№1 дәріс: Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым. Қарастырылатын сұрақтар


Шығарма талдаудағы уақыт пен кеңістік мәселесі



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата23.12.2023
өлшемі261,19 Kb.
#143066
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Шығарма талдаудағы уақыт пен кеңістік мәселесі.
Көркемдік
уақыт пен кеңістік - әдебиеттану ғылымындағы мәні терең өзекті
мәселелердің бірі. Болмыстағы құбылыстардың барлығын біз осы
өлшемдер арқылы ғана бағамдай аламыз. Тылсым табиғатта мезгіл
мен мекен заңдылығына бағынбайтын еш нәрсе болмас. Кеңес
заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен
уақытты тарихи уақыттың ғана ішінде қарастырды. Алайда соңғы
жылдары көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесін
зерттеген теориялық еңбектер жарық көруде. Орыс әдебиеттануында
көркемдік кеңістік пен уақыт турасында алғаш сөз қозғаған
ғалымның бірі - М.Бахтин. Ол көркем шығарманың бітіміне лайық
өзара байланысқа түсіп, көркемдік қызмет атқаратын уақыт пен
кеңістіктің бірлігін «хронотоп» деп атайды. Көркем шығармадағы
«хронотоп» немесе «мекеншақ» (Б.Майтанов) ұғымы әлемнің
философиялық-логикалық моделін бейнелеу арқылы өтпелі дәуір
әдеби процесіндегі терең өзгерістерді пайымдауға мүмкіндік береді.
М.Бахтин: «Әдеби көркем шығармадағы хронотоп дегеніміз – уақыт
пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық
бірлікте көрінуі. Мұнда уақыт қоюланып тығыздалады, сығылысады.
Сөйтіп көркемдігімен көзге түсетіндей дәрежеге жетеді: ал кеңістік
болса, шоғырланады, тарихтың, сюжеттің, уақыттың қозғалысына
бағындырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал
кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді. Мінеки
көркем хронотоп қатпарлардың осылай қиысып,белгілердің осылай
қосылып, тұтастануымен сипатталады» - деп анықтама береді.
Аталған уақыт пен кеңістік ұғымдары әдебиет пен өнерге қатысты
үш салаға бөлініп қарастырылады: 1.Реалды (физикалық) уақыт пен
кеңістік; 2.Концептуалдық уақыт пен кеңістік; 3.Перцептуалдық
уақыт пен кеңістік. Уақыт пен кеңістік категорияларының мағынасы,
функциялары, құрылымы Б.М.Бахтин, Д.С.Лихачев, Н.К.Гей,
Г.М.Фридлендер, А.Я.Гуревич т.б. ғалымдарың еңбектерінде
1
ФКазНПУ 0703-03-18(1) Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым


қарастырылады. Осы мәселе З.Қабдолов, З.Ахметов, Ш.Елеукенов,
Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Т.Рахымжанов, А.Ж.Жақсылықов,
Н.Джуанышбеков, А.Темірболат еңбектерінде сөз болады. Реалды
уақыт пен кеңістік бізден тыс объективті түрде болып жатқан
құбылыстарда, олардың алмасу, орын ауыстыру өзгешеліктеріне
қатысты. Адамзаттың ұғымында олар туралы түсініктің болуы да,
болмауы да мүмкін. Концептуалдық уақыт пен кеңістік – табиғат,
аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің заманымызда
жинақталған ұғымдар. Бұл іс жүзінде реалды уақыт пен кеңістіктің
санамыздағы үлгісі болып табылады. Бұған әр халықтың өзінше
қолданатын ай, күн, календарлары, мүшел, жыл санау, жыл қайыру
ерекшеліктерін жатқызуға болады. Перцептуалдық уақыт пен
кеңістік ұғымы адамдардың сезім-түйсіктерінің, психологиялық
суреттерінің өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем
шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке
қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы.
Уақыт пен кеңістіктің біздің санамызда бейнеленген қандай үлгісі
болса да, олардың өзгешеліктері, өлшем-пішіндері реалды уақыт пен
кеңістікке қарап анықталады, барлығы да содан туындайды. Уақыт
пен кеңістік жазушының дүниетанымын, дүниені қабылдауын,
жазушы стилін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, сол арқылы
әлемнің жеке-авторлық суретін құру ерекшелігін, көркем
шығарманың ішкі заңдылықтарын айқындайды, шығарманың
композициялық тірегі болып, көркем образдардың ашылуының ішкі
ұйымдастырушысы болады. Уақыт пен кеңістікті зерттеу көркем
шығарманың тініне бойлап, оның құрылу спецификасын,
жазушының дүние туралы концепциясын айқындауға мүмкіндік
береді. Жазушы өз шығармасында оқиға өтетін белгілі бір кеңістікті
жасайды. Ол кеңістіктің ауқымы кеңейіп, оқиғадан да тыс көп
дүниелерді қамтуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет