20
шығармасында “Күнді мейірімділікпен сәйкестендіруге болады, ол
жұлдыз өз орнында
тұрады, ал басқалары оны айналып жүреді. Егер халықты заң жүзінде басқарса және тәртіпті
жазалау арқылы ұстаса, халық айыптан бас тартуға тырысып, ұятты сезбейді. Ал
егер
халықты мейірімділікпен басқарып, тәртіпті рәсім арқылы қолдап тұрса,
онда халық ұят
дегенді біледі және олар түзеледі” – дейді Конфуций.
Оның ойынша, заң алдындағы барлық қол астындағылардың тепе-тендік принципі жеке
адамға күш көрсету болып табылып, мемлекет басқаруының негізін бұзады.
Ресей ғалымдары Н.С.Самощенко, В.В.Тищенко өз зерттеулерінде «құқықтық тәрбиені»
тұлғаның құқықтық санасын жоспарлы, жүйелі қалыптастыру үдерісі деп түсіндіре отырып,
индивидтің құқықтық санасына әсер ететін факторлар ретінде әлеуметтік-экономикалық
құрылыс пен әлеуметтік ортаны және оның ұйымдастырушылық-саяси ерекшеліктерін бөліп
көрсетеді.
Отандық ғалым Т.Ғабитов құқықты мәдени-әлеуметтік реттеу жолдарын: 1) «мораль
мен құқық - барлық адамдардың бірдей қолдана алатын ережелер қатынасы»; 2) «әдеп пен
құқық - азамат пен мемлекет мүдделерінің үйлесімді ету құралы»; 3) «құқық – адамның іс-
әрекетін реттеуші құрал»; 4) «құқық - мәдени-әлеуметтік алғышарттар» деген түрлерге бөліп
көрсеткен. Егер зерттеуімізге тірек етіп алынған ұғым «құқықтық тәрбиені»
Ресейлік
зерттеуші А.Бойков «құқықтық тәрбие - құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған
мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың және тұлғаның өзінің мақсатты
ұйымдастырылған жұмысы», - деп айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: