Бүгінгі жаңашыл педагогтар білім сапасының мәнін айқындауда іс жүзінде білім сапасы шартты түрде қарастырылмайды, тек оны жүйеде ғана, қандай да бір қиын деңгейдегі тапсырманы орындауда ғана ескеру керек деген тұжырымдар ұсынуда. Олар білімнің сипаты деңгейлер бойынша алынған ақпаратты меңгеру және қолдана алу заңдылықтарына, ойлау үрдісі заңдылықтарына жауап беретін сөз етеді. Оқушылардың білім сапасын үйрену мен бағалау репродуктивті, конструктивті, шығармашылық деңгейлер арқылы іске асады.
Репродуктивті білім деңгейі – бұл айғақтар, құбылыстар, оқиғалар және ережелер туралы білімнен тұрады да, ойлау үрдісі репродуктивті сипатта болады.
Конструктивті білім деңгейі – бірінші деңгейдегі білімдерді қайтадан ой елегінен өткізу арқылы алынған білімдер. Әдіскерлер бұл деңгейге оқытудың эвристикалық әдістерімен қол жеткізуге деп санайды.
Шығармашылық білім деңгейі – оқушылардың өз бетімен іздену іс-әрекетінде пайда болатын білімдер, біліктіліктер мен дағдылар. Шығармашылық деңгейдегі білімдерге оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін оятатын эвристикалық және зерттеу әдістері арқылы қол жеткізуге болады. Бұл деңгейде оқушылар жұмыстың тақырыбы мен міндеттерін айқындайды, болжамын және іздену жоспарын дайындайды, іздену және зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясы қиын материалды әр сабақта үзік-үзік түрде беру арқылы меңгертуді мақсат етеді. Бір оқушы берілген тапсырманы қалай орындайтынын дауыстап айтып отырып жасайды. Қалғандары да осы тапсырманы тыңдап отырып, орындайды Тапсырманы бұлай орындату нашар оқитын оқушыға қиындық тудырмайды деп есептеледі
5 дәріс. Оқыту үдерісіндегі когнитивті технология: оқыту үдерісінде жобалауды қолдану Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады.
-қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесеін қиыншылықтар арасындағы;
-қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;
-ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;
-мұғалімнің әлеуметтік ролі және қоғамдық ақпараттық –коммуникациялық қызметарасындағы;
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі-педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субьектісі болатын,үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәір өзгертетін , педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.
Педагогикалық үрдістің негізгі мәні , мұндай жағдайда , ұлғаның дамуы мен өзін -өзі дамытуы ретінде қалыптасады , олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады. Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізігі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары;
Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
-білімділік-бағдарлық әдістен бас тарып , дамытушы тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;
- пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге , шоғырлануға көшу.
Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау ( Ойлаудың ,есте сақтаудың , назар аударудың негізгі типтері бойынша).
Мұғалімнің озық игілік дайындығы:
Оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі. Қоғамдық - тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік –қызметі – білімді жинақтауда емес , бар білімді қайта қалыптастыруда.
Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде және сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті.
Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтевтің, П.Я.Гальпериннің, Ф.Н. Тлызинаның және т.б.зерттеулері дәлелдейді. Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу- әдістемелік механизмін ұсынады.Бұл бағыттағы инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет. Сондықтан , әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.
«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің нтеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі»,- деп көрсетеді С.В.Селевко.
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды.Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім.Ал, техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі.Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да егізі деп білуіміз керек. Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама –қайшы , ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Шынында, бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі обьективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Ю.Н.Кулюткин кәсіпкер ұстаздың «мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің» ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек , абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер « іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе , жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.
Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар , әдістер , технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып , ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту ( кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) деңгейінде ғана қалады .Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды «Білімділігіне» және «Түсініктілігіне» шоғырланады, ал талдау – жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына , мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатыны көрсетіледі.
Педагогтың кәсіби даярлығындағы технологиялық принцип болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат , мазмұн оқыту әдістерінің бірлігі болып табылады.
Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: Егер Л.В.Занков әдістемесі Л.С.Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің принципін содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту , оқу материалының теориялық күделілігінің жоғары деңгейі , оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.
С.Л.Рубинштейіннің , А.Н Леонтевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.
Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:
-ғылыми;
- процессуалды - сипаттамалығы;
-процессуалды -әрекеттік.
Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жлдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмететеді,принциптер мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.
Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады.Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді.
Философиялық тұрғыда білім беру мазмұнында , пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология белгілі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:
Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика психология және әлеуметтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе , халықтық педагогика отандық және шетел педагогикасының озық идеялар болып табылады.