1 Дәріс. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы


Дәріс. Қазақстаннын Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынастары



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.01.2017
өлшемі0,75 Mb.
#1749
1   2   3   4   5

7 Дәріс. Қазақстаннын Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынастары 

1.

 



Қазақстанның Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынастары. Бразилия және 

Аргентинамен дипломатиялық, саяси және экономикалық қарым-қатынастар. 

2.

 

Куба, Чили және Латын Америка мемлекеттерімен саяси және экономикалық байланыстар 



3.

 

Қазақстанның Латын Америкасы елдеріне қатысты сыртқы саясатының маңызды салалары 



мен негізгі бағыттары. Осы аймақтағы мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық 

қатынастар және олардың болашағы. 

        

Латын     Америкасы    деп    АҚШ    пен    Антарктида     аралығында   орналасқан    

Батыс   жарты    шардағы   ауданды   айтады.

 

Оған  Мексика, Орталық    Америка   елдері



Вест –  Индия   және  Оңтүстік  Америка   кіреді. Мексика, Орталық Америка және Вест-

Индияны  кейде  Мезоамерика  субауданына  біріктіреді.  Оңтүстік  Америкада  екі 

субауданды ажыратады:Анд елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили 

және  Латын  елдері  немесе  атланттық  –  Аргентина,  Уругвай,  Парагвай,  Бразилия.  Соңғы 

субауданда алғашқы үш елді Чилимен қоса жиі Оңтүстік конус субауданына біріктіреді. 

«Латын Америка» түсінігі дүниенің  осы бөлігіндегі Пиреней  түбегінің  роман халықтары 

испандықтардың  және  португалдықтардың  тілі,  мәдениеті  мен  дәстүрінің  ықпалымен 

тарихи қалыптасқан ұғым. Олар 16-17 ғасырларда Американың осы бөлігін жаулап алып, 

оны отарлады және осында қалыптасқан ұлттардың маңызды бөлігін құрады. Европаның 

басқа елдерінің- Ұлыбритания, Франция, Нидерландының отарлау жаулап алушылықтары 

көп  болған  жоқ  және  кем  басталған,  сәйкесінше  оның  халықтарының  ұлттық  әсері 

айтарлықтай  көп  емес.  Қазіргі  таңда  Латын  Америкасының  33  саяси  дербес 

мемлекеттерінің  18-інде  ресми  және  басым  тіл-испан  тілі(халықтың  63%);  Бразилияда 

(халықтың  34%)  –  португал,  ал  14  кішігірім  елдерде  (халықтың  3%)  ресми  тіл  болып 

француз  тілі  (Гаити)  жарияланған,  ағылшын  Гайана,  Тринидад  и  Тобаго,  Барбадос, 

Ямайка, Багам аралдары, Гренада, Доминика, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадин, 

Сент-Кристофер  және  Невис,  Антигуа  и  Барбуда,  Белиз  және  голланд  тілі  суринамда. 

Соңғы  жылдары  Вест-Индияның  көлемді  емес  жерлері  тәуелсіздік  алуына  байланысты 

және Белиз, Гайана, Суринам «Кариб елдері» географиялық субауданына біріктіріліп жүр. 

Ал  барлық  аймақ  БҰҰ-ның  номеклатурасында  «Латын  Америкасы  және  Кариб  елдері» 

деп  аталады.  Алайда  ресми  құжаттардан  тысқары  бұл  аймақты  ескі  дәстүр  бойынша 

Латын Америкасы деп атайды. 

          ІІ  дүние  жүзілік  соғыс  кейіннен  отарлау  жүйесінің  күйреуі  Латын  Америкасы 

елдеріне  де  әсер  етті.  Куба  халқы  1959  жылдың  қаңтар  айында  қарулы  жолмен 

тәуелсіздігін  алды,  Ұлыбританияның  көптеген  отарлары  да  егемендікке  жетті.  Латын 

Америкасындағы  демократиялық  қозғалыстардың  нығаюына  Никарагуалықтардың  1979 

жылы Самос әулетінің құлатуы зор маңызы болды. АҚШ алдында басып алған жерлерді 

басқаруын жалғастырып келеді: Пуэрто-Рико (АҚШ-қа өз еркімен қосылған мемлекет деп 

жарияланған),  Панама  каналының  аймағы,  Виргин  аралдары.  Олар  өз  қолдарына  әскери 

жүйені ұстап отыр, соның ішінде Кубаның территориясындағы Гуантаманы. 

        Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен халықаралық 

аренада  елеулі  саяси  салмағы  бар.  Ол  жаңадан  қалыптасып  жатқан  дүниежүзілік 

қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді түрде атсалысуда. 

Соңғы  үш  жылда  бұл  өңірге  АҚШ,  Қытай  және  Ресей  секілді  алпауыт  елдердің,  тіпті 

төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы ат басын тіреді. Мұның бәрі 

Қазақстанның  сыртқы  саясат  басымдылықтарында  аталған  өңірге  ерекше  назар  аудару 

қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен 

экономикалық  мүдделерін  «жаңа  құрлықта»  ілгерілетудегі  маңызды  қадамдардың  бірі 

болары 

анық.  


         Латын  Америкасындағы  ірі  мемлекет  –  Бразилияның  үлесіне  әлемдік  жалпы 

жиынтық  өнімнің  8  пайызына  дейін  тиесілі.  Ол  қазіргі  заманғы  геосаяси  жағдайларға 

бейімделудің жолын іздестіре отырып, әлемнің басқа да бөліктерінде белсенді әрекет етіп 

жатқан ықпалдастық құрылымдармен, өз өңірлерінде көш басын ұстаған мемлекеттермен 

тығыз  қарым-қатынас  орнатуға  ұмтылуда.  Бразилияның  2006  жылдың  тамыз  айында 

Астанада  өз  елшілігін  ашуы,  арнайы  тапсырмалар  жөніндегі  елшісін  жіберуі  соның  бір 

көрінісі 

болса 


керек.  

         Мұның  сыртында  Бразилия  мен  Латын  Америкасындағы  өзге  мемлекеттердің 



әлемдік  ірі  алпауыт  топтармен  қарым-қатынасты  оңтайлы  құра  білетін,  өңірде  дербес 

орталық  ретінде  әрекет  ете  алатын  экономикалық  және  саяси  одақ  құруға  негіз  қалап 

жатқандығы  да  назар  аудартады.  Осы  ұмтылыстың  ауанында  әлемдік  форумдар  мен 

өңірлік,  субөңірлік  халықаралық  ұйымдардың  жұмысына  толыққанды  қатысатын  Латын 

Америкасы  елдерінің  көпжақты  дипломатиясының  мәні  мен  салмағы  айтарлықтай 

өсетіндігін 

де 

болжауға 



болады.  

         Көпжақты форматта Бразилия мен Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары ұқсас. 

Олардың  негізгілері  мынадай  болып  келеді:  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету, 

аумақтық  тұтастықты  сақтау  және  нығайту,  әлемдік  қауымдастық  алдында  берік  әрі 

беделді  орынды  иелену,  өңірлік  қауіпсіздік  жүйесін  қалыптастыру,  БҰҰ  Жарғысының 

қағидалары мен халықаралық құқыққа негізделген, қалыпты және демократиялық әлемдік 

тәртіпті қалыптастырудың жалпы үдерістеріне ат салысу, сыртқы  сауданы ырықтандыру 

және  халықаралық  институттардың  ауқымында  әлемдік  қаржы-экономикалық  жүйе 

қызметінің  қазіргі  заманғы  қағидаларын  әзірлеуге  қатысу.  Мұндай  сәйкестік  көпжақты 

дипломатия  саласындағы  ынтымақтастықтың  болашақ  бағыттарын  айқындары  сөзсіз.  

Латын  Америкасы  бүгінгі  таңда  экономикалық  мегатоптардың  көкжиегіне  тартылуда. 

Мәселен, қазір Латын Америкасы елдері мен АҚШ арасында осы өңірдегі елдердің басым 

көпшілігін  ықпалдастыратын,  еркін  сауда  аймағын  құру  туралы  ұйғарым  бар.  Бұл  ниет 

жүзеге  асса,  әрі  қарай  кеден  және  валюта  одағының  да  құрылуы  әбден  мүмкін.  

Дей  тұрғанымен,  панамерикалық  еркін  сауда  аймағын  құру  жобасы  кейбір  дуалы 

ауыздардың  айтуынша,  Латын  Америкасы  елдерінің  бар  мұқтажын  өтей  алмайды. 

Сондықтан  ұзақмерзімді  болашақта  олар  төрткүл  дүниенің  өзге  де  өңірлерімен  өзара 

тиімді ынтымақтастықтар орнатуға ұмтылатын болады. Ал бұл үдерістің басында қай ел 

тұратынына  келсек,  оған  кезінде  айтылған  АҚШ  президенті  Р.Никсонның  «Бразилия 

қайда  барса,  Латын  Америкасы  түгелдей  сонда  барады»  деген  сөзіммен  жауап  беруге 

болатын 

сияқты.  

         Жалпы,  Бразилия  мен  сол  өңірдегі  елдер  Қазақстанға  экономикалық  жағынан 

тартымды  көрінетіні  жасырын  емес.  Бразилия  бүгінде  өнеркәсібі  дамыған  елдердің 

ондығына кіреді. Оның қазіргі машина-техникалық өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 

60 пайызды құрайды. Бұл – біздің іргедегі көршіміз Ресейдің дәл осындай көрсеткішінен 

артық  деген  сөз.  Екінші  жағынан,  бір-бірін  толықтырушы  салаларға  ие  Бразилия  өңірде 

өзгелерге  қарағанда,  өзінің  экономикалық  дербестігімен  де  ерекшеленеді.  Сыртқы 

экономикалық ахуал жағымсыз сипат алған жағдайда ішкі проблемаларын да өз күшімен 

шешуге қауқары жетеді. Сөйте тұра, бұл ел АҚШ-пен және Еуропа Одағымен, сондай-ақ 

Ресей  және  Қытаймен  байланыстарын  жолға  қоя  отырып,  өзінің  сыртқы  қарым-

қатынастағы  еріктілігін  (теңгерімін)  де  сақтауға  тырысуда.  Мұның  сыртында,  Латын 

Америкасы  елдерінің  әлеуметтік-экономикалық  даму  тәжірибесі  де  көңіл  аударарлық. 

Мұндағы  бірқатар  елдер,  реформалардың  екінші  кезеңін  бастап,  кем-кетігін  түзеуге 

кіріскен.  Осының  бәрін  жинақтай  келе,  Елбасының  Бразилияға  сапарында  мынандай 

мәселелер талқыланатын болады: саяси ықпалдастық (соның ішінде Латын Америкасымен 

белсенді  әрекеттестік,  Орталық  Азиядағы  интеграциялық  үрдістер,  дінаралық  сұхбаттың 

дамуына Қазақстанның үлесі), халықаралық қауіпсіздік саласындағы серіктестік (жаппай 

қырып-жою  қаруларын  таратпау,  халықаралық  лаңкестікке,  есірткілердің  заңсыз 

айналымына  және  басқа  да  бүгінгі  күннің  қауіп-қатерлеріне  қарсы  күрес),  сауда-

экономикалық  ынтымақтастық,  отандық  ғылыми  ауқымды,  экспортқа  бағытталған 

өнеркәсіп  пен  ақпараттық  саланы  дамыту  үшін  жаңа  технологияларды  тарту.  

Сапар аясында Елбасының Бразилия президенті Л.И.Лула да Силвамен, БФР Парламенті 

Сенатының  төрағасы  Р.Калейроспен,  Өкілдер  палатасының  төрағасы  А.Чинаглиамен, 

Федералдық  Жоғарғы  Сотының  төрайымы  Э.Нортфлитпен  кездесулері  жоспарланған.  

Сонымен  қатар  Мемлекет  Басшысының  Бразилия  іскер  қауымымен  келіссөздерінде 

энергетика,  өндіруші  өнеркәсіп,  жаңа  технологиялар  салаларындағы  ынтымақтастықты 

дамыту  және  өнеркәсіптің  түрлі  тармақтарында  бірлескен  кәсіпорындар  құру  мәселелері 



талқыланады 

деп 


күтілуде.  

       Бұл  сапар  Қазақстан  мен  Латын  Америкасы  арасындағы  серіктестікті  дамытып,  осы 

болашағы зор өңірдегі біздің елдің мүдделерін ілгерілетуде маңызды мәнге ие болмақ. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



Уикипедия ашық энциклопедиясы 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары 

1.

 Қазақстанның Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынастары. Бразилия және Аргентинамен 



дипломатиялық, саяси және экономикалық қарым-қатынастар. 

2.

 Бразилия және Аргентинамен дипломатиялық, саяси және экономикалық қарым-қатынастар. 



8 Дәріс. Қазақстаннның шет елдердегі қазақ диаспорасымен байланысы 

1.

 



Қазақстанның шет елдердегі диаспорасымен байланысы 

2.

 



Қазақ халқының шет елдерге қоныс аударуының тарихы 

3.

 



Көші-қон квотасы 

         Жаңа 

заманда 

қазақ 


халқының 

қалыптасу 

үрдісі 

Ресей


Қытай


Моңғолия


 

мен 


Ауғанстанның

 және 


Орта 

Азия


 мемлекеттерінің 

аумақтарында  одан  әрі  жалғаса  берді.  Егер  олардың  бір  бөлігі  ол  жерлерде  ежелгі 

замандардан  тұрып  келген  болса,  енді  бір  бөлігі  жерін  күштеп  тартып  алу,  ұлт-азаттық 

көтерілістерге  қатысқаны  үшін  қуғын-сургінге  ушырау  және  басқа  саяси,  әлеуметтік-

экономикалық  себептердің  салдарынан  сол  елдерге  барып  қоныстануға  мәжбүр 

болды


Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері 

Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып 

жатты.  Олар  бір  бөлігі  ирредента,  ал  екінші  бөлігі  диаспора  саналды.  Ирредента  деп 

өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін 

айтады.  Алайда  өкінішке  қарай,  қазақтардың  бірқатар  жерлері  шекаралардың  өзгеруі, 

отаршыл  басқыншылық  сияқты  оқиғалардың  салдарынан  басқа  мемлекеттің  құрамында 

болып  шықты.  Ал  диаспоралар  халықтың  бір  елден  екінші  елге  лажсыз  қоныс  аударып, 

өзге халықпен бірге тұруы болып табылады. 

Қазақтардың  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  лажсыздан  қоныс  аударуы  ХІХ-XX  ғасырлар 

шебінде  жиі  орын  алды.  Ол  кезде  қазақ  даласын  Ресейдің  еуропалық  бөлігінен  қоныс 

аударып  келген  шаруалар  арқылы  отарлау  жаппай  жүріп  жатты.  Қазақтардың  ең  жақсы, 

құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда 

қазақтардың  өздерінің  ежелден  отырған,  дәстүрлі  көшіп-қонып  жүрген  жерлерін 

лажсыздан  тастап,  қайдағы  бір  құнарсыз,  сусыз  жерлерге  қоныс  аударудан  өзге  амалы 

қалмады. 

Көптеген  ұлт-азаттық  көтерілістері  аяусыз  басып-жанышталғаннан  кейін  қазақтар  басқа 

мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық 

көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті 

Көші-қон квотасы 

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері 



Қытайдағы  қазақ  диаспорасының  қалыптасуы  XVII  ғасыр  мен  XVIII  ғасырдың  бірінші 

жартысындағы  қазақ-жоңғар  соғысына  тікелей  байланысты  болды.  Жоңғарлардың 

басқыншылық  шабуылы  барысында  қазақтар  Жетісу,  Тарбағатай  аймақтарындағы 

шұрайлы  жайылымдарының  едәуір  бөлігінен  айырылып  қалды.  Мұның  өзі  ұлы  жүз  бен 

Орта  жүз  қазақтарының  бұрыннан  дәстүрлі  қалыптасқан  көші-қон  бағыттарының 

бұзылуына соқтырды. 

Қытай-жоңғар  және  қазақ-жоңғар  соғыстарының  барысында  Жоңғар  мемлекеті  тарих 

сахнасынан  кетті.  Қазақтар  өздерінің  байырғы  дәстүрлі  мал  жайылымы  жерлерін 

қайтарып  алуға  тырысты.  Бірақ  жоңғарлардың  көзін  жойған  негізгі  жеңімпаз  ретінде 

қытай  үкіметі  қазақтардың  ондай  талабын  қабыл  алмады.  Жоңғар  хандығының  орнына 

Қытайда  Синьцзянь  атты  аймақ  құрылды.  Онда  бекініс-қамал  түріндегі  қалалар  салына 

бастады. 

Абылай  хан  бастаған  қазақ  билеушілері  Қытай  өкімет  билігі  орындарымен  бірнеше  рет 

келіссөздер  жүргізіп,  қазақтардың  ежелгі  жерлерін  қайтарып  беру  мәселесін  қайта-қайта 

қозғаумен  болды.  Сонымен  бірге  қазақтар  жаңа  аумақтық  құрылымның  жеріне  өз 

беттерімен  қоныстануын  да  тоқтатпады.  Ақырында  Қытай  өкімет  билігі  орындары  1767 

жылы қазақтардың Синьцзяньға көшіп, қоныс аударуына рұқсат етті. Бірақ оның есесіне 

қазақтар ондағы жайылымды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды. Төлемақының 

мөлшері әр түліктің 100 басына жылына бір малдан беріп тұру болып келісілді. 

XIX  ғасырдың  аяқ  кезінде  Қытайда  100  мыңға  жуық  қазақ  тұрды.  Бұдан  кейінгі 

жылдардағы  халықтың  қоныс  аудару  үрдісі  барысында  ондағы  қазақтардың  саны  арта 

түсті.  Қазақтардың  Қытай  шекарасына  үдере  қоныс  аударуының  басты  себебі  патша 

үкіметінің  жергілікті  халықтың  қолындағы  құнарлы  жерлерін  тартып  алуы  болды. 

Сонымен  1911  жылы  Қытайдағы  қазақтардың  жалпы  саны  225  мыңға  дейін  жетті. 

Ресейден Қытайға 1911 жылға дейін өткен қазақтардың барлығы да 1914 жылы Қытайдың 

қол  астына  өтіп,  Қытай  азаматтығын  алды.  Өзгелері  ел  аумағынан  күштеп  шығарылды. 

1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс кезінде патша үкіметінің  қудалауына төзе алмаған 300 

мыңға жуық қазақ Қытайға өтіп кетті. 

Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты. Соңғы кезде Шыңжаң қазақтары 

шекара маңындағы қазақ-орыс саудасын Дамытуда маңызды рөл атқарды.

[1]

 

Моңғолиядағы қазақтар 



Моңғолияның батыс бөлігінде тұратын қазақтардың негізгі тобын абақ керейлер құрады. 

Абақтардың  басым  көпшілігі  бұл  елге  XIX  ғасырдың  60—70-жылдары  Қытайдан  келген 

болатын.  Оларды  бастап  келгендер  Қожамжар,  Самырхан  сұлтандар  мен  Көбеш 

Айтбайұлы, Жылқышы, Ақтайұлы сияқты рубасылары еді. 

Қоныс  аударып  келудің  негізгі  себептері  Қытайдағы  1850—1864  жылдары  тайпиндердің 

(шаруалардың)  және  1862-1878  жылдары  дүнгендердің  көтеріліс  жасауы  болды. 

Көтерілістің негізгі себебі жер тапшылығына байланысты еді. Қытай үкіметі бұл мәселені 

шешу үшін «жаңа жерлерді игеру» саясатына көшті, Шыңжанда жер иеленуші дүнгендер 



мен қытайлар қаптап кетті. Мұның өзі ондағы қазақтарға қиын тиді. Малдарына жайылым 

қалмаған қазақтар Моңғолияға қоныс аударуға мәжбүр болды. 

Олар  жаңа  қонысында  да  мал  шаруашылығымен  айналысты.  Бірақ  жалға  алып 

пайдаланған жайылымдары үшін монғолдарға ақы төлеп тұрды. XX ғасырдың бас кезінде 

Моңғолиядағы қазақтардың жалпы саны 12 мыңға жуықтады. Моңғолиядағы белгілі қазақ 

азаматтары  Көбеш  батыр  (1802—1888),  Жуанған  би,  Сугірбай  би,  Тілеубай  молда  және 

басқалар болды. 

Көші-қон  квотасы ,  көші-қон  үлестемесі  –  ата  жұртқа  көшіп  келуші  шетжұрттық 

қазақтардың  Қазақстан  үкіметі  белгілеген  жыл  сайынғы  мөлшерлі  саны.  Түрлі 

себептермен  шет  жерлерде  5,0  млн.  этникалық  қазақ  тұрады.  Осы  диаспораның  тарихи 

отанына  қайтып  оралуы  мәселесі  өткен  ғасырдың  90-жылдарынан  бастап  үкімет 

деңгейінде шешіле бастады. Содан бері қазақтарды шет елдерден бірте-бірте қайтарудың 

мемл.  бағдарламасы  жасалып,  жүзеге  асырылып  келеді.  1991  жылдары  18  қарашада 

ҚазКСР  Жоғарғы  Кеңесінің  шешіміне  сәйкес  республиканың  Мин.  Каб.  “Ауылдық 

жерлерде  жұмыс  істеуге  тілек  білдіруші  байырғы  ұлт  адамдарының  басқа 

республикалардан  және  шет  елдерден 

Қазақ  КСР

-ына  көшіп  келуі  тәртібі  мен  шарттары 

туралы”  қаулы  қабылдады.  Қазақстанның  тәуелсіздігі  жарияланған  1991  жылы 

желтоқсаннан  кейін  қазақ  диаспорасының  көші-қоны  мәселесін  шешуде  жаңа  кезең 

басталды. 

1992


 жылы 

26 


маусымда 

“Көшіп 


келу 

туралы” 


Қазақстан 

Республикасының

 заңы қабылданды. 

1993


 

жылы 15 сәуірде республика президенті “Көші-

қон  квотасы  және  Иран  Ислам  Республикасынан  және  басқа  мемлекеттерден 

отандастарымыздың көшіп келуін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы” қаулыға қол 

қойды. Бұл шараларды мемлекет тарапынан бақылау үшін республикада 1997 жылы Көші-

қон  және  демография  жөніндегі  агенттік  құрылды. 

1997

 

жылы  13  желтоқсанда 



қабылданған  “Халықтың  көші-қоны  туралы”  заңы 

Қазақстанда

 

көшіп  келу  саласындағы 



қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және 

әлеуметтік  негіздерін,  сондай-ақ  өзінің  тарихи  отанына  қайтып  оралған  адамдар  мен 

отбасылар үшін жаңа жерде тұрмыс жағдайларын жасап, тіршілікке бейімделу жолдарын 

айқындады.  Осы  заң  негізінде  үкімет  көшіп  келушілерге  жан-жақты  көмек  көрсету, 

қамқорлық  жасау  шараларын  белгіледі. 

1991


 

жылдан  2000  жылға  дейінгі  кезең 

аралығында Қазақстанға 41 мың отбасы көшіп келді, олардағы жан басы 176 мыңға жуық, 

соның 


ішінде 

Моңғолиядан

 63,5 

мың, 


Ираннан

 

4,8 



мың, 

Түркиядан

 

2,4 


мың, 

ТМД


 елдерінен  103  мыңдай  адам  келді.  Ал 

2001


 жылы  600  отбасына  Көші-қон 

квотасы белгіленді. Жоба бойынша әр жылы орта есеппен 20 мың отбасын көшіріп әкелу 

көзделген.  Ата  жұртына  қайтып  оралған  оралмандар  тұрғын  үйге,  жұмысқа  орналасуға, 

республика  азаматтығын  алуға,  тіршілік  жағдайына  бейімделуге,  жерсінуге  байланысты 

түрлі қиындықтарға тап болуда. Мемлекет көшіп келушілердің жерсіну процесін жақсарту 

үшін  түрлі  шаралар  қолданып  отыр.  Көші-қон  квотасы  бойынша  көшіп  келген 

оралмандардың  жол  қаражаты,  үй  жүктерін  тасымалдау  шығыны  төленеді,  отбастарына 

тұрғын үй беріліп, әркімге бір мәрте арнайы әлеум. көмек көрсетілуде. 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

Уикипедия ашық энциклопедиясы 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары  

1. Қазақстанның шет елдердегі диаспорасы. 

2. Қазақ халқының шет елдерге қоныс аударуының тарихына шолу. 

3. Көші-қон квотасы туралы қабылданған нормативті актілер. 



10 Дәріс. Қазақстан және ЕҚЫҰ  саяси ынтымақтастығы туралы түсінігі 

1.

 



ЕҚЫҰ-ға кіру процессі 

2.

 



2010 жылғы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрелік етуі 

3.

 



Қазақстан және ЕҚЫҰ. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 

жөніндегі ұйыммен (ЕҚЫҰ) саясы ынтымақтастығы  



1.

 

Еуропадағы  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық  Ұйымы  (ЕҚЫҰ) (

ағылш.

 Organization  for 



Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі 

мақсаты  —  жетілдірілген  басқару  мен  демократиялық  үрдіс  негізіндегі  аймақтық  тыныштық 

пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал 

оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады. 

ЕҚЫҰ, 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымы



 астындағы  ад  хок  (

Ad  hoc


)  ұйым  (VIII  тарау),  алдын  ала 

ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация 

істеріне  аса  назар  аударады.  Ұйым

Еуропа


Кавказ


Орталық  Азия

Солтүстік  Американың



 56 

мемлекеттерін,  яғни  солтүстік  жарты  шардың  көп  елін  қамтиды.  Ұйым 

қырғи-қабақ 

Соғыс


 кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған. 

Қазақстан

 бұл 

ұйымға 


1992

 ж. 


қаңтардың 

30

-ы 



мүше 

болып 


Хелсинкидегі 

Соңғы 


Актіне

 

шілденің 8



-де қол қойды.

2009


 жылы осы Ұйымды басқару үшін  ниет еткен Қазақстан 

негізінен  тек  екі  ел  — 

АҚШ

 пен 


Құрама  Патшалық

қарсылығына  тап  болды.  Осы  елдердің 

ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп 

еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа 

елдерінің  көбісі  (

Германия


Италия


,  Нидерланд  және 

Франция


)  қолдауда. 

Қарашаның  29

30

 



Мадридте

 ЕҚЫҰ  мүше-елдердің  сыртқы  істер  министрлері  кеңесінің  (СІМК)  15-ші 

отырысында  компромисс  ретінде  Қазақстан 

ТМД


елдерінің  ішінде  алғашқысы  болып  ЕҚЫҰ 

төрағалығына 

2009

-да емес, 



2010

 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды. 



2.

 

Қазақстан  бірінші  болып  бұрынғы  кеңестік  республикалар  арасынан  және  де 

тұрғындарының басым бөлігі мұсылман саналатын орталықазия аймағы мемлекеттері ішінен 

ЕҚЫҰ  Әрекеттегі  төрағасы  атанды,  бұл  еліміздің  айтарлықтай  жетістіктерге  қол 

жеткізгендігін  халықаралық  қауымдастықтың  объективті  мойындауы  және  де  Қазақстанның 

аймақтық  және  жаһандық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  қосқан  ауқымды  үлесінің  мысалы 

бола алады. 

Біздің  төрағалығымыздың  –  «Сенімділік»,  «Дәстүрлер»,  «Толеранттылық»  және 

«Транспоренттілік»  ұрандарының  дәйекті  түрде  жүзеге  асырылуы,  әрбір  серіктестің  пікіріне 

деген риясыздық пен құрмет ЕҚЫҰ әрбір үш «себетін» тең толтыра отырып Ұйым дамуының 

негізгі сұрақтары бойынша консенсустық алаңды кеңіту мен нығайтуға мүмкіндік жасады. 

Барлық  мүше-мемлекеттердің  «Корфу  үрдісі»  бойынша  өзара  сындарлы  әрекеттестігі 

Ұйымның  қызметіне жаңа дем беріп, қауіпсіздік мәселелері  бойынша негізгі пікіралмасулық 

алаң ретіндегі маңыздылығын қалпына келтірді. 

Қазақстан  қару-жарақтарға  бақылау  режимін  жандандыру  және  нығайтуға  қатысты 

жалпылама  әрекеттерге  жаңа  қарқын беріп,  созылмалы  қақтығыстарға  қатысты  қалыптасқан 

келіссөздер форматы бойынша жұмысты жалғастырды. 

Приднестровьелік  реттестіру  үрдісінде  айтарлықтай  жағымды  динамикаға  қол  жеткізілді, 

оның ішінде «5+2» бейресми кездесулерді өткізу шаралары да бар. 


Минск тобы кавказ аймағының тұрақтылығының негізгі факторларының бірі – таулы қарабах 

қақтығысын шешу бойынша әрекеттерін жалғастырды. 

Женева  пікірталасының  жағымды  нәтижесі  ретінде  жанжалдарды  болдырмау  және  оларға 

қатысты  әрекет  ету  жөніндегі  Двани/Эргнети  механизмі  жұмысының  бір  жылдық  үзілістен 

кейін қайта жұмысын жалғастыруы болды. 

Қырғызстанда орын алған қайғылы оқиға Әрекеттегі төраға ретіндегі Қазақстанға және ЕҚЫҰ 

жалпы  қауымдастығы  үшін  айтарлықтай  сынақ  болды.  Елдегі  азамат  соғысының  орын 

алмауы,  шиеленістікті  төмендету  мен  елдің  құқықтық  алаңға  қайта  оралуында  ЕҚЫҰ  үлкен 

рөл атқарды. 

Халықаралық терроризм мен экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз есірткі саудасы секілді 

трансұлттық  қауіптер  мен  қатерлерге,  сонымен  қатар  Ұйымнан  тыс  аймақтардан,  әсіресе 

Ауғанстан  территориясынан  тарайтын  қатерлерге  қарсы  тұру  бойынша  көпжақты  өзара 

әрекеттестік жаңа сапалық деңгейге көтерілді. 

Гуманитарлық  өлшем  бойынша  бар  назар  ұлтаралық  және  дінаралық  толеранттылық 

сұрақтарына  аударылды.  Осы  бағыт  бойынша  жасалынған  негізгі  шара  2010  ж.  29–  30 

маусымында  Астанада  өткен  ұйымның  Толеранттылық  және  кемсітушілікке  қарсы  жоғарғы 

деңгейлі конференциясы болды. 

Қазақстан  азаматтық  қоғамнен  ашық  және  сындарлы  ынтымақтастықтың  орнауын  барынша 

қолдап, мемлекеттік емес ұйымдардың (МЕҰ) ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында және оның аясында 

Ұйым жұмысына белсенді және кең көлемде қатысуға мүмкіндік жасады. 

Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасы  бойынша  жаңа  мыңжылдықтағы  ЕҚЫҰ  алғашқы 

саммитін өткізу төрағалықтың және де жалпы Ұйымның талас тудырмайтын жетістігі болды. 

Еліміз ЕҚЫҰ қажеттілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді, бүкіл әлемге Ұйымның «Хельсенкиден 

Астанаға» дейінгі жетістікті эволюциясын көрсетіп, ЕҚЫҰ жұмысына жаңа импульс берді. 

Төрағалықтың  негізгі  қорытындысы  «Астана  естелікті  декларациясы:  қауіпсіздік 

қауымдастығына  бетбұрыс»  қабылдануы  болды,  ол  бойынша  барлық  мүше-мемлекеттер 

Хельсенки  Қорытынды  актісі  мен  Жаңа  Еуропаға  арналған  Париж  Хартиясында  бекітілген 

ЕҚЫҰ  аясындағы  негізгі  нормалар,  принциптер  мен  міндеткерліктерге  адалдықтарын 

құптады. 

Астана  декларациясы  Ұйым  алдында  тұрған  жаңа  қатерлер  мен  міндеттерді  нақты  белгілеп, 

ЕҚЫҰ жауапкершілігінің дәстүрлі зонасы айтарлықтай өзгерістерді бастан өткергендігін және 

қазіргі  таңда  өте  ауқымды  Еуро-Атлантикалық  және  Еуразиялық  кеңістікті  алып 

жатқандығына қатысты жалпы түсінікті бекітті. 

Бұл құжаттың маңызды аспектілеріне келесілерді жатқызамыз: 

«Қауіпсіздіктің  Еуроатлантикалық  және  Еуразиялық  қауымдастығы»  термині  мен  түсінігін 

(алғашқы рет) бекіту. Бұл термин посткеңестік аймақты қауіпсіздіктің трансконтинентальдық 

архитектурасын қалыптастыру үрдісінің тең құқылы мүшесі ретінде қарауға мүмкіндік береді. 

ЕҚЫҰ  үш  өлшемі  бойынша  барлық  нормалар,  принциптер  мен  міндеткерліктерге  толық 

ұстанушылықты  қайта  құптау,  сонымен  қатар  мүше-мемлекеттердің  өз  азаматтары  мен  бір-

бірінің  алдындағы  олардың  толық  орындалуына  дейінгі  жауапкершілік.  Бұл  «қырғи-қабақ 

соғыс» кезеңіндегі көне стереотиптерді жеңудің нақты мүмкіндіктері пайда болғандығын және 

XXI  ғасырда  ЕҚЫҰ  мүше-елдерінің  өзара  әрекеттестігінің  жаңа  кезеңінің  басталғандығын 

білдіреді. 

Баршаны  қамтитын  қауіпсіздіктің  негізгі  принциптері  белгіленді.  Кез-келген  мемлекеттің 

бейтараптыққа деген құқығы құпталды. 


Адами өлшемдердегі жауапкершіліктер қайта бекітілді, олардың кейбірі үкімет және мемлекет 

басшылары деңгейінде алғашқы рет қарастырылып отыр. 

ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік сұрақтары жөніндегі айрықша пікіралмасулық алаң ретіндегі рөлі жеке 

қарастырылды.  Қақтығыстар  саласындағы  принциптер  мен  жауапкершіліктер  айрықша 

аталды,  әсіресе  қақтығыстарды  бейбіт  жолмен  және  келісілген  форматтар  аясындағы 

келіссөздер  арқылы  халықаралық  құқықтың  нормалары  мен  принциптерін  ұстана  отырып 

шешу. 

Сенімділік және қауіпсіздік шаралары, сонымен бірге қару-жараққа бақылау орнату режимін 



жаңғырту және жаңалау қажеттілігі айтылды. 

Трансұлттық  қатерлер  жеке  қарастырылып,  олармен  күресте  өзара  күш-жігер  біріктіру 

маңыздылығы  аталып  өтілді.  Алғаш  рет  жоғарғы  деңгейде  терроризм,  ұйымдасқан  қылмыс, 

заңсыз миграция, жаппай қырып жою қаруын тарату, киберқатер, жеңіл және атыс қаруының, 

есірткі мен адам заңсыз саудасы арасындағы өзара байланыс айтылды. 

Ынтымақтастық жөніндегі Азиялық және Жерортатеңіздік серіктестермен өзара әрекеттестікті 

күшейту  бойынша  міндеткерліктер  қабылданды,  бұған  тұрақты,  тәуелсіз,  дамыған, 

демократиялық Ауғанстан құрудағы халықаралық шараларға ЕҚЫҰ-ның қосқан үлесі жатады. 

Сонымен  бірге  ЕҚЫҰ-ның  тиімділігі  мен  ықпалдылығын  нығайту  бойынша  жұмыстарды 

жалғастыру жөнінде міндеткерліктер алынды. 

Қорыта  алғанда,  жалпы  саяси  қорытынды  құжаттың  қабылдануы  ЕҚЫҰ  барлық  мүше-

мемлекеттерінің сындарлы ұстанымының нәтижесі болды. 

Қазақстандық төрағалықпен қалыптастырлыған сенімділік жағдайы Ұйымның дамуына үлкен 

қуат берді, ол үшін «Астана мұрасын» бұдан ары жүзеге асыру арқылы сақтап, нығайту қажет. 

Ал  Қазақстан  өз  жағынан  алдағы  уақытта  да  Астана  декларациясының  рұхы  мен  емлесін 

өмірге енгізуге тырысады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет