№1 дәріс: Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым. Қарастырылатын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата23.12.2023
өлшемі261,19 Kb.
#143066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
реализм
ұғымын енгізді.
Реализмнің қиялға, ойдан шығарк мен көркем
жинақтауға арақатынасын белгіледі. Неміс ағартушысы Готхольд
Лессинг «Лаокоон», «Гамбург драматургиясы» еңбектерінде
әдебиетті сарай маңынан ажыратып, қалың бұқарамен
жақындастыруға күш салды. 
Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы – субъективті –
идеалистік эстетика. «Байыптау қабілетіне сын», және «Таза санаға
ФКазНПУ 0703-03-18(1) Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым


сын» еңбектерінде бүкіл дүниені «өзіндік затқа» және «өзіміздік
затқа » бөліп, «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп болмайды дейді.
Әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа » сайып, бұлардың құпия
сырын әшейін долбар (апрори) арқылы ғана аздап жобаламаса, кез
келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. «Сұлулық – жалпы
жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рақатына айналған нәрсе».
Дүниенің түп діңгегі – «абсолюттік идея, абсолюттік рух» деп
білген немістің атақты идеалист-философы Георг Фридрих Гегель
(1770-1831) эстетика мәселелерін де өзі жүйелеген тезис-антитезис-
синтез тұрғысынан байыптады. Ол «Эстетикасында» идея мен
құбылысты, яғни мазмұн мен пішіннің арақатысы жайлы талдаған.
Бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына
символикалық, классикалық, романтикалық сай келеді. Көне шығыс
архитектуралық мұралары, оның пікірінше, «идеал» анық емес,
бұлдыр, ал ежелгі Греция мен Римдегі мүсін өнері көне дүние
өнерінің классикалық түрі болып табылады, мұнда «идеал» анық,
«идея» «құбылысқа», яғни көзбен көріп, қолмен ұстай-тын нақты
затқа айналған. Жаңа замандағы кескіндеу өнері, музыка, әдебиет
өнердің романтикалық түрі болып табылады, мұндағы рухани
«идеал» адамның сыртқы кескіні ғана емес, ішкі мінезіне, жан
дүниесіне – сезіміне, көңіл күйіне айналған, сондықтан философияға
жуықтаған. Гегельдің түсінігінше, өнердің предметі – әдемілік, ал
эстетиканың предметі – өнер. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель
«абсолюттік рухтың» өзіндік дамуындағы , өзін-өзі тануындағы
белгілі бір кезең ғана деп түсінеді, «рух» затты, сондықтан өнердің
идеялық, рухани өрісі тар. Күллі қасиеті мен мағынасы сөзге көшкен
поэзияда киелі «абсолюттік рух» заттылық пен нақтылық
шеңберінен шығып, өзінің ең биік қасиетін табады. Зат сөзге өтеді,
ал сөз –« идеяның» көрініс, кейпі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет