазу, әдеби тілдің нормасын, ережесін, жобасын сақтай жазу бар. Нормаға бағынбай, қолмен жазылған сөздерді біз тізгінсіз, үлгісіз жазу білмейміз. Ал, бас-аяғы жинақты, түсінуге ұғымды жеңіл, белгілі өлшеммен, белгілі ережемен жазылған сөзді, қысқасы, белгілі нормаға сала жазылған сөздерді әдеби тілдің қалыбы мен (нормасы) жазылған я айтылған білмейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет