А.Байтұрсынұлын, М.Әуезовті атау ләзім. А.Байтұрсынұлының 1913
жылы “Қазақтың бас ақыны” атты мақала жазып, Абайды осылай
жоғары
бағалауы, ақынның қазақ поэзиясы тарихындағы қадірлі
орнын белгілеп беруі болса, “Әдебиет танытқыш” (1926) сөз өнерінің
ерекшеліктерін талдаған алғашқы теориялық еңбек қана емес, онда
әдебиет тарихына қатысты мәліметтер де (әр
кезеңдерде ғұмыр
кешкен ақын, жыраулар шығармашылығы) молынан кездеседі.
М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” (1927) еңбегі атына сай ХІХ
ғасырдағы төл әдебиет тарихын ғылыми жүйелі зерттеудің игі
бастамасы. Сондай-ақ Абай өмірі мен шығармашылығын қарастыру,
зерттеу және ұлы ақын бейнесін өнерде сомдау М.Әуезовтің
ғалымдық, қаламгерлік ғұмырындағы басты тақырып болғаны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: