1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял



бет10/52
Дата15.12.2023
өлшемі395,61 Kb.
#138465
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
Әлеуметтану экс

Ақпаратты жинау әдістері

Эксперимент дегеніміз - себеп-салдар теорияларын сынау үшін тәуелсіз айнымалы шаманы зергтеуші басқарып отырып зерттейтін әдіс. Эксперимент - себеп пен салдар туралы гипотезаны сынаудың тамаша тәсілі. Алайда оның үш кемшілігі бар. Біріншіден, адамдарға зиянын тигізетін болса ондай экспериментті жүргізу адамгершілікке жатпайды. Мысалы, студенттерден күн сайын ішімдік ішуді талап етсек олардың үлгерімі нашарлауы мүмкін немесе сол эксперименттің кесірінен маскүнем болып кетуі ықтимал. Екіншіден, эксперимент жасаған кезде субъектілер көбіне басқаша әрекет етеді. Мәселен, әдетте алкогольді ішімдік ішу студенттің үлгерімін төмендетуі мүмкін болса да экспериментке қатысушылар зерттеушілердің өздері туралы дерек жинап жатқанын білетіндіктен жоғары баға алу үшін қосымша дайындалып жүруі мүмкін. Оның үстіне, эксперимент тым жасанды ортада өткізіледі. Сондықтан эксперимент нәтижесін бүкіл қоғамға тән құбылыс деп жалпыландыруға болмайды.

Сауалнама барысында зерттеуші салыстырмалы түрде көп адамға стандартталған сұрақтар қояды. Бұл сүрақтарды: бетпе-бет сұхбаттасу, телефон арқылы, онлайн режимінде немесе қағазға толтыру жолымен қоюға болады. Зерттеушілер көп адамға бірдей сүрақ қойғандықтан мінез-құлықтың немесе үлгінің қаншалықты жиі кезде сетінін (таралу жиілігі), мінез-құлықтың немесе үлгінің уақыт өте қалай өзгергенін (тенденция) және топтар бойынша қалай түрленгенін (дифференциал) анықтай алады. Мәселен, алкогольді ішімдік ішу туралы сауалнама мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: қазіргі кезде АҚШ-тың орталық-батысындағы студенттердің 80 пайызы спиртті ішімдік ішеді (таралуы); соңғы 10 жылда алкогольді пайдаланатындардың үлесі өзгермеген (тенденция); ерлерге қарағанда әйелдер арасында ішімдік ішетіндер көп (дифференциал). Сауалнама - әмбебап әдіс, ол көзқарастарды, мінез-құлықты және құндылықтарды зерттеу үшін қолданылуы мүмкін. Егер тақырып бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік бар деп ойласаңыз, онда проблеманы сауалнама арқылы зерттей аласыз. Сауалнаманы қолданатын ғалымдардың көбі зерттеу жұмыстарына көлденең қима кестесін қолданады: олар белгілі бір уақыттағы адамдардың сынама тобын алып (бұл «көлденең қима» деп те аталады), топтардың тәуелсіз және тәуелді айнымалы шамалары қалай ерекшеленетінін қарастырады. Сондықтан алкогольді қолданудың үлгерімге ықтимал әсерін зерттеу үшін студенттердің сынама тобын аламыз. Сосын оларды ішімдікті қаншалық жиі ішкеніне қарай топтарға бөлеміз. Содан кейін осы топтардың қайсысының жоғары баға алғанын салыстыра аламыз.
Әлеуметтік ақпарат алудын бірден-бір ұғымды тәсіліне құжатты сараптау әдісі жатады. Бұл зерттеу жұмысында кеңінен тараған және жан-жақты колданылады. Демек, ақпаратты сақтау мен жеткізу үшін адамның арнайы жасаған дүниесін әлеуметтануда құжат деп атайды. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтын үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар әлеуметтанушылар үшін аса маңызды.
Әлеуметтану ақпараттарының кайнар көздерінің топтары:
1) ақпараттың техникалык құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар. Жазба құжаттар стенографиялық құжаттар фонетикалық қолжазба, кино, фото дыбыс жазбалары. Баспасөз бейнелеу, сурет ЭВМ дискілер
2) құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторы-на бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес кұжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады;
3) ақпараттың сақталу көзіне орай ол бастапкы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге белінеді.
4) мақсат-міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалым-дардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;
5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалык, кұкықтық, тарихи, техникалык, т.б. болып топтаскан.

Зерттеу әдістерін салыстыру


Әдіс

Артықшылығы

Кемшіліктері


Эксперимент


Себеп пен салдарды зерттеу үшін өте ыңғайлы.


Топтың атынан толық өкіл бола алмайтын, шагын гана адамдар тобына, жасанды ортада жүргізіледі. Эксперименттің көбі адами түрғыдан дұрыс болмауы мүмкін.


Сауалнама


Өте әмбебап: кез келген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді әрі ауқымды, кездейсок таңдалған топтар арасында жүргізуге болады. Таралу жиілігін, трендтерді және дифференциалдарды тексеру үшін қолайлы.


Қоғамның қалауына қарай біржақты болып шығуы мүмкін. Әлеуметтік контекст, процесс немесе мән-мағынаға қараганда, жеке адамдарды зерттеуге қолайлы.


Қатыса отырып бақылау


Мінез-құлық пен көзқарастарды мэндік түрғыдан зерттейді. Адамдар айтқандарын емес, не істейтінін көрсетеді.


Үлкен топтың атынан өкілдік ете алмайтын шагыи топтармен шектеледі. Жалгыз зергтеушінің түсіндіруіне негізделеді.


Контент-анализ


Арзан. Тарихи зерттеулер үшін пайдалы. Зерттеуші деректерге эсер ете алмайды.


Жазылған деректерді талдау үшін ғана пайдалы. Зерттеушілердің түсініктемесіне негізделеді, бірақ бірнеше зерттеуші қорытындыларын салыстыра алады.


Бар статистиканы пайдалану


Арзан. Тарихи зерттеулер үшін пайдалы. Зерттеуші деректерге әсер етпейді.


Қолжетімді деректермен гана шектелген; зерттеу сүрақтары бойынша деректер жинау мүмкін емес







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет