1 Дәріс. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата12.01.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5

1 Дәріс. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы 

1.

 



Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы. 

2.

 



Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысы. 

3.

 



Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы, оның мазмұны 

мен рөлі. 

Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың 

бұл ниетіне одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы 

тұрды.  Сондықтан  Қазақстан  да  өзінің  тәуелсіздігін  жариялау  шараларына  кірісті.атап  айтқанда, 

Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  1990  жылы  25  қазанда  республикамыздың  мемлекеттік  егемендігі 

туралы  Декларация  қабылдады.  Сөйтіп,  бар  әлемге  Қазақстанның  егемендігін  жариялады. 

Тәуелсіздік  алу  қазақстанда  жалпы  демократиялық  процестердің  барысын  шапшаңдатты,  мұның 

өзі елдегі болып жатқан  оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа 

республикалармен  бірге  іс  жүзінде  орталыққа  қарсы  оппозицияға  айналды.  Қазақстанның 

бастамасы  бойынша  Белоруссиямен,  украинамен,  Ресеймен  және  басқа  республикалармен  бір-

бірінің  егемендігін,  қалыптасқан  шекараларды,  орнатылып  жатқан  өзара  пайдалы  экономикалық 

байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 1990 жылғы желтоқсанда Ресей, 

Украина,  Белоруссия,  Қазақстан  республикаларының  жетекшілері  өзара  төрт  жақты  шарт  жасау 

жөнінлегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын 

талаптарының  бар  екендігін  ашып  айтты.  Республикалар  бұрынғы  федерацияның  орнына,  енді 

конфедерация  түріндегі  одаққа  бірігу  жөнінде  талап  қойды.  Ол  бойынша  Орталықтың  шешуіне 

сыртқы  саясат,  халықаралық  мәселелер,  сыртқы  сауда,  мемлекеттік  банк  және  финанс,  елдегі 

қорғаныс  мәселелерін  шешуді  қалдырып,  қалған  мәселелердің  барлығын  жергілікті  жерлерде 

шешу  дұрыс  деп  есептелінді.  Алайда,  бұл  талаптар  негізінде  жаңа  Одақтық  шартқа  қол  қояр 

алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т.б. қатынасқан мемлекеттік 

төңкерістің  болуымен  және  орталықтың  ешқандай  ымыраға  келмеуімен  байланысты  Одақтас 

республикалардың  жетекшілері  бұған  дейін  жүргізіп  келген  келіссөз  талаптарынан  бас  тартты. 

Украина  мен  Белоруссия  өздерінің  тәуелсізлігін  жариялады.  Ал  Қазақстанның  атынан  Н.  Ә. 

Назарбаев  КСРО  Жоғары  кеңесінің  кезектен  тыс  сессиясында  жаңарған  Одақ  енді  федерация 

түрінде  болуы  мүмкін  емес,  тек  конфедеративтік  шарт  негізінде  болуы  керек  деп  ашық  айтты, 

яғни  бұл  тек  тең  құқықты  республикалардың  достық  одағы  болуы  мүмкін  деп  көрсетті. 

Республикалардың  бұл  ұсынысы  1991  жылғы  19  тамыздан  кейінгі  оқиғаның  артынша  тәжірибе 

жүзінде  іске  асырыла  бастады,  бұрынғы  бірыңғай  одақтың  орнына  тәуелсіз  мемлекеттер 

достастығы  қалыптасты.  Олар  көптеген  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  өздері 

шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т.б. аса маңызды 

халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін кеңес одағы 

коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. қыркүйек) тарихи 

аренадан  кетті.  1990  жылы  25  қазанда  республика  Жоғарғы  кеңесі  Қазақ  КСР-нің  мемлекеттік 

егемендігі туралы декларация қабылдағаны жоғарыда айтылды. Егемендік алу Қазақстанда жалпы 

демократиялық  процестердің  барысын  шапшаңдатты,  мұның  өзі  елдегі  болып  жатқан 

уақиғалармен  тығыз  байланысты  еді.  Міне,  осындай  күрделі  жағдайда  Қазақ  Мемлекеттігі 

шеңберінде  республикадағы  жоғары  атқарушы  және  билік  жүргізуші  өкімет  басшысы  ретінде 

Қазақ  КСР-нің  Президентіне  жеткілікті  өкілеттік  беру  қажеттілігі  пісіп  жетілді.  Мұндай 

өкілеттіктер  республика  парламентінің  1991  жылы  20  қарашада  қабылдаған  «Қазақ  КСР-да 

мемлекеттік  өкімет  билігі  мен  басқару  құрылымын  жетілдіру  және  Қазақ  КСР  Конституциясына 

өзгерістер  мен  қосымшалар  енгізу  туралы»  Заңы  бойынша  берілді.  Заң  негізінде  республиканың 

мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, мемлекеттік қаіпсіздік, Ішкі 

істер,  Әділет,  сот  органдары  қайта  құрылды.  Қазақстанның  мемлекеттік  Қорғаныс  комитеті 

жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш 

рет  республикада  жалпы  халықтың  қатынасуымен  Президент  сайлауы  өткізілді.  Дауыс  беру 

қорытындысы  бойынша  Н.  Назарбаев  Президент  болып  сайланды.Осы  кезде  Президент  болып 


сайланды.  Осы  кезде  Президенттің  Жарлығымен  бұрын  Одаққа  бағынған  кәсіпорындар  мен 

ұйымдарды республика үкіметінің қармағына беру, мемлекеттің сыртқы эканомикалық қызметінің 

дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды. Сол 

жылғы  10  Желтоқсанда  Елбасы  жарлығымен  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  болып 

өзгертілді.  1991  ж.16  желтоқсанда  Қазақстан  республикасы  Жоғары  Кеңесінің  жетінші 

сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 

Заң  қабылдады.  Заңның  бірінші  бабында  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекет  болып 

жарияланды. Ол өзінін жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және 

ішкі  саясатын  жүргізеді,  басқа  шет  мемлекеттерімен  халықаралық  құқықтың  принциптері 

негізінде  өзара  байланыс  жасайды  деп  көрсетілді.  Республикадағы  барлық  ұлттардяң  өкілдері 

жергілікті  қазақтармен  тең  құқықты  азаматы  деп  сайланады.  Олар  республикадағы  мемлекеттік 

өкіметінің  қайна  көзі  және  егемендікті  бірден-бір  қорғаушы  болып  табылады.  Республика 

азаматтарының  құқықтарына  қол  сұғушылар  заң  бойынша  қылмысқа  тартылуы  тиіс  делінген. 

Заңда  Республика  Қарулы  Күштерін  құру  жөніндегі  құқы,  республика  азаматтарының  әскери 

міндетін  өтеу,  оның  тәртіптері  мен  талаптары  жонінде  айтылған.Оған  сондай-ақ  Республика 

Қарауындағы  азаматтарды  қорғау,  қоғамдық  тәртіпті  және  мемлекеттік  қауіпсіздікті  қамтамасыз 

ету  мәселелері  кірген.  Заңның  16-щы  бабында  ішкі  және  шекаралық  әскерлердің  істері  мен 

қәуіпсіздік органдары Президенткебағынады деп жазған.Респуликаның мемлекеттік тілі-қазақ тілі, 

ал  орыс  тілі  ұлтаралық  байланыс  тілі  болып  белгіленеді.Сөйтіп,1991  жылғы  16  желтоқсанда 

республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл Әлемге танылады. 

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) — Еуропада 1922 жылдан 1991 

жылға дейiн және Азияда өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 

1917  жылдан  дейін  Ресейлiк  империя  Финляндия,  Поляк  патшалығының  бөлiгiнсiз  орналасатын 

және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан 

ауданы бойынша өте iрi болды. 

1977  жылғы  Конституцияға  сәйкес,  КСРО  бiртұтас  одақ,  көп  ұлтты  және  социалистiк  мемлекет 

болып жариялады. 

Ауғанстанмен, Венгриямен, Иранмен, Қытаймен,

  (1948  жылдың  9  қыркүйегiнен) 

Солтүстік 

Кореямен

Моңғолиямен, Норвегиямен, Польшамен, Румыниямен, Түркиямен, Финляндиямен, Че



хословакиямен және 

тек 


қана 

теңiздегi АҚШ-тан, Швециямен және Жапониямен КСРО-

ның Екiншi дүниежүзілік соғысынан

 кейiн жаяу шекарасы болды. 

КСРО 

Ресей  КФСР



Украин  КСР,

 

Беларусь  КСР



 және  Закавказ  СФСР  бiрiгуі  жолымен  1922 

жылдың 30 желтоқсанында құрылды. 

Конституциясы  бойынша  егемендi  мемлекет  болып  табылған  (әртүрлi  жылдарда  4-пен  16-мен 

аралығындағы)  одақтас  республикалардан  тұрды;  әрбiр  одақтас  республиканың  одақтан  еркiн 

бөлiнiп  шығу  правосы  сақталынды.  Одақтас  республика  шет  мемлекеттермен  қатынасқа  шығып, 

келiсiм-шарттарымен  тұжырымдап  және  дипломаттық  және  консулдық  өкiлдермен  ауысып, 

халықаралық  ұйымдардың  қызметiне  қатысуға  құқығы  болды.  КСРО-мен  қатар 

Біріккен  Ұлттар 

Ұйымы

ның 50 ел-негiздеушiлерiнiң арасында Беларусь КСР және Украина КСР-лері қатар дауыс 



құқығына ие болды. 

Екiншi  дүниежүзілік  соғысынан  кейiн  АҚШ-тан  кейінгі  екінші  жоғарғы  держава  болды.  Кеңес 

одағы  Социализмнің  дүниежүзілік  жүйесiнде  үстем  болды,  сонымен  бiрге 

Біріккен  Ұлттар 

Ұйымын

ың қауiпсiздiк кеңесінің тұрақты мүшесі болды. 



КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері, 

президенттері  орындарына  жаңа  сайланған  өкiмет  өкiлдерінiң  арасындағы  өткiр  қарсы  тұрумен 

бейнелендi.  Республикалық жоғарғы  кеңестер  1989—1990 жылдары  барлығы бірдей мемлекеттiк 

егемендiк  туралы  декларацияларын  қабылдады,  кейбiреулері  -  тәуелсiздiк  декларациясын 



жариялады.  КСРО-ның  15  республикасының  9-ында  1991  жылдың  17  наурызында  азаматтардың 

үштен  екiсi  жаңартылған  одақтың  сақталуын  шешу  мақсатында  Бүкiлодақтық  референдум 

жүргiзiлдi. Орталық өкiметке бiрақ ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi. 

Сәтi  түспеген  мемлекеттiк  төңкерiске  Прибалтика  республикаларының  тәуелсiздiгiнiң  ресми 

мойындауы ердi. Украина тәуелсiздiгi туралы Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны 

сақтау  мүмкiн  емес  болды.  Беларуссия,  Украина  және  Ресей  Федерациясы  1991  жылдың  8 

желтоқсан  күні  қол  қойған  Тәуелсiз  мемлекеттердiң  достастығын  құру  туралы  келiсiмде 

мәлiмдеген. КСРО ресми түрде 1991 жылдың 26 желтоқсанының өмір сүруін тоқтатты. КСРО-ның 

барлық  халықаралық-құқықтары,  халықаралық  қатынастары  мен  шет  елдердегі  мүліктері  мен 

ақша  капиталына  Ресей  Федерациясы  мұрагер  ретінде  мойындалып,  БҰҰ  қауiпсiздiк  кеңесiнің 

тұрақты мүшесі ретіндегі оның орынына ие болды. 

     Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы  - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР 

Жоғарғы  Кеңесі  қабылдаған  декларация.  "Қазақ  КСР-інің  Мемлекеттік  егемендігі  туралы" 

Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың 

тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз 

КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың 

шешуіне  берген  мәселелерді  қоспағанда,  Қаз  КСР  аумағында  Республика  Конституциясы  мен 

заңдарының  үстемдігі  туралы,  Одақтық  Жоғарғы  органдардың  Қаз  КСР-і  Конституциясы  мен 

егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою 

құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, 

ауа  кеңістігі,  өсімдік  және  жануарлар  әлемі,  басқа  да 

табиғи  ресурстар

,  халықтың  мәдени 

және 


тарихи  қазыналары,

  оның  аумағындағы  барлық 

ұлттық  байлықтар 

-  экономикалық 

және 

ғылыми-техникалық  әлеует туралы



,  республиканың  қосқан  үлесіне  сай  жалпы  Одақтық 

мүліктен  өз  үлесіне  құқы,  соның  ішінде 

алмаз, валюта  қоры

 және 


алтын  қорындағы

 үлесіне, 

халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы 

бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет 

билікті бөлу принципін 

паш етті. Декларацияға 

сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы 

атқарушы  билікті  иеленді,  ал  сот  билігі 

Жоғарғы  Сотқа

 берілді;  мемлекеттің  әлеуметтік  негізін 

анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында 

ядролық қаруды 

сынауды 

жүргізуге,  қырып-жою  қаруларының  барлық  түрі  үшін  сынақ  полигондарының  құрылысы  мен 

қызметіне  тыйым  салды.  Қазақстан  қоғамының  республикадағы  демократиялық,  құқықтық, 

әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  қайта  жаңарулары  туралы  негізгі  идеяларды  қамтыған 

Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.

[1]


 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



kk.wikipedia.org 

http://www.izden.kz 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

 

:



 

1.

 Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жылдарындағы елдің саяси әлеуметтік жағдайы.



 

2.  


Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жалпы мазмұны. 

3. Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысы. 



2 Дәріс. ҚР-ның сыртқы саясаты қалыптасуының негізгі факторлары 

1) ҚР-ның сыртқы саясаты қалыптасуының негізгі факторлары. 

2) Әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы. 


3)  XX-ғасырдың  90-жылдарының  басында  КСРО-ның  ыдырауы  әлемдік  құрылымның 

қарама-қарсы  жүйесінің  күйреуінің  бастамасы  болып,  халықаралық  қатынастар  өзінің 

дамуының түбегейлі жаңа кезеңіне енуі. 

     Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын дамытудың пайымы. 

      Қазақстан  өз  тәуелсіздігінің  үшінші  онжылдығына  экономикасы  серпінді  дамып  келе 

жатқан  және  нақты  белгіленген  сыртқы  саяси  басымдықтары  бар  қалыптасқан  тұрақты 

мемлекет  ретінде  қадам  басты.  Әлемдік  аренада  Қазақстан  субъектілігінің  артуы 

мемлекеттің  рөлі  мен  халықаралық  ықпалының  жоғарылағанын,  өңірлік  салмағының 

ұлғайғанын,  жаhандық  экономика  мен  қаржы  институттары  үшін  маңызы  өскенін 

айғақтайды.Сонымен 

қатар, 

қазіргі 


заман 

болмысын 

ескерсек, 

Қазақстан 

Республикасының  сыртқы  саясаты  ұлттық  мүдделерді  прагматизм  қағидаттарымен 

жаңғыртуды  және  ілгерілетуді  талап  етеді.  Бұл  процеске  бірқатар  ішкі  және  сыртқы 

факторлар  ықпал  етеді.  Маңызды  ішкі  факторлар  ретінде  Қазақстанның  саяси  және 

әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы  түбегейлі  өзгерістерді,  трансформациялық 

кезеңнің  аяқталуы  мен  елдің  ұзақ  мерзімді  және  орнықты  дамудың  2050  жылға  дейінгі 

жаңа  стратегиясына  өтуін  атап  көрсеткен  жөн.  Сыртқы  факторлар  әлемдік  қаржылық-

экономикалық  дағдарыстың  келеңсіз  салдарын  еңсеру  қажеттілігінен,  қақтығыстардың 

шиеленісуінен, адамзаттың қазіргі проблемаларынан, өңірлік және жаhандық деңгейлерде 

жаңа  геосаяси  және  геоэкономикалық  ахуалдың  пайда  болуынан  көрінеді.Қазақстан 

Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары 

Қазақстанның  ұлттық  мүдделеріне  сәйкес  сыртқы  саясаттағы  негізгі  күш-жігер  мынадай 

негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:  

1)  елдің  ұлттық  қауіпсіздігін,  қорғанысқа  қабілеттілігін,  егемендігін  және  аумақтық 

тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету; 

2) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 

3)  орнықты  ұстанымдарды  қамтамасыз  ету  және  әлемдік  қоғамдастықта  мемлекеттің 

жағымды бейнесін қалыптастыру

4)  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  орталық  және  үйлестіруші  рөлі  арқылы  әділ  әрі 

демократиялық әлемдік тәртіпті орнату; 

5)  өңірлік  және  халықаралық  сауда-экономикалық  қатынастар  жүйесіне  одан  әрі 

интеграциялау; 

6)  2050  Стратегиясын  ойдағыдай  іске  асыру,  халықтың  жоғары  тұрмыс  деңгейіне  қол 

жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың 

бірлігін  нығайту,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  іске  асыру  үшін  қолайлы 

сыртқы жағдайлар жасау; 

7)  ұлттық  экономиканы  әртараптандыру,  индустриялық-технологиялық  дамыту  және 

оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру

8) елдің “жасыл” даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған  30 мемлекетінің 

қатарына кіру; 


9) ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік 

жолымен жүру; 

10)  шет  елдерде  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  мен  заңды  тұлғаларының 

құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау; 

11) шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету. 

       Қазақстанның  сыртқы  саясаты  көп  бағыттылық,  теңгерімділік,  прагматизм,  өзара 

тиімділік,  елдің  ұлттық  мүдделерін  қатаң  қорғау  қағидаттарына  негізделген.  Қазақстан 

алемнің барлық мемлекеттерінің теңдігін, өзара мүдделерді ескеруді және бір-бірінің ішкі 

істеріне араласпауды,сондай-ақ  БҰҰ-ның жарғысы мен халықаралық құқықтың үстемдігі 

негізінде  халықаралық  проблемалар  мен  жанжалдарды  бейбіт  және  ұжымдық  жолмен 

шешуді  жақтайды.  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  мүдделердің  теңгерімі  негізінде 

құрылған,бұл  ретте  шет  елдермен  және  халықаралық  ұйымдармен  өзара  іс-қимылдың 

сараланған  және  әртүрлі  деңгейдегі  тәсілдемесі  қағидаты  қолданылады.  Аталған 

қағидатты қолдану: 

1)  басымдылықтардың  белгілі  бір  түрде  құралуын,  негізгі  күш-жігер  мен  ресурстардың 

соларға шоғырлануын

2)  саяси  және  экономикалық  мүдделер  мен  практикалық  қайтарымға  сәйкес  адами  және 

қаржылық  ресурстардың  дұрыс  бөлінуін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Сыртқы 

алаңдағы ынтымақтастықта сараланған  тәсілдемені  қолдану Қазақстанның шет елдердегі 

дипломатиялық қатысуын кеңейтуді  және оның шет елдердегі мекемелерін  құрылымдық 

оңтайландыруды  да  көздейді.  Осы  тұжырымдама  Қазақстан  Республикасы  сыртқы 

саясатының прагматикалық және дербес белсенділік санаты ретінде дамудың жаңа кезеңін 

айқындай  отырып,  сыртқы  саяси  бағыттағы  сабақтастықты  сақтайды.  Сыртқы  саясаттың 

прагматикалығы  оның  ұлттық  мүдделерге  нақты  бағдарлануын  білдіреді.  Ол  өз 

ресурстарымызды объективті бағалауға,басымдықты және шеткері бабағыттарды, оларды 

іске  асыру  тәсілдерін  жүйелі  айқындап  отыруға  негізделген.  Дербес  белсенділік  сыртқы 

саясатты  жоспарлау  мен  іске  асыруды,  басып  озуға  бағдарланған  идеялар  мен 

бастамаларды  ұсынуды;  халықаралық  қатынастардың  күн  тәртібін  қалыптастыруға 

қатысуды  және  Қазақстанның  мүдделеріне  сай  келетін  шешімдер  қабылдауды  білдіреді. 

1991  жылғы  16  желтоқсанда  біз  –  Қазақстан  халқы  –  егемендікті,  бостандықты,  әлемге 

ашықтықты  таңдадық.  Бүгінгі  күні  осы  құндылықтар  біздің  күнделікті  өміріміздің 

бөлшегіне айналды. Сол кездері,сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің 

ортақ  күш-жігер  жұмсауымыздың  арқасында  ел  танымастай  болып  өзгерді.  Біз  бүгін  – 

өзіндік  бет  –  бейнесі  бар,  өзіндік  ұстанымы  бар  табысты  мемлекетпіз.  Біздің  алғашқы 

шепті  алуымыз  қымбатқа  түсті.  Ел  20  жыл  бойы  егемендігіміз  бен  саяси  салмағымызды 

нығайтуға  жұмыс  істеді.  20  жыл  өткен  соң  бұл  мақсатқа  қол  жетті.  Қалыптасу  кезеңі 

табысты  аяқталды.  Біздің  ендігі  міндетіміз  –  егемендік  жылдары  қол  жеткізгеннің 

барлығын  сақтай  отырып,  XXI  ғасырда  орнықты  дамуды  жалғастыру.  Біздің  басты 

мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай  мықты  мемлекеттің,  дамыған  экономиканың  және 

жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде  берекелі  қоғам  құру.  КСРО  –  ның  ыдырауы  орталық 

одақтық  өкімет  және  одақтас  республикалардың  жоғарғы  кеңестері,  президенттері 

орындарына  жаңа  сайланған  өкімет  өкілдерінің  арасындағы  өткір  қарсы  тұрумен 



бейнеленді.  Республикалық  жоғарғы  кеңестер  1989-1990  жылдары  барлығы  бірдей 

мемлекеттік  егемендік  туралы  декларацияларын  қабылдады,  кейбіреулері  –  тәуелсіздік 

декларациясын  жариялады.  КСРО-ның  15  республикасының    9-  ында  1991  жылдың  17 

наурызында азаматтардың үштен екісі жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында 

Бүкілодақтық  референдум  жүргізілді.  Бірақ  орталық  өкіметке  ахуалды  тұрақтандырудың 

сәті  түспеді.  Сәті  түспеген  мемлекеттік  төңкеріске  Прибалтика  республикаларының 

тәуелсіздігін  мойындау  ерді.  Украина  тәуелсіздігі  туралы  Бүкіл  Украиналық 

референдумнан  кейін  КСРО  –  ны  сақтау  мүмкін  емес  болды.  Белоруссия,  Украина  және 

Ресей  Федерациясы    1991  жылдың    8  желтоқсан  күні  қол  қойған  Тәуелсіз  мемлекеттер 

достастығын  құру  туралы  келісімде  мәлімдеген.  КСРО  ресми  түрде    1991  жылдың    26 

желтоқсанында  өмір  сүруін  тоқтатты.  КСРО-ның  барлық  халықаралық    құқықтары, 

халықаралық  қатынастары  мен  шет  елдердегі  мүліктері  мен  ақша  капиталына  Ресей 

Федерациясы мұрагер ретінде мойындалып, Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің 

тұрақты мүшесі ретіндегі оның орынына ие болды. 

Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақ энциклопедиясы. 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары 

1.  XX-ғасырдың  90-жылдарының  басында  КСРО-ның  ыдырауы  әлемдік  құрылымның 

қарама-қарсы  жүйесінің  күйреуінің  бастамасы  болып,  халықаралық  қатынастар  өзінің 

дамуының түбегейлі жаңа кезеңіне енуі. 

2. ҚР-ның сыртқы саясаты қалыптасуының негізгі факторлары 



                                     3 Дәріс. ҚР сыртқы саяси мекемлерін құру тарихы 

1. ҚР сыртқы саяси мекемелерін құру және оның міндетттері. 

                        2. Сыртқы саяси мекемелерге кадрлар дарялау. 

3.  Қазақстан дипломатиясы тарихының қалыптасу кезеңдері.  

     Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып нығаюында сыртқы саясат маңызды рөл атқарады. 

Республикамыз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  мемлекет  басшылығы  алдында  сыртқы  саяси 

қызметті  жүзеге  асыратын  толыққанды  дипломатиялық  қызмет  құрудың  күрделі  міндеті 

тұрды. Кеңестік дәуірде Қазақ КСР-інде Сыртқы істер министрлігі болғанымен бұл саяси 

ведомство  қызметкерлерінің  саны  аз  және  оның  өкілеттігі  мен  функциялары  шектеулі 

болатын.  Қазақ  КСР  Сыртқы  істер  министрлігі  дипломатиядан  алыс  қызметпен 

шұғылданатын.  Халықаралық  қатынастар  саласының  білгір  мамандары  саусақпен 

санарлықтай  ғана  еді.  Қазақстанның  дербес  сыртқы  саясат  жүргізуді  айқындайтын 

тұжырымдамасы да, шетелдерде дипломатиялық мекемелері де болған жоқ. Сыртқы саяси 

қызметтегі дәстүріміз тым жұтаң болды. Тәуелсіздіктің алғашқы айларында Қазақстанды 

санаулы  мемлекеттер  ғана  таныды.  Әлем  мемлекеттерінің  бірқатары  Қазақстанды  КСРО 

шеңберінен  жаңа  шыққан,  болашақтағы  дамуының  бағыт-бағдары  белгісіз,  қуатты 

ядролық қаруы бар, алдағы уақытта мемлекет болып қалу-қалмауы белгісіз мұсылман елі 

ретінде 


қабылдады. 

Сондықтан 

республиканың 

сыртқы 


саясатын 

тездетіп 

қалыптастырмайтын  болса  халықаралық  деңгейдегі  мүдделерімізге  орасан  нұқсан  келуі 

мүмкіндігі белгілі болды. Жаңа еңсе көтерген еліміздің сын сағаттағы сыртқы саяси ахуа-

лын  Президент  Н.Ә.  Назарбаев:  «Тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары  бәрі  де  оңай 

көрінетін.  Әсіресе  сыртқы  саясатымыздың  келешегі  еш  күмән  туғызбайтын.  Егемен-

дігімізді  жарияласақ  болды,  күллі  әлем  есігін  алдымыздан  айқара  ашып  салады  деп 

ойлайтынбыз. Бүгін көзіміз жетіп отыр: бәрі өздігінен бола салмайды екен; жеңіл ештеңе 

жоқ  екен»,-  деп  еске  алады.  Тәуелсіз  елдің  сыртқы  саяси  ведомствосын  қайта  құру  Пре-


зидент Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүргізілді. Осы жолда «Дипломатиялық 

қатынастар туралы Вена конвенциясы», халықаралық құқық, Қазақстан Республикасының 

заңдары  т.б.  құжаттар  зерттеліп  сараланды.  Қысқа  мерзімде  сыртқы  саясат 

ведомствосының  заңнамалық  құжаттары  жасалды.  1992  жылы  2  шілдеде  «Қазақстан 

Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігі  туралы»,  «Қазақстан  Республикасы  елшілігі 

туралы», «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті уәкілінің негізгі міндеттері 

мен  құқықтары  туралы»  Президенттің  Жарлығы  шықты.  Осы  құжаттарға  сәйкес  1992 

жылы  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігі  Коллегиясы  туралы  Ереже 

қабылданды. Министрлікте басшылық қызметкерлерден және тәжірибелі дипломаттардан 

кеңесші  рөл  атқаратын  17  адамнан  тұратын  Коллегия  құрылады.  Тәуелсіз  Қазақстанның 

тұңғыш  Сыртқы  істер  министрі  болу  құрметі  Төлеутай  Сүлейменовке  бұйырды.  Осы 

уақыттың  қарсаңында  сыртқы  саяси  ведомствоның  құрамы  небәрі  17  адам  болатын. 

Министрлік  басшылығы  алдымен  Қазақстанның  сыртқы  саясатының  басым  бағыттары 

туралы  Тұжырымдама  жасады.  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясатының 

тұжырымдамасын  әзірлеуде  Мемлекеттік  хатшы  Әбіш  Кекілбаев,  Қауіпсіздік  кеңесінің 

хатшысы  Марат  Тәжин,  Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық  келісім  министрі  Алтынбек 

Сәрсенбаев  елеулі  көмек  көрсетеді.  Осы  құжат  министрліктің  1992-1993  жылдардағы 

қызметінің  негізіне  алынды.  Сыртқы  істер  министрлігі  Парламенттің  тиісті 

комитеттерінің  басшылары  Жабайхан  Әбділдинмен  және  Шәріп  Омаровпен  өзара  тығыз 

іс-қимыл жасап жұмыс істеді. Осы бірлескен жұмыстың маңызды бір нәтижесі Қазақстан 

тарихында  тұңғыш  рет  «Қазақстан  Республикасының  дипломатиялық  қызметі  туралы» 

Заңының  қабыл-дануы  болды.  Сыртқы  істер  министрлігі  құрылымдық  жағынан  орталық 

аппарат  және  шетелдік  өкілдіктер  болып  бөлінді.  Құрылымға  сәйкес  министрдің  тиісті 

орынбасарлары жетекшілік ететін департаменттер мен басқармалар, ерекше тапсырмалар 

жөніндегі  елшілер  тобы  құрылды.  Бұл  бөлімшелер  министрлік  қызметінің  белгілі  бір 

бағыттары үшін, соның ішінде ТМДшеңберіндегі өзара іс-қимылдар, шет мемлекеттермен 

екі жақты ынтымақтастық, жалпы еуропалық ынтымақтастық, көп жақты ынтымақтастық, 

халықаралық-құқықтық мәселелер, консулдық және хаттамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, 

кадрлар,  қаржылық,  шаруашылық  қызмет  көрсету,  сондай-ақ  шетелдік  дипломатиялық 

корпус, т.б. үшін жауап беретін болды. 1992 жылдың алғашқы айлары Қазақстанның жас 

дипломатиясының  басшылық  буынының  жасақталуы  сияқты  оқиғамен  байланысты 

болды.  С.  Құрманғожин  министрдің  бірінші  орынбасары  болып  тағайындалды. 

Министрдің  орынбасарлары  С.Батыршаұлы  Таяу  және  Орта  Шығыс  басқармасына  және 

халықаралық-экономикалық байланыстар жұмысын үйлестіру, Қ. Тоқаев Азия басқармасы 

және  баспа,  ақпарат,  халықаралық  ұйымдармен  байланыс  жұмыстарын  үйлестірумен 

айналысты.  Министрліктегі  Америка  және  Еуропа  басқармасына  В.Х.  Ғизатов,  Азия 

басқармасына  Х.Р.  Омаров,  Таяу  және  Орта  Шығыс  басқармасына  Н.Ж.  Дәненов, 

ТМДбасқармасына  И.М.  Аманғалиев  жетекшілік  етті.  Б.К  Нұрғалиев,  Б.Ш.  Тұрарбеков, 

А.Е.  Қожақов,  А.О.  Шәкіров  министрдің  бұйрықтарымен  тиісті  бөлімшелердің 

басшылары етіп тағайындалды. Сыртқы істер министрлігі Президент Әкімшілігімен, Үкі-

мет Аппаратымен, Парламент комитеттерімен, сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси бағытын 

іске  асыруға  қатысы  бар  министрліктермен  және  ведомстволармен  өзара  іскерлік  бай-

ланыстарды  жолға  қоюға  күш  салды.  Сыртқы  саяси  ведомствоның  жұмысын 

ұйымдастыруда  сол  жылдары  Президент  Әкімшілігінің  басшысы  болған  Н.  Әбіқаев, 

Мемлекеттік  кеңесші  Төлеген  Жүкеев,  Президент  Әкімшілігінің  халықаралық  бөлімінің 

меңгерушісі Ғани Қасымов және оның орынбасары Әркен Ахметов, Үкімет Аппаратының 

Сыртқы  байланыстар  бөлімінің  меңгерушісі  Сержан  Қанапиянов  үлкен  көмек  көрсеті. 

1992  жылғы  Үкіметтің  қаулысына  сәйкес  министрліктің  орталық  аппаратына  кезең-

кезеңмен 476 қызметкер қабылдау көзделді. Мәселен, 1992 жылы 190 адам, ал 1993 жылы-

197.  Министрдің  5  орынбасары  болатын  болды.  Қызметтік  оклад,  дипломатиялық 

дәрежелер үшін  қосымша  ақы  төлеу  көзделді.  Сыртқы  саясатты жүзеге  асыратын  негізгі 

тұлға  дипломаттар  болғандықтан  бұл  кезеңде  республиканың  кәсіби  дипломатиясын 



жасақтау мәселесі өткір қойылды. Сыртқы саясат ведомствосын халықаралық қатынастар 

саласының  мамандарымен  жедел  түрде  қамтамасыз  ету,  жұмыстың  тиісті  учаскесіне 

басшылар  іріктеу  қажеттігі  туындады.  Ең  қиыны  ол  кезде  Қазақстанда  дипломаттар  да-

ярлайтын бірде-бір мамандандырылған оқу орнының жоқтығы еді. Тәуелсіз елдің Тұңғыш 

Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  КСРО  Сыртқы  істер  министрлігінің  орталық  аппаратында, 

шетелдік  миссияларында  жұмыс  істеген  қазақстандық  дипломаттарды  және  бұрынғы 

Қазақ  КСР  Сыртқы  істер  министрлігі  қызметкерлерінің  күш-жігерін  біріктіру  туралы 

шешім  қабылдайды.  Қажет  болғанда  жұмыс  тәжірибесі  мол  бұрынғы  партия-кеңес 

қызметкерлерін осы салаға тарту да көзделді. Соның нәтижесінде Қазақстанға сырттан 12 

тәжірибелі  дипломаттар  оралды.  Олардың  қатарында  С.  Құрманғожин,  Қ.  Тоқаев,  С.  Ба-

тыршаұлы,  В.Х.  Ғизатов,  Х.Р.  Омаров,  Н.Ж.  Даненов,  И.М.  Аманғалиев  сияқты  кәсіби 

дипломаттар  еліне  қызмет  етуге  келді.  Министрлік  бос  қызмет  орындарын  уақытша 

толтыру  үшін  елімізде  осы  салада  жұмыс  істеуге  жарайтын  білімі  мен  қабілеті  бар 

Қазақстан  азаматтары  үшін  республикалық  конкурс  жариялайды.  Сыртқы  істер 

министрлігіне  кадрлар  қабылдау  үшін  тәжірибелі  дипломат,  Сыртқы  істер  министрінің 

бірінші  орынбасары  С.  Құрманғожин  жетекшілік  еткен  қабылдау  комиссиясы  құрылып 

жұмыс  жасады.  Жедел  түрде  кадрлық  және  тіл  комиссия  лары  құрылды,  олардың 

құрамына  кеңестік  дипломатияның  тамаша  мектебінен  өткен  тәжірибелі  қызметкерлер 

кірді. Тәжірибелі дипломаттар министрліктің орталық аппаратындағы бос қызмет орнына 

үміткер  әрбір  кандидатпен  іс  жүзінде  күн  сайын  жеке-жеке  әңгіме  өткізіп  отырды. 

Үміткерлердің  жеке  істерін  мұқият,  ерекше  талаппен  қарап,  тілдік  және  кәсіптік 

даярлығын, зиялылық деңгейін тексерді. Үміткерлерге жоғары білімі туралы дипломының 

болуы,  бір  шет  тілін  білуі  және  жұмыс  өтілінің  болуы  сияқты  талаптар  қойылды. 

Әңгімелесу  бір  шет,  қазақ  және  орыс  тілдерінде  өткізілді.  Үміткерлер  қатарында  ғылым 

докторлары  мен  кандидаттары,  жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары  және  ғылыми 

қызметкерлер  болды.  Жарты  жылда  министрлікке  187  адам  жұмысқа  қабылданды. 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  екі  жылында  шетелдерде  Қазақстанның  17  елшілігі  ашылды. 

Кәсіби дипломаттардың тапшылығынан шет елдерге елшілік қызметке түрлі қызметтерде 

әбден ысылған, көпшілікке белгілі мемлекет, партия және қоғам қайраткерлері, ғалымдар 

жіберілді.  Мәдениет  министрі  Қанат  Саудабаев  Түркияға,  Экономика  министрі  Тілеухан 

Қабдірахманов  Францияға,  Талдықорған  облысының  әкімі  Сағымбай  Тұрсынов 

Германияға,  ақын  Мұхтар  Шаханов  Қырғызстанға,  мемлекет  қайреткері  Мырзатай 

Жолдасбеков  Иранға,  ғалым  Мұрат  Әуезов  Қытайға,  өндіріс  саласының  маманы  Әкім 

Жаңбыршин  АҚШ-қа,  бұрынғы  кеңес  қызметкері  Ю.А.  Клочков  Украинаға,  Сайлау 

Батыршаұлы  Өзбекстанға,  Ибрагим  Аманғалиев  Әзірбайжанға,  бұрынғы  партия 

қызметкері  В.  Б.  Темірбаев  Ресей  Федерациясына,  Болатхан  Тайжан  Египетке,  өндіріс 

маманы,  әрі  ғалым  Әуесхан  Қырбасов  Бельгияға,  Сәлім  Құрманғожин  Венгрияға,  ғалым 

Мұхамеджан  Исаев  Үндістанға  елшілер  етіп  жіберілді.  Бұл  тәуелсіз  Қазақстанның 

алғашқы  елшілерінің  қатарында  С.Батыршаұлы,  Б.  Тайжан,  С.  Құрманғожин  және  И. 

Аманғалиев  қана  арнайы  дипломатиялық  білімі  мен  тәжірибесі  бар  кәсіби  мамандар 

болды.  Белгілі  дипломат  Қ.  Тоқаевтың  пікірінше  қазақстандық  дипломатияға  қатысты 

саяси  тағайындаулар  негізінен  елдің  сыртқы  саясатының  қалыптасуы  мен  дамуының 

бірінші  кезеңіне  сәйкес  келді.  Мұндай  саяси  тағайындаулар  негізінен  елдің  сыртқы 

саясатының қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңіне сәйкес келді және өзін ақтады. 

Президент  бұрын  Қазақ  КСРСыртқы  істер  министрі  қызметін  атқарған  А.Х. 

Арыстанбекованы  1991  жылы  20-шы  желтоқсанда  Нью-Йоркке  Қазақстанды  БҰҰ-на  қа-

былдау мәселесімен айналысу үшін жібереді. Елбасы «Біз үшін БҰҰ-мен байланыс орнату 

ауадай  қажет»,-деп  тапсырады.  А.  Арыстанбекова  КСРО  тарамай  тұрғанда  БҰҰ 

жанындағы  КСРО  Тұрақты  Өкілдігінің  аға  кеңесшісі  және  Қазақ  КСР-нің  өкілі  ретінде 

тағайындалды.  Елбасы  А.  Арыстанбекованың  тағайындалағанын  егемен  Қазақстанның 

сыртқы  саяси  байланыстарды  дербес  жүргізе  бастағанының  мысалы  ретінде  келтірді. 

Таңдаудың А.Х. Арыстанбековаға түскен себебі, ол екі жылдай сыртқы істер министрлігін 



басқарған және 1990 жылы қыркүйек-қараша айларында БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші 

сессиясында жұмыс істеп тәжірибе жинақтаған болатын. Ол БҰҰ-ның қызметкерлерімен 

жақсы  таныс  болатын.  Ақмарал  Арыстанбекова  мемлекет  басшысы  тапсырған  жауапты 

тапсырманы абыроймен орындап шықты. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы 

БҰҰ-ның  168  –ші  мүшесі  болып  қабылданды.  Республикамыз  үшін  бұл  тарихи  күн  са-

налады.  Әлем  мемлекеттері  Қазақ  мемлекетін  ресми  түрде  таныды.  Қазақстанның  туы 

алғаш  рет  БҰҰ-ның  алдында  желбіреді.  Қазақстан  Республикасы  БҰҰ-на  кіруі  туралы 

ресми  шешім  қабылданғаннан  кейін  екі  ай  өткен  соң  Президент  Нью-Йорк  қаласында 

Қазақстан  Республикасының  Тұрақты  өкілдігін  ашу  туралы  шешім  қабылдады.  Ақмарал 

Арыстанбекова  1992  жылы  15  сәуірде  Қазақстан  Републикасының  БҰҰ-дағы  Тұрақты 

өкілі  болып  тағайындалды  және  ол  тәуелсіз  Қазақстанның  шет  елдегі  тұңғыш  елшісі 

болды.  БҰҰ-ға  мүше  бола  отырып  Қазақстан  барлық  халықаралық  істерге  толыққанды 

араласу  құқығына  ие  болады.  Қазақстан  Республикасының  БҰҰ-дағы  Тұрақты  өкілдігі 

алғашқы  жылдары  5-ақ  адамнан  құралды.  А.  Арыстанбекованың  деректеріне  қарағанда 

шағын  топ  осы  халықаралық  ұйымның  қарарларының  талқылауларына  қалмай  қатысып, 

пікірін білдіріп солардың бәрінің дауыс беруіне қатысқан БҰҰ-на мүше 20-25 мемлекеттің 

қатарында  тұрған.  ТМДелдерінен  бұл  құрметті  тізімде  Ресей  мен  Қазақстан  ғана  болды. 

Тұрақты өкілдік басшысы 1990 жылдардың ортасына дейін БҰҰ-да талқыланған ең өзекті 

мәселелер  бойынша  орташа  есеппен  сессия  сайын  25  рет  сөз  сөйлейтін.  Осылай  қазақ 

дипломаттары  өз  елін  БҰҰ-да  танытып,  беделін  көтеруге  үлестерін  қосады.  Өкілдіктің 

қалыптасып  белсенді  жұмыс  істеуіне  БҰҰ-ғы  алғашқы  қазақстандық  дипломаттар-М.Х. 

Сыздықов,  Е.Ә.  Ыдырысов,  М.А.  Смағұлов  елеулі  үлес  қосады.  4,125  Б.].  1992  жылы 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шы 

сессиясына қатысып Азиядағы өзара ықпал және сенім шаралары жөніндегі Кеңес шақыру 

инициативасын  ұсынып,  ол  БҰҰ-ның  көптеген  мүше  мемлекеттері  тарапынан  қолдау 

тапты.  Бұл  ұйым  кейін  Қазақстанның  бастамасымен  Алматыда  құрылды.  Сөйтіп  біздің 

еліміз  Орталық  Азия  аймағында  халықаралық  қауіпсіздік  пен  аймақтық  тұрақтылықты 

ұстап тұруға өзінің нақты қосқан үлесімен танылды. Бұл ұйым қазір аймақтаға ең беделді 

халықаралық  ұйым  ретінде  белгілі.  Бастапқы  кезде  Қазақстан  Республикасының 

халықаралық  ұйымдар  мен  басқа  елдердегі  мүдделерін  Ресейдің  дипломатиялық 

өкілдіктері  арқылы  қорғады.  Сыртқы  істер  министрлігінің  территориялық  бөлімдердің 

қызметкерлері  жекелеген  елдермен  қатынасты  назарда  ұстау,  министрлік  басшылығына 

жекелеген  елдермен  қарым  –  қатынас  жасау  туралы  ұсыныстар  әзірлеу  және  аймақтық 

проблемаларды  зерттеу  мәселелерімен  шұғылданды.  Сонымен  қатар,  жекелеген  елдер 

туралы мәліметтер жинау, анықтамалық материалдар әзірлеу, шетелдегі елшіліктерімізбен 

тұрақты байланыста болу, Қазақстанда тіркелген шетел дипломаттарымен байланыс жасау 

мәселелерімен  айналысты.  Қабілетті  жас  дипломаттар  шетелдердегі  дипломатиялық  ака-

демияларға  және  жоғары  оқу  орындарына  оқуға,  білімдерін  жетілдіруге  жіберілді.  Вена 

дипломатиялық академиясында -2, ГФРДипломатиялық академиясының Берлин бөлімінде 

-3,  Ресей  дипломатиялық  академиясында    3  қызметкер  дайындықтан  өтті.  Кейіннен 

бірқатары  Үндістан,  Пәкістан,  Голландия  және  басқа  елдердің  дипломаттар  даярлайтын 

оқу  орындарында  қысқа  мерзімді  дайындықтан  өтті.  КСРО-ның  ыдырауы  салдарынан 

барлық экономикалық байланыстарымыз үзіліп, ауыр экономикалық дағарысқа тап болған 

Қазақстанға  шетел  инвестициясын  тарту  үшін,  ең  алдымен,  екі  жақты  дипломатиялық 

қатынас  орнату  қажеттігі  көрінді.  Қазақстанмен  ықпалдастыққа  ынталы  мемлекеттермен 

қарым-қатынастың құқықтық негізін жасау керек болды. Мемлекет басшылары қол қойған 

халықаралық қатынастарымыздың негізі жайындағы келісім-шарт, инвестицияны қорғау, 

оларға  екі  бірдей  салық  салмау,  саудада  қолайлы  жағдай  туғызу  т.б.  хақында 

үкіметаралық  шарттарға  отыру,  та-ғы  сондай  құжаттар  алмасу  керек  болды.  Алғашқы 

жылдары  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігінің  шет  елдерде 

мекемелерінің  жоқтығын  ескере  отырып,  әлемдік  аренада  тәуелсіз  Қазақстанның  толық 

ауқымдағы таныстырылу рәсімі Президенттің және үкімет делегацияларының шет елдерге 



ресми сапарларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды. Тәуелсіздіктің тек алғашқы екі 

жылында ғана Қазақстан Президенті әлемнің 19 еліне ресми сапар жасады, халықаралық 

11 басқосуға қатысты. Осы қатарда әлемнің жетекші елдеріне-Австрияға, Ұлыбританияға, 

АҚШ-қа,  ГФР-ге,  Францияға,  Жапонияға,  сондай-ақ  Үндістанға,  Пәкістанға,  Қытайға 

және басқа елдерге спармен бару стратегиялық әріптестікті орнату тұрғысынан неғұрлым 

маңызды  оқиғалар  болды.  Сонымен  1991-1992  жылдары  Қазақстан  дипломатиясы  өзінің 

қалыптасуының  алғашқы  кезеңін  бастан  өткізді.  Елбасының  тікелей  араласуымен  және 

қадағалауымен Сыртқы істер министрлігін қалыптастырудың құқықтық, әлеуметтік-саяси 

және ұймдастыру-кадр мәселелері оң шешімін тапты.  

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет