1
«Психологиялық - педагогикалық
кеңес беру» пәні бойынша дәрістер жинағы
1
дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі
Жоспары:
1.
Білім беру аймағындағы педагог-психологтың қызметіне жалпы сипаттама
2.
Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары негізінде әлеуметтік психологиялық
кеңес беру
1.
Білім беру аймағындағы педагог-психологтың қызметіне жалпы сипаттама
Еліміздегі жоғары оқу орнындағы студенттердің білім сапасын
арттыру қазіргі кезеңнің
өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселе жөнінде елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа
жолдауында «Еліміздің оқу-білім сапасын арттырмайынша біз ауқымды экономика құра
алмаймыз» деген болатын.
Жаңа формацияда білім беру саласының барлық үдерісінде, студенттердің кәсіби
дайындықтарын дамытумен қатар студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеру,
олардың
қабілеттеріне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.
Осы тұста оқытудың теориялық және практикалық негізінде студенттерге әлеуметтік-
психолгиялық кеңес беру қажеттілігі туындауда.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне
педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде мептептерде
әлеуметтік-педагог, педагог-психолог мамандары қызмет жасай бастады.
Бұл мамандардың алдында болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті
құратын жас ұрпақтың ең әуелі имандылық,
адамгершілік қасиеттерін, рухани байлығын,
жан-дүниесін, білім сапасын, тән сұлулығын арттыруда оқушылармен педагогикалық-
психологиялық қызмет атқару міндеттері тұрады.
Педагог-психолог мамандар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін
келеңсіз үдерістермен күрес жүргізе алатын – күрескер де бола білуі қажет.
Мектеп педагог-психологы жалпы, орта және кәсіптік
білім беретін мектептердің
жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелік
психологиясы туралы арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және
психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды,
педагогиканың, дидактиканың
сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін
білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп
құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті. Демек, олардың жеке басының
әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым
болуы қажет.
Өйткені, «Педагогика және психология» мамандығын аяқтаған маман иелері оқытушылық
қызметті педагогикалық
колледждерде ғана атқара алады, ал негізінен олар білім беру
саласын қамтамасыз ететін мамандар. Сондықтан да олар ұйымдастырушылық-
басқарушылық қызметті атқарулары тиіс.
Олай болса, педагог-психолог маманның қызметі төмендегі 1-ші сызбада топтастырылды,
жеке басының ерекшеліктері 2-ші сызбада қарасырылған.
2
МЕКТЕПТЕГІ
МЕКТЕПТЕГІ
ПЕДАГОГ
ПЕДАГОГ
-
-
ПСИХОЛОГТЫҢ
ПСИХОЛОГТЫҢ
ҚЫЗМЕТІ
ҚЫЗМЕТІ
ПРОФИЛАКТИКАЛЫ
Қ
Ж
Ұ
МЫС
ТОППЕН СЫНЫППЕН
Ж
Ұ
МЫС
ДИСПЕТЧЕРЛІК Ж
Ұ
МЫС
ПСИХОЛОГИЯЛЫ
Қ
КЕ
Ң
ЕС
БЕРУ
Қ
ЫЗМЕТІ
МАМАНДЫ
Қ
ТАНДЫРУ
Ж
Ұ
МЫСЫ
ЖЕКЕ-ДАРА
О
Қ
УШЫЛАРМЕН
Ж
Ұ
МЫС
М
ҰҒ
АЛІМДЕР
Ұ
ЖЫМЫМЕН
Ж
Ұ
МЫС
ДИАГНОСТИКАЛЫ
Қ
Ж
Ұ
МЫС
Қазіргі таңда көптеген мектептерде педагог-психолог маманның қызметіне
әлеуметтік жұмыстарда кіріктірілген. Кейбір мектептерде әсіресе ауылдық жерлерде
педагог-психолог маман көбінесе тәрбиешінің
міндеттерін орындап, түрлі сауықтыру
жұмыстарын атқарады. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет:
ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми
жағы білім берудегі педагогикалық-психологиялық қызмет мәселелерінің
зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазірі
мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай педагогикалық-психологиялық
білімді
қолдану түрлері мен әдістерін дамыту, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің
аймақтық жүйесіндегі жұмыстарына тікелей қатысты және психологиялық түзетулерді
қамтиды.