1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері Мақсаты


-дәріс. Модульдік оқыту технологиясы



бет13/22
Дата05.09.2023
өлшемі120,5 Kb.
#106101
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
1-15 лекциялар пед.техн

9-дәріс. Модульдік оқыту технологиясы
9-дәріс. Модульдік оқыту технологиясы


Жоспары

1. Модульдік оқыту технологиясының мақсаты мен ерекшеліктері.


2.Модульдік оқыту технологиясын пайдалану жолдары


Модульдік технологиясы оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үдерісіне еніп, қолданыла бастады. Білім алушының мүмкіндігіне қарай модульдік оқытуда мәтіннің мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық бірлік деп саналады.
Энциклопедиялық сөздіктерде модуль (лат.) «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді деп көрсетілген. Ғалымдар мен зерттеушілердің (Г.Қ.Нұрғалиева, А.А.Гучинский, Г.С.Кудебаева, Ю.У.Байсалов, Ю.К.Балашов, Н.Д.Никандров, т.б.) пікірлерін, анықтамаларын сараптай келе, модульдің өзіндік ерекшелігін төмендегідей түйіндеуімізге болады. Атап айтқанда, модуль арқылы білім алушылардың өздік ізденісіне жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша ойланады, қосымша материалды пайдаланады, тұжырым, қорытынды жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып, оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп, дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі.
Мысалы:

Дәстүрлі оқыту

Модульдік оқыту

  1. Оқытудың мақсаты айқын емес.

  2. Оқыту нәтижесі ең соңында белгілі болады.




  1. Оқу мәтіндерін жалпылама барлығы толық беріледі.

  2. Мұғалім негізгі тұлға, өз пікірін жоғары қояды.

  3. Оқушының қызығушылығы төмен, көп белсенділік танытпайды.

  4. Мәтінді түсіндіру бір сарында өтеді. Оқушы кейде жалығып, тындамайды, өзіндік ізденіске түспейді.

  5. Олардың білімі сабақта ғана тексеріледі.

  1. Мақсат нақты , айқын.

  2. Нәтиже белгілі болғандықтан, оқушылар соған жетуге тырысады.

  3. Мәтіндер бөлікке, модульге бөлініп көрсетіледі.

  4. Мұғалім – бағыт беруші студент пікірін үнемі ескереді.

  5. Оқушы өз пікірін білдіруге қорғауға, дәлелдеуге белсенді.

  6. Әр оқушы материалды өз мүмкіндігіне сай меңгереді. Қызығушылық танытып, тұжырымдар, қорытынды пікір айтуға дайын болады.

  7. Оқушы білімі әр модульден кейін тексеріліп отырады.

Модульдік оқыту берілетін білімнің оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктеріне, іскерліктеріне, жұмыс істеу қабілетіне, белсенділігі мен пәнге қызығушылығына бағыттауға, оқыту жүйесін оқушының жеке басының игеру қабілетімен үндестіру мәселесін іске асыруға мүмкінік туғызады. Ең бастысы мұнда пәнді мазмұнға қарай модульге бөлу, оның мақсатын нақтылау және модульдің тексерілуі, жүйелілігі, тиімділігі, нәтиженің айқындығы, оқушының шығармашылықпен ойлауға қалыптастындығы байқалады. Модульдік оқытуды саралап, оның осындай өзіндік ерекшеліктерін көрсетуде ғалым-зерттеушілердің пікір, тұжырымдары бір арнаға тоғысады.


Модуль оқу материалының мазмұнын сапалы, көрнекі түрде меңгеруге ықпалын тигізеді. Жазушы шығармаларын модульге бөліп оқытуда жалпы дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады, мәселен, жүйелілік, әр модуль бірін-бірі толықтырып, төмендегідей жалғасып отырады:
– әр модульде интерактивті тапсырмалар мәтінге сай ұсынылады;
– мәтінді есте берік сақтау мақсатында теориялық материалдарға қайталау сұрақтары, әдеби жаттығулар беріледі;

  • танымдық мотивациясын белсендіру, өздік жұмыстары, реферат, тест, эссе, шығарма т.б. жұмыстарды орындату көзделеді;

  • әр модульдің мазмұн жағынан дербестігі, белгілі бір уақытқа негізделетіні ескеріледі.

  • әр модуль инновациялық, жаңа технологиямен оқытуға байланысты үнемі толықтырылып, оларды өзгертіп отырудың оңтайлы болу жағы қарастырылады.

Модульдің мазмұны оқу үрдісінде төмендегідей бірнеше блогқа жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет